Түлкі мен қырғауыл
Сабақ жоспарының құрылымы. 11.05. 2013
Ана тілі 2 бсынып
Түлкі мен қырғауыл
Сабақ барысы аяқталғанда оқушылардың нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?
Білу: Мысал дегеннің не екенін білу. (барлығы)
Түсіну: Кей жануарлардың мінездері адам мінездерімен ұқсас екенін түсіну (көпшілігі)
Қолдану: Өмірде шыншыл, кей сәттерде тапқыр, ақылды болуға қалыптастыру.
Талдау: Жақсы мен жаманды салыстыра алуға дағдыландыру
Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?
Оқушылардың пікірлесуі үшін арнайы сұрақтар беремін.
Жеке пікір айтуға ықпал жасаймын.
Оқушы жеке жұмысын түсіндіргенде барлығының тыңдап отыруына ықпал жасаймын.
Жеке жұмыс жасау арқылы оқушы өз жұмысын басқалармен салыстырып талдай алады.
Оқушыларға білім алу үшін бағалауды қалай пайдалана аласыз?
Оқушыларды бағалауда, өзгені, өзін-өзі бағалауына мән беремін.
Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?
Тапсырмаларды деңгейлеп беремін.
Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?
Оқушылардың жұмыс дәптеріндегі сұрақтарға жауап беруі арқылы оқушылардың мысалды қалай түсінгенін байқауға болады.
Сабақ барысы
Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылар іс-әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдас тыру 3 мин. Кіріспе | Сәлемдесу. Оқушыларды жұмысқа бейімдеу | Оқушыларды топтық жұмысқа тарту | |
5 мин Презентация жасау | Оқушыларды сабақ мақсатымен, тақырыбымен таныстыру. | Оқушылар жұмыс парағына күн ретін, сабақ тақырыбын жазып алады. | Интерак тивті тақта |
Негізгі бөлім 25 мин
| 1-қадам Үй тапсырмасын сұрау. 2-қадам Қызығушылықты ояту. «Ертегі кейіпкерлерін сипатта» 3-қадам Таспада мысал жайлы мультфильм көрсету 4-қадам Топтарға тапсырма беру. І топ. Сөздікпен жұмыс ІІ топ. Түлкі мен қырғауылды салыстыру ІІІ топ Мысалдан көрініс көрсету ІV топ Мысал кейіпкерлеріне байланысты өлең шығару
| Топтарда жеке жұмыстар жүргізіліп, сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды фишка арқылы бағалау жүргізіледі. Интерактивті тақта арқылы оқушылар ертегі кейіпкерлерін сипаттайды. Оқушылар мультфильм көру арқылы мысал мазмұнын түсінеді. Топтық жұмыс кезінде топтарға арнайы деңгейлі тапсырмалар беріледі. Топтық бағалау жүргізіледі.
| Постерлер, маркерлер,
Жұмыс парағы
Смайлик тер, фишкалар |
Қорытынды 10 мин | Жұмыс парақтарына өтілген екі мысалдарды салыстырады. «Мысалдан алған әсерім» рефлексия жазылады. | Жеке жұмыс парағына мысалдарды салыстырып, кестені толтырады. Рефлексия жазады. | |
Үйге тапсырма 2 мин | Түлкі мен қырғауыл | Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазып алады, түсінбегенін сұрайды. |