Түлкі мен тиін
Ана тілі 2б сыныбы 4.05.2013
Тақырыбы: Түлкі мен тиін.
Сілтеме: жоспар
Мақсаты: а) Шығарманың идеясын ашу,мазмұнын сахналық қойылым арқылы беру.
ә) Мысал терминіне түсінік беру,оқушының коммуникативтік,ақпараттық
құзыреттілігін дамыту.
б) Оқушыларды жаман әдеттерден, қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар мәтіндегі негізгі ойды, идеяны түсінеді, тиін мен түлкіге
мінездеме бере алады. Жақсы, жаман мінез құлықтарды ажырата алады.
Кейіпкерлерді сипаттай алады.
Сабақ барысы:
Тапсырмалар | уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
І Ұйымдастыру 3 мин
Негізгі бөлім 25 мин
Қорытынды 10 мин
Бағалау 3 мин Рефлексия 4 мин | 1 мин
2 мин
5 мин
8 мин
15 мин
5 мин
| Психологиялық дайындық Біз әдепті баламыз, Біз ерекше боламыз. Қонақтарды көргенде: Сәлеметсіздер ме! – деп Сәлемдесіп аламыз. Ой- толғаныс. 1. Сол күнгі ауа – райы қандай еді? 2. Аңшы неге ызаланды? 3. Елікті атуға неге батылы бармады? 4. Аңшы орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер? Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту. Тал басында жүреді, Қорегі шырша, қарағай бүрі еді. Ол не? (тиін) Бұлаңдаған құйрығы, Бір алдарлық қулығы (Түлкі) . Сиқырлы сандарды сөйлетейік. Түлкі мен тиін. Кіріспе. Мысал дегеніміз не? Мысал- сатира мен юмордың ең көне түрі. Мысалда түрлі аң-құстарды сипаттау арқылы адам бейнесі , іс-әрекеті, ой пікірі жасырылып, жұмбақ түрінде айтылатын жанр. Әдебиетте аллегория деп атайды. Асылбеков Әбдірахман ( Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылы) — ақын. «Жалын» баспасының редакторы, Жазушылар одағының әдеби қызметкері, Жазушылар одағының Жамбыл облысы бойынша хатшысы, «Әділет», «Мәдениет» газеттерінің бөлім меңгерушісі, «Заң» газеті редакциясының бөлім меңгерушісі, 2002 жылдан бастап «Көзқарас» газетінің саяси шолушысы. Балаларға арналған алғашқы өлендер жинағы 1961 жылы шықты. Содан бергі мерзімде 24 жыр кітабы жарық көрді. 300-ден астам өлең жазған. Мәтінмен жұмыс Электрондық оқулық арқылы мәтінді оқиды. Жұпта талқылап, дәптерлеріне түртіп алады. 1. Мысалдан көрініс көрсетеді. 2. Салыстыру (түлкі мен тиін) 3. Шығармашылық жұмыс. Сергіту сәті. Ой қорыту 1. Тиін қандай аң? 2. Түлкі ше? 3. Қасқыр қандай аң? 4. Тиін не істеді? 5. Түлкі неге қасқырға жем болды? 6. Қасқыр қандай аң екен? 7. Тапқырлық ол қандай қасиет? 8. Әділдік жеңді ме, әлде қулық жеңді ме? Семантикалық карта.
Өзін-өзі бағалау, жұптық бағалау, фишкалар арқылы бағалау Сабақ ұнады. Қиын болды.
| Оқушылар назарын сабаққа аударады.
Өтілген тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
Жұмбақ шешеді
Сиқырлы сандарды шешу арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашады.
Дәптерлерін ашып, күн ретін, тақырыпты жазады.
Электронды оқулықтан жеке оқыған соң, жұпта талқылайды. Сөздікпен жұмыс жүргізеді. Үш тапсырманың біреуін орындауға дайындалады. Жұптық бағалау жүргізіледі. Жақсы жауап берген оқушыларға фишкалар беріліп отырады.
Семантикалық картаны толтырады. Өзін-өзі бағалау жүргізеді.
|