Түбір мен қосымшаның жазылуы

Қазақ тілі

3сынып

Бастауыш сынып мұғалімі

Мухаметжанова Арайлым Кадыровна

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сабақтың мақсаты : Білімділік Оқушылардыдың түбір мен қосымшаның жазылуы туралы түсінік қалыптастыру және оны меңгеру қосымшалардың жазылу ережесін білу меңгеру.
Дамытушылық : Оқушыларды ойын арқылы ой-өрісін , логикалық ойлауы мен дүние танымын , есте сақтау қабіліттерін , жалпы оқуға деген қызығушылығын іскерлігін дамыту .
Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты , әдемі, жазуға , тиянақтылыққа , ұжымдыққа, әдептілікке , қазақ тілін қастерлеуге , өз білімін көпшілік алдында көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : ойын -сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілі : Сұрақ –жауап , ой жинақтау , ереже айту, , таза жазу минуты, сурет бойынша жұмыс .
Сабақтың көрнекілігі : Әр топ бойынша атауы, ойын , «мәре » сызығы.
Сабақтың барысы :

1.Психологиялық дайындық

Сыныбымыз тап – таза

Борда дайын тақтада.

Ойымызды жинақтап,

Отырайық партаға.
Ана тілімізді құрметеп , тілімізді білуіміз біздің басты міндетіміз.
2.Үй жұмысын тексеру:

4 жаттығу,ережені айту.

Енді сабағымызды бастау үшін  түбірмен қосымшаның жазылуын еске түсіріп көрейік.

3.Жаңа сабақ:

Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса,онда түбірдің соңындағы к, қ, п дыбыстары г, ғ, немесе у дыбыстарына өзгереді.Мысалы:

Күрек – күрегі, сабақ- сабағы, тап – табады, сеп – сеуіп – себеді.

Енді әрі қарай сабағымызды жалғастырамыз.

4.Дәптермен жұмыс:

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз

Таза ,көркем жазу минуты

Қ қ   Қ қ

қала  қала  қала   қала

5.Жаттығумен жұмыс:

1-жаттығу екі бағандағы салыстырып қандай өзгеріске ұшырағанын айту.

/ ауызша /

Жарық – жарығы      Тарақ – тарағы

Байлық – байлығы     Көлік -көлігі

 

3-жаттығу қосымша жалғанғанда түбірінде өзгеріс болған сөздерді теріп жазу.

4- жаттығу сөздерге үлгі бойынша қосымша қосып жазу.

Лақ-лағы

Өсімдік – өсімдігі

Арғымақ –арғымағы

Сеп –себу

Кеп –кебу

Теп –тебу

Қап –қауып

Тап –тауып

Жап –жауып

6.Сергіту сәті :

Түбір болып жасаймыз,
Қосымшасы мынадай.
Екі түрге бөлініп,
Шығып алды осылай,
Жұрнақ ,жалғау кәнекей,
Жасап көрші қайталай.

7.Топпен жұмыс:

1.Көп нүктенің орнына түбір сөздерді тауып қою.

  1топ                                              2топ                  3топ

жағу                              төгу                     ағу

……  жағады                 … …   төгеді           ……ағады

жағып                             төгіп                     ағып

 

2.Өзіңді –өзің тексер

1.Қосымша деген:

А.түбір жалғау

Ә.жұрнақ жалғау,

Б.түбір жұрнақ

2.Жұрнақ деген:

А.сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша

Ә. Сөздің мағынасын білдіретін қосымша

Б.сөз мағынасын өзгертетін қосымша

3.-лық, -лік жұрнақтарын дұрыс қосыңдар:

А.сән , ән

Ә.қала, әке

Б.дала, мектеп

4.Түбір сөзді табыңдар:

А.өнер, өнерлі

Ә.жарыс, табыскер

Б. іс,тіл

5.Мақалды аяқта:

Кітап –алтын ———-

А.қор

Ә.бесік

Б.қазына

3.Суретпен жұмыс:

Сурет бойынша  мәтін құрастырып, оған ат қою.

8.Жұмбақтар шешу:

Бірі – ағаш кесу құралы,
Бірі – шырынды бал бұлағы
(Ара)
Санасаң,
Бір үйде төртеуі бар.
Қаласаң,
Ауызды өртейтін нәр.
(Бұрыш)
Жел соқса,
Жайқалып толқиды,
Ел оқыса,
Тұла бойың балқиды.
(Өлең) 
Бірі – ыдысқа керек,
Бірі – жүріске керек.
(Аяқ) 

 9.«Адасқан сөздер»

Арыстан ———- боздайды
Түйе ————— мөңірейді
Жылқы ———— ақырады
Қой —————- кісінейді
Сиыр ————— маңырайды
10.Қорытынды:  Ребус шешу

11.Үйге тапсырма беру:  5-жаттығу 19 бет, ереже жаттау 18 бет

12.Бағалау: оқушыларды сабаққа қатысқандары бойынша бағалап мадақтау