Туған – туысқандар.
Сабақтың тақырыбы: Туған – туысқандар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақтың әдет – ғұрпын оқушылардың бойына
сіңіру. Олардың тек ата – анасын, бауырларын біліп
қоймай, жігіт адамның өз жұртынан басқа
нағашы, қайын жұрты болатынын ұғындыру.
Тәрбиелік: өз елін, ата – анасын, жора – жолдастарын,
туған – туыстарын сыйлай білетін азамат
тәрбиелеу, адамгершілік тәрбие беру.
Дамытушылық: олардың туыстық жақындығын түсіндіру
арқылы туыстарға деген қарым – қатынасты
дамытуға, оқушылардың ой — өрісін дамуына жағдай жасау.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: деңгейлеп саралап оқыту
Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, сөйлеу арқылы
ойларына көздерін жеткізу, топтастыру стратегиясы.
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, плакаттар, сөзжұмбақ, сұрақ жазылған
парақтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Назарларын сабаққа аудару.
- Топтарға бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
І топ. «Отбасы – шағын қоғам» мәтіні бойынша түсінгенін айту.
ІІ топ. «Отбасы – шағын қоғам» тақырыбында жазған әңгімесін оқу.
ІІІ топ. Оқулықтағы сурет бойынша әңгімелеу.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
- Отбасы дегеніміз не?
- «Отбасы қоры» дегенді қалай түсінесің?
- Отбасындағы «адамгершілік парыз» деген не?
ІV. Жаңа сабақ.
- Үй тапсырмасымен байланыс.
Оқушы ойын толықтыру арқылы тақырыпты ашу.
- «Туған — туысқандар» мәтінін түсіндіру.
а) Жігіттің үш жұрты.
ә) «Өз жұрты» дегенді қалай түсінесің?
б) «Нағашы жұртқа» кімдер жатады?
в) «Қайын жұртқа» кімдер жатады?
- Топпен жұмыс.
І топ. 1. Өз тобыңа сәйкес түсіндір.
- Жиен деген кім?
ІІ топ. 1. «Нағашы жұрт» деген кімдер?
- Нағашы қандай туыс?
ІІІ топ. 1. «Қайын жұрт» дегенді қалай түсінесің?
- Құда деген кім?
- Оқушылардың логикалық ойын дамытатын сөзжұмбақ шешкізу.
— Менің апайымның күйеуі, маған кім болады?
— Менің інімнің қайын атасы, маған кім болады?
— Менің апайымның баласы, менің балама қандай туыс?
— Оның әжесі – менің шешемнің анасы.
Сонда ол маған қандай туыс?
— Оның шешесі – менің апайым.
Сонда ол маған қандай туыс?
- Нағашы, жиен, бөле туралы мақалдарды оқып, мазмұнын талдау.
- Қала жақсы болмағы ағашынан,
Бала жақсы болмағы нағашыдан.
- Төрт аяқтыда бота тату
Екі аяқтыда бөле тату.
- Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды.
- Ағасы бардың жағасы бар
Інісі бардың тынысы бар.
- V. Жаңа сабақты бекіту.
Топтастыру стратегиясы бойынша қорытындылау.
VІ. Үйге тапсырма.
Мәтінді оқып мазмұндау. Нағашы, бөле туралы әңгіме жазу.
VІІ. Бағалау.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.