Дауыссыз л мен р
Тақырыбы: Дауыссыз л мен р
Мақсаты:1. Оқушылардың л мен р дыбысы бойынша алған білімдерін жинақтау.
- Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Көрнекілігі: үлестірмелер, суреттер.
Түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Үй тапсырмасын тексеру:121- жаттығу
- Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырып, мақсатын хабарлау.
- Жаңа сабақ.Күн ретін жазу.
Көркем жазу:Гг Гг Гг Гүл
Үнді дауыссыздар л,м,н,ң,р,й (у).
Оқулықпен жұмыс.
124- жаттығу. Сөздерді көшіріп жазу. Мағынасын түсіндір.
Іле, ілгіш, ілгек, ідгері, ілесу, ылди, ылғал, ырыс, ірімшік, ірі, ылғи.
119, 121-жаттығулардағы сөздермен салыстырып. Жазылу өзгешеліктерін есте ұста.
125-жаттығу. Суреттегі сөздердің ішінен бір әріпін өзгерту арқылы л әріопінен басталатын сөздер жаса.
Бақ – лақ, бас – лас, жайық – лайық, тайым – лайым, кезде – лезде, жағыл – лағыл, жақтыру – лақтыру, тай – лай.
127- жаттығу. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Ырыс – 4 әріп, 4 дыбыс
ы (2) – дауысты, жуан
р – дауыссыз, үнді
с – дауыссыз, қатаң
Іле – 3 әріп, 3 дыбыс
і – дауысты, жіңішке
л – дауыссыз, үнді
е – дауысты, жіңішке
Ірге – 4 әріп, 4 дыбыс
і — дауысты, жіңішке
р – дауыссыз, үнді
г – дауыссыз, ұяң
е – дауысты, жіңішке
Раушан – 6 әріп, 6 дыбыс
р – дауыссыз, үнді
а — дауысты, жуан
у — дауыссыз, үнді
ш – дауыссыз, қатаң
а — дауысты, жуан
н — дауыссыз, үнді
Лашын – 5 әріп, 5 дыбыс
л – дауыссыз, үнді
а — дауысты, жуан
ш – дауыссыз, қатаң
ы – дауысты, жуан
н — дауыссыз, үнді
- Бекіту. Суретпен жұмыс.
128- жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау.
- Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысуларына, қойылған сұрақтарға жауап берулеріне байланысты тиісті бағалармен бағалау.
- Үйге тапсырма. 126 – жаттығу.
Ілгері, ілесу, ылди, ылғал сөздерін қатыстырып сөйлем құрау.