С. Торайғыров Туған еліме
Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров Туған еліме
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға туған ел, туған жер туралы түсінік қалыптастыру. Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.
Өзі өскен еліне, туған жеріне, туған елінің табиғатына жыр арнаған ақын, жазушылардың өлең, жырларын пайдалана отырып, ойлау қабілеттерін, ой – өрістерін дамыту.
Еліне, жеріне деген мақтаныш сезімдерін ояту. Туған жердің табиғатын сүйе білетін, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, проблема тастап оқыту, сұрақ – жауап, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: С. Торайғыров портреті, туған жер табиғаты бейнеленген оқушылардың суреттері, дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
ІІІ. Өткен тақырыптарды тиянақтау.
Өткен бөлім бойынша сұрақ – жауап әдісін пайдалана отырып, еске түсіру.
— Біз қандай шығармалармен таныстық?
— Батырлар туралы. Азамат соғысы кезіндегі ел жағдайы, ел басынан кешірген ауыр кезеңдердегі балалар өмірі, алғашқы оқу – білім жөнінде. Ұлы Отан соғысы кезін суреттеген шығармалар, өнер адамдары туралы шығармалармен таныстық.
— Ендеше, сол шығармалар бойынша қима қағаздар таратып беремін. Сұрақтарға ойланып, дұрыс жауап берейік.
№1
А) «Қазына көтерген бала» әңгімесі кім жөнінде айтылған?
Ә) «Балама хат» өлеңінің авторы кім?
№2
А) «Алғашқы көмек» әңгімесінде не жайында айтылған?
Ә) «Жетім» әңгімесін қалай жалғастырар едің?
№3
А) «Шығыс шынары» әңгімесіндегі Әлияға мінездеме бер.
Ә) Құрманғазы Сағырбаевтың «Қайран шешем» күйінің шығу тарихын қысқаша айтып бер.
ІҮ. Жаңа сабақ
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Туған еліме» өлеңі
Сыныпты үш топқа бөлемін.
І – топ «Баянауыл»
ІІ – топ «Көкшетау»
ІІІ – топ «Қарасаз»
Ү. Көрнекілікпен жұмыс
1.Оқушылардың салып келген суреттері бойынша әңгімелету.
- Туған жер туралы білетін ән, өлеңдер айтқызу.
-Балалар, сендер өздерің «Туған жер» дегенді қалай түсінесіңдер?
Ассоциация әдісі бойнша әр бала өз ойын бір парақ қағазға жазып отырады.
Отан ауылым сол жерде дүниеге келдім
Ата – анам қасымда достарым туыстарым
Оқушыларға Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірінен қысқаша түсінік беру.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 – 1920 жж қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын, жазушы әрі педагог. Жастарды оқуға үндеген «Шәкірт ойы», «Неге жасаймын», т.б. өлеңдердің, «Қамар сұлу» т.б. шығармалардың иесі.
ҮІ. Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыттыру. Түсініктерін сұрау.
Үш топқа тапсырма беремін.
«Баянауыл» тобы
Елі ақынға қандай үміт артты деп ойлайсың?
«Көкшетау» тобы
Ақынның еліне берген уәдесін білдіретін жолдарды тауып оқы.
«Қарасаз» тобы
Ақын өлеңді еліне арнағанын қайдан білдіңдер?
Үш топқа тапсырма: Осы өлеңді өзің жалғастырып көр.
№1
Әкемнің туған жері –
Менің де …………………
Қырында қозы бағып,
Көбелек ………………… .
№2
Өмірге анам әкеліп,
Кіндігімді ……………..
Ауылым – алтын бесік,
Қызықты ………………. .
ҮІІ. Дәптермен жұмыс
Түсініксіз сөздерді түсіндіріп, дәптерлеріне жаздыру.
Көңілге медеу – арқа сүйеу
Алты қырдан асу – алыстан, қиырдан
Тыншып – тыныш жатпаймын
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың қызығушылығын ояту «Түртіп алу стратегиясы»
Не білдім? | Не үйрендім? | Не үйрену керек? |
Үйге тапсырма: «Туған еліме» өлеңін жаттап келу
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.