Өзендер. Көлдер және тоғандар

Сабақтың тақырыбы: Өзендер. Көлдер және тоғандар

Білімділік міндеті: өзендер , көлдер және тоғандар,олардың айырмашылығы,

                   шаруашылықтағы пайдасы туралы түсінік  беру, еліміздегі өзендер

және көлдермен таныстыру.

Дамытушылық міндеті: оқушылардың сана-сезімін, ойлау қабілетін дамыту,

                    салыстыра білуге  үйрету.

Тәрбиелік  міндеті: айнала қоршаған табиғаттың қыр-сырын танып білуге, есте

                     сақтауға, өмірде пайдалана білуге  баулу

Сабақтың  типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: тест тапсырмалары, ауызша  баяндау, сұрақ-жауап әдісі,

                     картамен саяхатқа шығу,Венн диаграммасы,мәтелдің мағынасын ашу

Сабақтың  көрнекілігі: интерактивті тақта

 

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу;

-оқу құралдарын дайындауы;

2.Үй тапсырмасын сұрау:

-Жауын-шашын.Жер асты суы.Құдық

Тест тапсырмалары арқылы  тексеру:

1.Судың 3 түрлі күйі:

А)мөлдір,сұйық,түссіз;

ә)сұйық, қатты, бу;

б)ерігіш,қатты,жылы

2.Су өткізбейтін жер асты қабаты:

А)құм     Ә) қиыршықтас      Б) саз

3.Жауын-шашын түрі:

А)бұршақ    Ә) тұман     Б) бұлт

  1. Жаңбыр бұлтына айналатын бұлт түрі:

А) шарбы бұлт   Ә)будақ бұлт   Б)қабат бұлт

5.Құдықтың тереңдігі:

А)Жер бедеріне байланысты;

Ә)Жануарлар қажетіне байланысты;

Б)Су қабатының орналасуына байланысты

 

-Оқушылардың бірін-бірі тексеріп, бағалауы

-Жауын-шашын                бұлт                өзен,көлдердің булануы

ІІІ.Жаңа материал:

А)Жұмбақтар шешу:

Келеді алыстан                                                     Ауыл сыртында сайда,

Ашулы арыстан.     (Өзен)                                   Жатыр үлкен айна.     (Көл)

 

Ә) Өзендер (слайдтан көрсету)

-Өзендердің негізгі бөліктері: жылға,бастау,сала,саға;

-Жазық жердегі өзендер;

-Таулы жердегі өзендер;

-Өзендердің шаруашылықтағы пайдасы.

 

Б)Көлдер және тоғандар (слайдтан көрсету)

-Көлдердің көлеміне қарай түрлері;

-Көлдің анықтамасы;

-Көлдің тұщы және тұзды болуы, шаруашылықтағы пайдасы;

-Жасанды көлдер;

В)Қазақстанның физикалық картасы арқылы өзендер мен көлдерге саяхатқа шығу.

-Картада өзен, көлдер қандай түспен берілетіндігін еске түсіру.

Теңіз және көлдер: Каспий, Арал, Балқаш, Жайсан көлі. Балқаш көлінің басқа көлдерден ерекшелігі.

Өзендер: Жайық, Сырдария, Есіл, Ертіс, Іле.

Г) –Ал, енді өзіміздің облыс орталығы Ақтөбе қаласының ортасынан қандай өзен ағып жатыр?

Елек өзені  туралы жазған мәліметін оқыту.

-Ал,  Шалқар қаласында қандай көл бар?

Шалқар көлі туралы жазған мәліметін оқыту.

 

ІV.Сабақты қорытындылау:

  • Өзен мен көлді салыстыру: айырмашылығы және ұқсастығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Су анасы- бұлақ» мәтелінің мағынасын аштыру.

 

V.Оқушылардың білімін бағалау.

 

VІ.Үйге тапсырма: Өзендер.Көлдер және тоғандар.