Үй жануарларының көктемгі тіршілігі.
Сабақты дайындаған: Орал қаласындағы № 44 орта жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Темирбаева Құралай
Хабиболлақызы.
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарларының көктемгі тіршілігі.
Сабақтың мақсаты:
а/ Көктемгі ауа-райының жалпы табиғаттың өзгеруіне байланысты үй жануарларының тіршілігінде болатын өзгерістер туралы түсінік беру.
ә/ Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу. Үлкендер еңбегін сыйлауға үйретіп адамгершілік тәрбие беру.
б/ Өлі табиғатпен тірі табиғаттың байланысын түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын дамыту.
Көрнекілігі: үй жануарларының суреттері, интер. Тақта
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту , шығармашылық ізденіс
Сабақтың жоспары:
- Психологиялық дайындық
- Үй тапсырмасын тексеру
- Ой ашар. Жаңа сабақ.
- Ой қозғау
- Мәтінді оқу
- Өзіндік жұмыс
- Топпен жұмыс
- Ой толғаныс.
- Эссе жазу
- Сабақты қорыту.
- Үй тапсырмасы
- Бағалау
Пәнаралық байланыс-әдебиеттік оқу.
- Дамыта оқыту технологиясы
- Жаңа ақпараттық технологиясы
Сбақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Тәңір берген дүниені,
Бойға матап қамама
Өзгелермен бәрін бөліс,
Өзіңді шын бағала-демекші қоршаған ортаны танитын пән дүниетану сабағына қош келдіңіздер!
І. Ұйымдастыру бөлімі.
/ психологиялық дайындық жүргізіп, көңілдендіріп аламын/
ІІ. Өткенді қайталау.
1-слайд.
- Көктемде жабайы аңдар тіршілігнде қандай өзгерістер болады?
- Көктемде үй жануарлары тіршілігінен қандай өзгерістер байқадың?
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Қызығушылығын ояту. Ой қозғау әдісі.
- Мәтінді оқымас бұрын жануарлар туралы ойларын біліп алу
- Қандай үй жануарларын білесіңдер?
- Үй жануарлары туралы жұмбақтар шешу.
Үйір-үйір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады. / түйе/
Тастан тасқа секіреді,
Қалқиып қос құлағы.
Ойын болып көкірегі,
Аула болып тұрағы. /лақ/
2-слайд
Көктемде күннің жылуына байланысты қар ериді. Жылы жаңбыр жауады. Көк шөп шығады. Ағаштар бүршік жарады. Осының бәрі жануарлар үшін қоректің көбеюіне жағдай жасайды.
3 –слайд.
а/ Мәтінмен жұмыс.
- Мәтінді мәнерлеп оқу, мәтіннің мазмұнымен оқушыларды таныстыру.
- Суреттер, сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс.
- Әр үй жануарларының төлдерін ата.
- «Шөл даланың кемесі» әңгімесінің мазмұны бойынша талдау жүргізу.
- Сергіту сәті.
ә/ Дәптермен жұмыс.
4-слайд
Енелері мен төлдерін сызық арқылы қосу. Суретке қарап, үй жануарларының төлдерін атау.
Тақтаға жануарлардың аттары жазылады: көгершін, торғай,қасқыр, аю, кірпі, шортан. Осыларды топқа бөліп, әр топты атау тапсырылады.
б/ Топпен жұмыс.
5-слайд.
1 топқа 2 топқа 3 топқа
Көктемгі тіршілік Көктемді суреттеу үй жануарларына
/эссе жазу/ қатысты мақал-
мәтелдер айту
- Әр топтың тапсырмасы тыңдалып, бағалау;
- Қорытынды.
- Біз не білдік?
- Әлі не білуіміз керек?
- Сенің мақсатың не?
- Қорытынды ойың?
- Үйге тапсырма.
-Үйге мәтінді оқып түсіну және үй жануарларының төлдеріне қатысты тақпақтар жинау.