Сөйлем мүшелері
Қазақ тілі | |||||||
Сабақтың тақырыбы: | Сөйлем мүшелері | ||||||
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: | Сөйлем туралы білімдерін пысықтай келе, сөйлем мүшелері туралы түсінік қалыптастыру. | ||||||
2.Дамытушылық: | Сауатты жазу, көркем жазу дағдыларын дамыту.сөздік қорларын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. | ||||||
3.Тәрбиелік: | Оқуға ынталандыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу | ||||||
Сабақтың түрі: | аралас | ||||||
Сабақта қолданылатын әдістер: | Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, практикалық | ||||||
Сабақтың көрнекілігі: | Дидактикалық материалдар, таратпа материалдар, сюжетті суреттер | ||||||
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру: | Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Күннің суреті арқылы оқушыларды бір-біріне, мұғалімге деген сыйластық көңіл-күйін қалыптастыру: — Күннің қандай қасиеттері бар? — Отбасы мүшелерінен кімді күнге ұқсатуға болады? | ||||||
Үй жұмысын тексеру: | «Кубизм» әдісі бойынша сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдер құрастыру. — Құрастырған сөйлемің неше сөзден тұрады? | ||||||
Жаңа сабақ: Қызығушылығын ояту: Ой толғау
| Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе. Адамдықты көздесең, Жаттап, тоқы көңілге. ( Сұлтанмахмұт Торайғыров) — Абай туралы не білесіңдер? — Қандай шығармаларын білесіңдер? — Өлеңнің әр сөзіне сұрақ қой? — Олай болса, сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған сөйлем сөйлем мүшелері деп аталады. | ||||||
Оқулықпен жұмыс:
1-жаттығу Сауысқанның суреті ұсынылады.
Сергіту сәті:
4-жаттығу. Алдымен үлгі орындалады. Әр топқа бөлініп беріледі | Ережемен танысу: Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған сөйлем сөйлем мүшелері деп аталады. Мысалы: Марал (кім?) әңгімені (нені?) оқыды (не істеді?).
Мәтінді түсініп оқы. Сөйлемдегі әрбір сөзге сұрақ қой. Әрбір сөйлем неше сөзден құралады. Сауысқанды байқаған кездерің болды ма?
2-жаттығу. Суреттер бойынша 2 сөзден тұратын сөйлемдер құратыр.
Бүркіт ұшты. Түйеқұс жүгірді. Қарға қонды. Бүркіт қалықтап ұшты. Түйеқұс тез жүгірді. Қарға ағаш басына қонды. — Қандай сөздерді қостық? — Сөйлемнің мағынасы қалай өзгерді?
Жұбын тап: тақтаға жазылған сөздердің қарама-қарсы мағыналы сөздерін жазу. Қатарлар арасындағы сайыс
1-топ. 2 сөзден құралатын сөйлем құрайды. 2-топ. 3 сөзден құралған сөйлем құрайды. 3-топ. 4 сөзден құралған сөйлем құрайды. 4-топ. 5 сөзден құралған сөйлем құрайды 5-топ. 6 сөзден құралған сөйлем құратыр.
Барлығына ортақ бір сөз беріледі. «Мысық» сөзіне осындай пирамида құрастыру керек. Мысалы: Қарға қарқылдады. Қарға далада қарқылдады. Қарға далада қатты қарқылдады. Қарға далада қар жауардың алдында қатты қарқылдады. Қарға далада қар жауардың алдында масасызданып қарқылдады.
| ||||||
Қорытынды: | — Сөйлем туралы не білесіңдер? — Сөйлемнің түрлері қандай? — Сөйлем мүшелері дегеніміз не? | ||||||
Үйге тапсырма: | Ереже жаттау 64-бет. |