Абылай хан
Тақырыбы: Абылай хан
Мақсаты: Оқушылардың Абылай хан туралы білетіндерін
жаңа мағлұматтармен кеңейте отырып, тарихи
әңгімені түсініп оқуға дағдыландыру.Мәтіндегі
негізді ойды анықтау. Автор туралы мәлімет беру.
Өз елін сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
Сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту,
шығармашылық қабілетін дамыту.
Типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
Әдісі: Түсіндірмелі- иллюстративтік.
Формасы: Ұжымдық.
Пәнаралық байланыс: Математика, қазақ тілі, тарих, музыка.
Көрнекілігі: Слайдтар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Зейіндерін шоғырландыру, кезекшілік міндетіне тоқталу.
Үй тапсырмасын тексеру
«Қазақтың хан сайлауы» М. Мағауин мазмұнын айту.
«Сен маған, мен саған» сұрақ -жауап ойыны арқылы үй тапсырмасын бекіту
Актуалдау. Филворд шешу
Шешуі: Абылай хан
Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Абылай хан- Қазақ ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Жиырма жасында хан болып сайланған. Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен атқарған Ол саясаткер, білімдар, дарынды қолбасшы. Оның көздеген мақсаты мемлекетті нығайту еді. Ол сыртқы жаулардан қорғану үшін үш жүздің күшін біріктіруді жүзеге асырған. Ол билік құрған кезде қазақ халқы қалмақтаран елін жерін азат етіп, тәуелсіздігін сақтаған.
Оқулықпен жұмыс.
а) Іштей оқу
ә) Тізбектей оқу
Сөздікпен жұмыс:
«Көшпенділер» фильміндегі Абылайдың Қалден Сереннің баласы Шарышты өлтіргенін көрсету.(«Адай» күйі орындалып тұрады)
Тапсырмалармен жұмыс:
Дамытушылығы
Бес жолды өлең құрастыру (Санкуин стратегиясы)
Зат есім Кім?
Сын есім Қандай?
Етістік Не істеді?
Синоним
Түйінді сөз
Бекіту
— Он сегізінші ғасырда қазақ елінің жағдайы қандай?
— Абылай неліктен беделді болды?
— Неліктен оны аруақты санайды?
Үйге тапсырма
Мазмұнын айту
Абылай хан туралы деректер жинау
Бағалау
Оқушыларды мадақтап бағалау.