Атадан қалған асыл мұра. Төрт түлік
Сабақтың тақырыбы: Атадан қалған асыл мұра. Төрт түлік
Мақсаты: 1. Оқушылардың «Атадан қалған асыл мұра» бөлімінен алған білімдерін бекіту. Оқушылардың төрт түлік туралы түсініктерін кеңейтіп, әр малдың ерекшеліктері, пайдасы туралы білімдерін тексеру, ізденушілік қызығушылықтарын арттыра отырып, төрт түлік малға байланысты мақал — мәтелдер, әңгімелер, тақпақтар айтқызып, білімдерін толықтыру.
2. Оқушылардың сөйлеу шеберліктерін, ой — өрістерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
3. Төрт түлік малды қастерлей білуге тәрбиелеу.
Түрі: Қайталау сабағы (сайыс түрінде)
Әдісі: Сұрақ — жауап, ізденушілік, ребус, сөзжұмбақ шешу.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру: — Балалар, бүгінгі қайталау сабағымыздың тақырыбы: төрт түлік мал. Қазір төрт топқа бөлініп, әр түрлі жұмыстар жасаймыз.
- Ой шақыру әдісі: а) Төрт түлікке нелер жатады?
ә) Олардың төлдерін атаңдар.
І топ – Түйелер
ІІ топ – Жылқылар
ІІІ топ – Сиырлар
ІV топ – Қойлар
б) Бүгінгі жарысқа төрелік ететін әділқазы алқаларымен таныстыру.
в) Бүгінгі сабақ 8-кезеңнен тұрады.
1-кезең таныстыру.Әр топ өздерін таныстырып өтсе.
2-кезең. Сұрақ – жауап.
- Түйелер тобы:
- Құс есек қай ертегінің кейіпкері?
2. Түйенің сүті қалай аталады?
3. «Арыстан аға! Есектің миын жемес бұрын өзің көлге барып, шомылып кел, дейді. – Әйтпесе ем қонбайды.» Бұл үзінді қай ертегіден алынған? - Түйе атасы?
2. Жылқылар тобы: - Аңыз дегеніміз не?
2. Жылқының сүті қалай аталады?
3. «Атажан, үш сомда, қозыда, тоқтыда сенікі болсын, маған бір қой бер, — депті». Бұл үзінді қай аңыздан алынған? - Жылқы атасы?
- Сиырлар тобы:
- Қандай аңыздарды білесіңдер?
- «Ұрлық түбі – қорлық» мақалы қай ертегіге байланысты айтылған?
- Сиырдың төлін ата
- Сиыр атасы
- Қойлар тобы:
- Қойдың төлін ата
- Қандай билерді танисыңдар?
- Өтірік өлең дегеніміз не?
- Қой атасы?
3-кезең. Берілген суреттерді нақышына келтіріп бояу.
4-кезең. Жұмбақтар шешу. Қарсылас топтарға жұмбақтар жасыру.
- Сергіту сәті. Би билеу.
5- кезең. Ребус шешу.
Жауаптары:
1-топ. Түйелер. Алып түйе
2-топ. Жылқылар. Жүйрік ат
3-топ. Сиырлар. Сүтті сиыр
4- топ. Қойлар. Семіз қой
6-кезең. Мақал-мәтел жарысы.
- Қорытынды бөлім.
7-кезең. Сөзжұмбақ шешу.
Сұрақтары:
- «Бай болсаң, халқыңа пйдаң тисін…» — қай бидің сөзі?
- Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында наны бар. Ол не?
- «Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан». Ол не?
- Сиырдың төлі?
- Шешендік сөздерді кімдер айтқан?
- «Ұр, тоқпақ», «Сақина», «Аңқау арыстан» бұлар — …
- Жүк артып инелікке ерте көштім,
Шүйкелеп сары майдан арқан естім.
Мұртына шегірткенің ат арқандап,
Дегенде өлдім талдым әрең шештім- бұл қандай өлең?
Ә | Й | Т | Е | К | Е | |||
Б | И | Д | А | Й | ||||
Т | Ү | Й | Е | |||||
Б | Ұ | З | А | У | ||||
Б | И | Л | Е | Р | ||||
Е | Р | Т | Е | Г | І | |||
Ө | Т | І | Р | І | К |
8-кезең. Түліктердің пайдасы. Кестені толтыру
Түйе жүнінен істелетін бұйымдар | Түйе сүтінен әзірленетін тағамдар | Түйе терісінен істелетін бұйымдар |
Жылқы жүнінен істелетін бұйымдар | Жылқы сүтінен әзірленетін тағамдар | Жылқы терісінен істелетін бұйымдар |
Сиыр жүнінен істелетін бұйымдар | Сиыр сүтінен әзірленетін тағамдар | Сиыр терісінен істелетін бұйымдар |
Қой жүнінен істелетін бұйымдар | Қой сүтінен әзірленетін тағамдар | Қой терісінен істелетін бұйымдар |
- Үйге тапсырма. Бөлімді қайталау.
- Бағалау. Стикерге байланысты.