Топырақ

Сабақтың тақырыбы: Топырақ.

Сабақтың мақсаты: 1) Топырақ тау жыныстарының басты айырмасы екенін

түсіндіру. Топырықтың түрлері, құрамдас бөліктерімен   таныстыру .

2) Табиғатқа қызығушылығын арттыру.

3) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:          Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың әдісі:         Талдау, көрнекілік, тест.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

1-слайд:

Жер қыртысын толтырып жатқан денелер.

Тығыз тау жыныстары

 

 

Майда тау жыныстары

 

 

 

Пайдалы қазба …………… шоғырланады.

Балалар бүгін саяхатқа шығамыз.

2-слайд:

 

 

 

 

Яғни өсімдік өсетін беткі құнарлы қабатын топырақ деп аталады.

Мынау-ауыл. Ауыл сыртына шығып, күрекпен топырақты аударып қарайық. Беті қоңыр ал астыңғы қабаты бозғылт бола бастайды. Яғни топырақ та тау жыныстары екен. Тек айырмашылығы- құнарлығы. Топырақта көзге көрінбейтін өте майда бөлшектер бар. Олар көзге көрінбейді, олар жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарын күрделі өзгерістерге түсіреді.

3-сайд:

І Тышқандар суреті.

ІІ Топырақ түрлері.

Құрамында қарашіріктің мөлшеріне байланысты топырақтың түсі түрліше болады.

 

 

 

 

 

Қара топырақ                                   Бозғылт                     Сор топырақ

 

 

Солтүстік өңірде                  Оңтүстік өңірде        Арал аймағы

Қара топырақта егілген дәннен өнім мол береді. Оңтүстікке қарай жауын-шашын азайып, көбі буланып, өсімдік өсуге ылғал жетіспейді. Селдір өсімдіктен қарашірікте аз қалады.Сондықтан топырақтың түсі оңтүстікке қарай бозғылт түседі.

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті.

Ән: Шалқар көлі.

Топырақты қорғау.

Таулы аудандарда топырақты шайылудан орман жақсы сақтайды. Сонымен бірге тау етегі ментөбелерде жерді беткейге кесе-көлденең жырту арқылы да сақтық шаралары жүзеге асырылады.

Құрғақшылық ұзаққа созылған жағжайжа жыртылған топырақ қатты кебеді де, оның майда бөлшектерін жел оңай ұшырып алып кетеді. Көп жердің топырағын жойып жіберетін шаңды борандар осылай пайда болады. Жел құрғақ топырақты ғана ұшыра алады. Сондықтан онымен күресудің басты бір жолы-топыраққа ылғалды мол жинау. Ол үшін қыста қар тоқтату жұмысы жүргізіледі. Сен қыста соқа сүйретіп егіс даласына кетіп бара жатқан тракторлардыталай көрген боларсың. Оларқарды жал-жал қылып үйеді. Жел айдап келе жатқан қар ұзынша жалдарға тіреліп, тоқтайды. Қамыс қалқандар да қарды жақсы тоқтатады.

ІІІ Сабақты бекіту:

Тест.

  1. Қарашірік түсін беретін

А) өсімдіктер, жәндіктер

Ә) жаңбыр

Б) бұлт

  1. Жер астында өмір сүретіндер

А)құс

Ә) көртышқан

Б)төрт түлік

  1. Қара топырақ

А) Оңтүстік

Ә) солтүстік

Б) батыс

  1. Аралда не шығады?

А)алма

Ә)тұз

Б)мата

ІV. Сабақты бағалау.

  1. Үйге: 68-70 бет