Өлең құрау (ұйқас ұсыну).
Сабақтың тақырыбы: Өлең құрау (ұйқас ұсыну).
Мақсаты:
1) оқушыларға ұйқас, тірек сөздер арқылы өлең құрауды үйрету;
2) ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу;
3) ұқыптылыққа, шығармашылық ізденіске тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: сөздер, үлестірме қағаздар.
Сабақтың ідісі: үйрету, сұрақ-жауап, ойын.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
- Өткенді пысықтау.
ІІ. Жаңа сабақ.
- Тақырыпты хабарлау.
Балаларға өлең құрастыру үшін , тірек сөздер, ұйқас ұсыну.
1.
—————————————- күлеміз,
—————————————- білеміз.
—————————————- жүреміз,
—————————————- тілеңіз.
—————————————- баламыз,
—————————————- саламыз.
—————————————- сабақты,
—————————————- баламыз.
- Ойын ойнату. «Мен қандаймын?»
Ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есім сөзін қосып айтады. Мысалы: Дәурен — дарынды Дәурен, Әйгерім — әдепті Әйгерім, Біржан — батыр Біржан т.б.
ІІІ. Сабақты қорыту. шығарған өлеңдерін оқу, талдау.
ІҮ. Бағалау.
Ү. Үйге тапсырма : өз ойларынан ертегі ойлап құрау.
Жүреміз, бәріміз, күлеміз,
Спорттың пайдасын білеміз.
Онымен достасып жүреміз,
Әрдайым шынық деп тілеңіз.