Абайлаңдар, балалар!

Тақырыбы:  Абайлаңдар, балалар!

 

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер.

 

Қатысатын  оқушылар саны-13

Командалық сайыс.

 

Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті киім киген оқушылар – «Қызылдар», сары түстілер- «Сарылар», жасыл түстілер – «Жасылдар».

 

Жүру барысы

 

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалім: : Армысыздар Құрметті ұстаздар мен оқушыларжәне  ата-аналар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін  әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Абайлаңдар, балалар!»  атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер.

 

Оқушы:

Арманға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген,

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Кешіміз басталсын сәлемменен!

 

Бүгінгі «Абайлаңдар, балалар » атты сайысымызға үш  топ қатысады. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады.Сайысты әділқазылар алқасы бағалайды.  Сайысымыз 6  шарттан тұрады.

  1. «Бөліктен бүтін құра» — оқушылар жол белгілерінің қайшымен қиылған  қиындысынан суреттерді  құрастырады, ал ата-аналары осы белгілерді қандай  белгі  екенін  айтып  береді.
  2. Ата-аналарға  викториналық сұрақтар.
  3. Балаларға  жұмбақтар.
  4. Бүгін бізде  қонақта  Бағдаршам.
  5. Ойын.      3 топтың да  ойыншылары  Машинамен велосипедпен жол үстінде жүріп жол белгілерін тереді, ал ата-аналары жол белгісін қандай белгі екенін анықтап тақтаға  жапсырады.
  1. Әр топтың балаларының бағдаршамға арнаған тақпақтары.

Ал ата-аналар  «Тоқта!», «Дайындал!» және «Жол ашық!» деген сөздерді байланыстырып әр топ өз жұмысын қорытындылайды. Бағдаршаммен қоштасамыз

 

Ендеше ойынның шарты  түсінікті енді  әділқазылар алқасымен танысайық.

 

  • ———————————————-
  • ————————————————-
  • —————————————————-

 

Мұғалім: Бүгінгі шарамызға қатысатын топтарды таныстырайық. Қызыл түсті белгілері бар «Қызылдар», жасыл түсті белгісі бар топ «Жасылдар» және сары түстілер – «Сарылар» тобы.

 

Әр топ өздерін таныстырады:

 

«Қызылдар» тобы:   Қызыл көзін ашқанда,

 

Сынық сүйем баспа алға.

 

«Сарылар» тобы:         Сары көзін ашқанда

 

Қарап қалма аспанға.

«Жасылдар» тобы:          Жасыл көзін ашқанда,

 

Жүре бергін, жасқанба!

 

  1. тапсырма «Бөліктен бүтін құра»
  2. тапсырма Ата-аналарға қойылатын сұрақтар:     (Билет суырып жауап береді)

 

№1

А)  Сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер?

Жауап: Кез келген көлік түрін пайдаланатын адамдар жолаушылар болып есептеледі.

 

Ә)   Сұрақ. Топпен бірге жүру  деген сөзді  қалай  түсінесің?

Жауап: -қатардан шықпа.

-алысып ойнама

— жүгірме  секірме.

             Б)  Сұрақ.  Жол бойында велосипедпен, қол шанамен сүйретпелі қол арбамен қалай жүру  керек?

Жауап:  жолдың шетін жағалай жүру  керек, ал жиек  жол болмаса жолдың сол жағымен жүреді.

№2

А)  Сұрақ.   Жолаушыларды таситын қоғамдық көліктерді қай жерде күтуге  болады, ол қалай аталады?

Жауап: Аялдама

Ә)  Сұрақ.  Тротуар дегеніміз не?

Жауап: Жаяу жүргіншіге  арналған жол.

Б) Сұрақ. Бағдаршам дегеніміз  не? Оның адам  өмірі үшін қандай  пайдасы  бар?

Жауап:  механикаландырылған немесе автомат жүйесіне  қосылған үш көзді құрал. Ол жол бойының қозғалысын  реттеуде үлкен рөл атқарады.

№3

А) Сұрақ. Аялдамаға  тоқтаған автобустың қай  жағынан өтеді?

Жауап: Аялдамаға  тоқтаған автобустың алдынан да  артынан да өтуге болмайды, сол айналада жол өткелі болуға тиіс содан өту  керек.

 

Ә) Сұрақ. Қауіпті  бұрылыс дегеніміз не?

Жауап:  ол жүргізушілерге  алда жолдың бұрылатыны болатынын ескертеді.

 

Б) Сұрақ. Тегіс емес  жол дегеніміз не?

Жауап: Жүргізушілерге алда кедір бұдыр шұңқыр жол бар екенін ескертеді деген сөз.

 

3 тапсырма.

 

Балаларға жұмбақтар. ( кезекпен кезек )

  • Сөйлеуді ол білмейді.

Бірақ тоқта ол  жүр дейді.                    (Бағдаршам)

 

  • Төрт аяғы дөңгелек

Адамсыз ол жүрмейді.                    (Машина)

 

  • Үзеңгісін тептім

Зымырап кеттім.                               (Велосипед)

 

4)   Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күзеткен                          (миллиционер)

 

5)  Іргеден басталып, алысқа жеткізген.          (жол)

 

6) Жапанда бір жолаушы аузын ашып,

Аяғын келе жатыр жылдам басып,

Жарқырап маңдайында екі көзі,

Ілезде жеткізеді жерге қашық                     .(автомобиль)

 

7)     Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім

Тапшы мұны оқушым                    (жол)

 

8) Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та.               (бағдаршам)

 

Жүргізуші:     Қызыл жанды, тоқтағын,

Көрдің жұрттың тосқанын.

Сары жанды – дайындал

Айналаңа   қарап ал.

Жасыл жанды – тыңдағын

Жолың ашық, тұрмағын.

 

 

4- тапсырма

 

Балалар, бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы – Бағдаршамды ортаға шақырамыз.

(Ортаға Бағдаршам болып киінген оқушы шығады.)

 

Бағдаршам: Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.

 

Жүргізуші: Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміздің бәрі саған қатысты болмақ, сондықтан да бізбен бірге бол.

 

Бағдаршам:   Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын мұдіріп, ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

 

Жүргізуші:  Жарайсың, Бағдаршам!

 

5- тапсырма

 

Мұғалім:

Ал енді кезекті жол белгілеріне береміз. Әр топ ойыншылары жол белгілерін жинау арқылы жолдан өту керек. Ата-аналары  жол белгілерін таныстырып  өтеді.

 

Мұғалім: Рахмет, Балалар! сендер бүгін көп мәлімет білдіңдер. Алдағы уақытта осы жол ережесін сақтап, басқа балаларға үйретіп жүріңдер.

 

Оқушылардың тақпақтары.

 

Рахымжан  Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

 

Әділет:       Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

ЖОЛ жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол бәрімізге ортақ тәртіп

 

Мусин Алихан         Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың

Сен өзіңді аман сақтап.

Эльзада

Көреген, дәу қырағы.

Көшемізде тұрады.

Оның аты – бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда.

 

 

Мейірболат

 

 

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

 

Аманжан

 

Қып – қызыл  үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.

Аман – сау жүреді  жаяу да , көлік те ,

Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.

 

әдемі

 

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.

Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,

Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.

 

 

 

Фатима

 

Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп

 

Мұрадым

Сапар шексек сіз бен біз,

Сан көлікке мінеміз

Троллейбус, трамвай,

Автобуспен жүреміз.

 

Алихан К

Тәртіп бұзсақ абайсыз,

Жағдай туар қолайсыз

МАИ қызметкерлерінен

Сан кешірім сұраймыз

Есенгелді

 

Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз

Сақтағанда қатерден

Сау-саламат жүреміз.

Марғұлан

 

Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре  аласың,

Сен өзіңді сау сақтап

 

Мұғалім: Рахмет, балалар. Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер.Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді. Ал енді «Тоқта!», «Дайындал!» және «Жол ашық!» деген сөздерді байланыстырып әр топ өз жұмысын қорытындыласын.

 

Қызылдар» тобы: Тоқта! Сен жолда жүру ережесін білесің бе? Бұл ережені білмесең, өміріңе қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан да үнемі есіңде сақтап жүр, жас дос!

 

«Сарылар» тобы: Жол ережесін білмейтін кішкене інілерің мен қарындастарыңа ақыл-кеңес беріп, оларға жол ережесін үйретуге дайындал. Бұл сенің міндетің.

 

«Жасылдар» тобы: Өміріңнің қай кезеңінде де жолдарың ашық болсын!

 

Бағдаршам: Мен сендерге ризамын. Бүгінгі жол ережесіне арналған шараға өте жақсы үлкен жауапкершілікпен дайындалғандарың көрініп тұр. Рахмет сендерге. Барлық белгілермен мына отырған балаларды таныстырып шықтыңдар. Енді бұл сынып оқушылары көшеде жол ережесін бұзбайды деп ойлаймын. Мен енді сендермен қоштасамын. Әлі талай сендерге қонаққа келіп тұрамын.Сау болыңдар, балалар!

 

Сергіту сәті. Бір оңға бір солға.

 

Осымен біздің  «Абайлаңдар балалар» атты  тәрбие сағатымыз аяқталды сөз әділқазыларға  беріледі.

 

  1. Көшеде біз сақ болайық ,

Қаймықпасын ата – ана .

Жолда сен бол  лайық,

Жас ұлан деген  атқа