Теңге – мемлекет келбеті.

Сабақтың тақырыбы:   Теңге – мемлекет келбеті.

Сабақтың мақсаты :          Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша  белгісі

теңгемен тереңірек таныстыра  отырып,

сөздердің  мағынасын, қолдану аясын жете

білуменен байланысты, оқушылардың

мүмкіндігін дамыту.

Туған жеріне, Отанына сүйіспеншілігін  ояту.

 

Сабақтың көрнекілігі:     Жұмбақтылық тест, алғашқы теңгелердің

үлгілері, мәтін « Теңге – мемлекет келбеті »,

жаңа сөздер,  бесжолды өлеңнің ережесі,

«Сиқырлы сандықша» (сұрақтарымен). Слайд

шоу

Сабақтың түрі:                ой  қозғау, іздену, мәселені шешу.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту.                                                                                                                                                                                                                                                  Сабақтың тақырыбын анықтау: көрнекілік арқылы болжау.

Жұмбақтылық тест.

Ұлы тұлғалары бар

Керек құнды қағаздар

(               )

Мың …  болғанша

Бір ақылды басын болсын

(              )

«Айрықша белгісі»

Әлемнің тынысы

Байлықтың белгісі

(              )

Шешімін тақтаға жазу.

— Ал мына сөздерге қараңдаршы: HSBK, қаржы мекеме, құнды қағаздар,

несие беру, ақша жинау, валютамен түрлі операциялар – бұл сөздер

қандай ұғыммен байланысты.

—  Теңгемен. Ендеше тәрбие сағатымыздың  тақырыбы қандай деп ойлайсыздар,    тәрбие сағатында  не туралы сөйлесеміз?

Тәрбие сағатымыздың тақырыбы:

—   Теңге  — мемлекет келбеті

—   «Теңге» деген  сөзге синоним табыңыздар.

Оқушылар «теңге, тиын, ақша, валюта, қаржы, капитал

Тәрбие сағатының  мақсатымен таныстыру.

— Теңге тарихын айтып бермес бұрын  «Теңге термесін» тындап өтейік.

Теңге  тарихы

— Н.Ә.Назарбаев Қ.Р. мемлекетіміздің елбасы   Президент .

— Қазақстан Республикасының тұңғыш  Президенті болып қай жылы сайланды?

— 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

— Президент  Мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілеп отырады. Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері, яғни белгілері болады. Оғант Ту, Елтаңба және Әнұран жататының сіздерге белгілі.

— Қ.Р. мемлекетіміздің Әнұранның авторы кімдер?

— Қ.Р. мемлекетіміздің Әнұранның сөзін жазған Н.Ә.Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденов, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

— Қ.Р. мемлекетіміздің  Туының авторы кім?

— Қ.Р. мемлекетіміздің Туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.

— Қ.Р. мемлекеттік  Елтаңбаның авторлары кімдер ?

— Қ.Р. мемлекеттік Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібеков пен Шота – Аман  Уәлихан

Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.

Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.

Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ. Елбасымыз өз теңгемізді шығаруына қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні , өз идеясы  болуы керектігін қатаң тапсырды. Қазақстан аймағында ерте  кезеңде қандай ақша болғанын , тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді.

Ұлттық валютамыз теңгені жасап шығаруға байланысты жұмыстар жүргізілді. Бірнеше эскиздер жасалып, ішіндегі «мықтылары» Елбасының таңдауына берілді.  Елбасының берген тапсырмасына сәйкес ұлттық валюта

1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізіліп , елдің қолына тиіп, ел мәре –сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.

-Биыл теңгеміздің айналымға шыққанына 15 жыл толып отыр.  Қазақ теңгесі Англияда басылды.

Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды.  Төл теңгеміз тек өз еліміздің экономикасын ғана емес , көрші жатқан елдің экономикасына да үлесін қосты. Одан түскен пайда елге оралып  экономикамыздың дамуына, халықтың тұрмысын жақсартуға жұмсалуда.

Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурызда № 2155 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының  Ұлттық  Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы  200, 500 ,1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банконаттарды айналысқа шықты.

Алдыңғы  шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар

Алдыңғы  шыққан Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.

— Балалар осы  ақшалар бар ма?

— Одан кейін жаңа айналысқа шыққан ақша  мынадай болып өзгерді.

Теңгенің  орталық бөлігінде «Астана — Бәйтерек » монументі бейнеленген Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының  контуры, алдыңғы жағында   ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған.

«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.

— Қазіргі ақша мен кейінгі шыққан ақшаның арасында қандай айырмашылықтар бар?

Оқушылардан сұрап жауаптарын толықтыру.

Теңгеміздің тарихы осылар.

Кім тез ұғып алды екен.  «Сиқырлы сандықша» ойынын ойнап көрейік

(«Сиқырлы сандықша » сұраққа толтырылған.     Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып дауыстап оқып береді.)

Сұрақтар.       

— Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?

— Теңгеде кімдер  бейнеленген?

— Олар кімдер?

— Ақша қандай қызмет атқарады?

— Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықша белгісі

қандай?

—   Ерте заманда теңгелерді қайда жасаған?

— Теңгенің неше құпия қорғанысы бар?

— Қайдан несие алуға болады?

— Ақшаны қайда жинауға болады?

— Ұлттық валюта дегеніміз не?

— Теңге немен безендірілген?

— Қазіргі теңгеде қандай суреттер салынған?

— Қазақ теңгесі қайда басылды?

— Сен ақшаны орынды жұмсай аласың ба?

 

Шығармашылық  жұмыс

— Балалар, қазір суырып — салма ақындық өнеріне  үйрене бастаймыз.

 

Бесжолды  өлең.

Тақырып, (1 сөз )            теңге

Екі сын есім                    құнды, сиқырлы

Іс — әрекет , (3 сөз)         Арнаулы шеберханада жасалған

Сезім, (4 сөз)                  Туған елімнің айрықша белгісі

Синоним, ( 1 сөз)           қазына

1) Бесжолды өленнің үлгісін, ережесін айту. Сабақтың басындағы    жазған синоним сөздерді пайдалану.

2) Егер менде көп ақша болса…

Оқушылардың өз ойын тыңдау

Бүгінгі  тәрбие сағатында не туралы білдік?

— Не үйрендік?

— «Теңге мемлекет келбеті»  дегенге қалай түсінесіздер ?

-Ол үшін не істеу керек?

. Білім алу керек.

Еңбек ету керек.  Мамандықты таңдау керек

— Сіздерге қандай жұмыстар ұнады?

Қорытындылау

Қазіргі кезеңде  Мемлекетіміз көтеріліп келеді, болашақта білімді, саналы азамат болып өсуімізге барлық  жағдай  жасалуда. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып  еліміздің ертеңі  жарқын болуына сіздер де ертең еңбек етесіздер, соған  лайықты  ұлан  болып  өсіңіздер!