Теңдеу шешу
Сабақтың тақырыбы: Теңдеу шешу
Сабақтың мақсаты: Күрделі теңдеу шешудің жолдарын одан әрі жетілдіру.
1.Белгісіз сандарды табу жолдарын меңгерту.
- Екі таңбалы сандарды қосу және азайтуды ауызша шығаруға төселдіру, білімдерін тереңдету.
- Берілген есептерге кері есеп құрып, шығарып үйрету, жылдам ойлауға, шапшаң қимылдауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау.
Көрнекілігі:Кесте, ойын элементтері
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№3 (Ауызша жауаптар тыңдалады)
- Шаршы дегеніміз не?
- Берілген фигураның ауданын қалай табамыз?
- Тік төртбұрыш туралы не білеміз?
- Теңдеу дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ.Теңдеу шешу.
а) Кестемен жұмыс.
Қандай амал компоненттері белгісіз?
Оларды қалай табуға болады?
Қосылғыш | 15 + 5 | 80-60 | 9+5 | 19+6 | |||
Қосылғыш | 27+3 | 24+6 | 21+9 | ||||
Қосындының мәні | 70 | 72 | 50 | 100 | 34 | 55 | 33 |
Белгісіз қосылғышты қалай табамыз?
Азайғыш | 100 | 50+42 | 47+10 | ||||
Азайтқыш | 9+11 | 24+6 | 17+23 | 25+5 | |||
Айырманың мәні | 50+10 | 70 | 22 | 20 | 17 | 30 | 6 |
Белгісіз азайғышты, азайтқышты қалай табамыз?
ІҮ. Топпен жұмыс.Оқушылардың өз бетімен теңдеу шешу қабілеттерін анықтау.
І топ ІІ топ ІІІ топ
100 – а = 47 Х + 69 = 100 Х- 52 = 60 – 45
Х — (14 + 29) = 12 54 + 6 +у = 77 а + 30 = 15 + 9 + 11
Ү. Ойын: «Парашют қайда қонады?»
Парашюттегі өрнектің мәні бойынша сәйкес өрнекке барып қону.
Мақсаты: Екі таңбалы сандарды ауызша қосу, азайту қабілеттерін байқау.
59 + 18 19 + 59 48 + 38 47 – 19 56 – 18
34 + 57 36 + 48 50 – 18 62 – 38 63 – 49
ҮІ. Оқулықпен жұмыс.
№4 есеп. Мақсаты: Оқушылардың есеп құру және оған кері есеп құрып шығару шеберліктерін анықтау.
а) Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастырып, оны шығару.
Болғаны – 25 ұл және 17 қыз
Кетті – 49 бала
Қалды — ? бала
ә) Берілген есепке кері есептер құрастырып, шығару.
ҮІІ. Шығармашылық жұмыс.Сурет бойынша теңдеу құрып шығару.
Жай теңдеу арқылы күрделі теңдеу құру қабілеттерін байқау.
Х + 30 = 58 30 + х = 20 + 38
ҮІІІ. «Кім шапшаң?» ойыны.
Жасырын сөзді тапқанда, жаңа сөз шығу керек.
Жасырын сөз: «22 наурыз»
Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.
ІХ. Парақшамен жұмыс.
Көктемнің алғашқы гүлдері біздің сыныпта. Гүлдердің артына жазылған тапсырмаларды орындау.
Х. Өздік жұмыс.№5. Оқушылардың ауызша есептеу қабілеттерін анықтау.
ХІ. Шығармашылық жұмыс.Оқушылардың зейінін анықтау
Төрт қорапта белгілі бір түстегі моншақтар жатыр. Олар: қызыл, сары, көк және жасыл. Қораптардың астында дұрыс жазулар берілген. Қораптардың әрқайсысында түсі қандай моншақ жатыр?
Жасыл да , Сары емес қызыл да, көк те, жасыл
сары да емес жасыл да емес да, қызыл да
емес
ХІ. Қорыту.Бүгінгі сабақта не білдік? Теңдеу дегеніміз не болды?
ХІІ. Үйге тапсырма.№6 Тиімді тәсілмен есептеу.
ХІІІ. Бағалау.