Су. Судың қасиеті
Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға су тіршіліктің көзі екенін таныстыру. Әр түрлі тәжірибелер нәтижесінде судың басты қасиеттерімен және оның шаруашылық маңызымен оқушыларды таныстыру.
- Оқушылырдың су туралы білімдерін кеңейту. Ойын, тілін, байқағыштығын, білімқұмарлығын дамыту.
- Суды ластамауға, қорғауға, таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, тәжірибе.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, суреттер, сызбалар, ыдыс, су, сүт, қасық, үлестірмелі қағаздар. т.б.
Сабақ барысы.
- Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. 2 слайд
Бүгін қай күн? (Сәрсенбі) Қайырлы күн балалар,
Ертең қай күн? (Бейсенбі) Қайырлы күн, мұғалімдер
Оят онда Сәрсенді, Тыныш болып түніміз
Оят онда Бейсенді Ашық болып күніміз
Сабағынан қалмасын. Сәттілікке толсын – ай.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
- Ауаның негізгі қасиеттерін айтыңдар?
- Ауаның тіршіліктегі пайдасын айтыңдар?
- Ауаның шаруашылықтағы маңызы жайында не білдіңдер?
- Не білдік? Не үйрендік? т.б.
III.Жаңа сабақ. 1. Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын табу. 3 слайд
Өзенде, көлде өмір сүреді,
Аспанда қалқып жүреді.
Іші пысқан кездерде,
Жерге тамып түседі. (су)
- Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы мәтінді 2-3 оқушыға оқыту. 4 слайд
— Асан судың қандай қасиетін анықтады?
— Судың мөлдірлігін қалай анықтауға болады?
— Бұлақ жағасы неге ерекше әдемі?
— Адаммен судың байланысы туралы әңгімелеп беріңдерші?
- Судың қасиеті. Кейде судың түсін ақ дейді. Солай ма? оны білу үшін бірнеше тәжірибе жасап көрелік. 5 слайд
1 – тәжірибе. Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құйып, екеуін салыстыру. Сүт – ақ, ал су түссіз. Таза суды аз мөлшерде алсақ, түссіз. Ал өзен, көл суларының түсі әр түрлі болады. Оның себебін кейін білеміз. су – мөлдір. Оны анықтап көрейік.
2 – тәжірибе. Екі стаканның біреуіне сүт, біреуіне су құю. Олардың ішіне қасық салу. Қайсысындағы қасық анық көрінеді. Неге?
— Бұл тәжірибеден судың қандай қасиетін байқадыңдар? Суды искеп көр. Иісі жоқ. Олай болса, су түссіз, мөлдір, иіссіз. 6 слайд
3 – тәжірибе. Кесеге, шыныға, сатаканға су құю. Ыдыстардағы судың пішініне назарларын аударту. – Су қандай пішінге ие болды? Әрбір құйылған ыдыстың дәл өзіндей емес пе? Олай болса, суда тұрақты пішін болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішінін алады екен. Суды кез – келген беті тегіс нәрсеге құйып, (ол жан – жағына аға бастайды) судың сұйық екенін түсіндіру.
- Аққан су түгел жоқ болып кетті ме? Оның орныда дымқыл, сулы із қалды, олай болса су жұғады екен. Бірақ артынша олда жоқ болады. Кеуіп кетеді. Кез келген затты суға малсаң, ол су-су болады. Жуылған киімді далаға жаяды. Ол біраздан кейін кебеді. Ойланыңдаршы оның бойындағы су қайда кетеді? Күн көзі жылуынан су буға айналады. Бу ауаға араласты.
- Жазда шомылып рахаттанған өзеннің қыста қандай пайдасын көресің? Қыста оның үстінен конькимен, шанамен сырғанайсың бұл мұз қайдан пайда болды? қысқы суықта қатып, мұзға айналады. 7 слайд
- – Балалар, жаңбыр жауды. Жаңбыр суы қайда кетті?
- Топыраққа сіңіп кетті. (Оқушылар өздері қорытып айтып кетеді)
Топырақ қабатынан өткен су сүзіліп тазарады. Су – сүзгіш.
— Судың тағы бір кереметі – ол жер бетіндегі үнемі тынымсыз айналыста жүретіні.
Оқушылар алдында сұрақ туындайды. Олар өздері жауап іздейді.айд) 8 слайд
- Оқулықпен жұмыс. Ш.Ахметовтың өлеңін оқып, жұмбақты шешу.
9 слайд. Глобуқа қараңдар, ғарышкерлер ғарыштан осылай көреді. Бұны тез айналдырсақ тек көк түс қана сияқты, көк түспен жер бетіндегі өзен, көл, мұхиттар бейнеленген. Яғни жер бетінің ¾ бөлігін су алып жатыр .
10 слайд Су туралы статистикаға сүйенсек жер бетінің 71% пайызын су алыпжатса, 29 % пайызы ғана құрлық екен.
12 слайд. Судың қасиетіне жататындардың астын сыз.
Мөлдір, түссіз, исі бар, көк түсті, исі жоқ, сүзіледі, пішінді, пішіні жоқ, тұнық, сұйық, отты жанғызады.
13 слайд. Дұрыс пікірді бағыттауыш сызықпен қос:
Ерігенд судың мұзға айналуы
Қатқанда судың буға айналуы
буланғанда мұздың суға айналуы
14 слаид Оқушыларды үш қатарға бөлу тапсырма беру.
1 – қатар «Су – тіршілік көзі» әңгіме (эссе) жазу.
2 – қатар. Су туралы мақал – мәтел айт.
3 – қатар. Су туралы қандай тыйым сөз білеміз.
15 слаид. Су дегеніміз не? Мына суреттерге қарап қандай ой түйуге болады?
16 слаид Мына суреттегі берілген жағдайлардың қайсысы судың ластануына қатысты.
Жер бетіндегі судың таза болуы онда тіршілік ететін адамдарға қатысты.
17 слаид Судың қажеттілігі.
18 слаид Судың пайдасы және зияны.
19 слаид. Самаурынның шайы қайнағанда неге азаяды.
- Сұрақ тапсырмаларды орындау.
- Судың бүкіл қасиеттерін (аққыш, жабысқақ, жұққыш, пішінсіз) талдап түсірдір.
- Судың түсі жайында берілген тәжірибелері қорытындыла.
- Су – бу – мұз. Осы үшеуін байланыстырып әңгімеле.
- Күнделікті өмірден судың қасиеті жайында байқағандарыңды айтыңдар.
- Самаурындағы шай қайнағанда азайып ортаяды. Неге?
IV.Қорытынды. 20 слаид.
- Сабақ сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?
- Не білдік? Не үйрендік? т.б.
V.Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау, мадақтау.
VI.Үйге тапсырма беру. 41 – 44 бет оқу. Су туралы тыйым сөздер жазу, жаттау.