Есеп шығару

Жас математик       3- сынып

Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есептер шығарумен танысады. Соған байланысты тапсырмалар

орындайды.

Дамытушылық: Танымдық қызығушылығын арттыра отырып, логикалық

тапсырмаларды орындайды,шығармашылық қабілеттерін

дамытады. Тез, шапшаң есептеу қабілеттері артады.

Тәрбиелілік:  Топпен жұмыс жасай біледі, бір-бірін сыйлайды, көмектеседі.

Көрнекілігі:маркер, кеспе қағаздар,геометриялық фигуралар.

Барысы:1.Ұйымдастыру.

2.Психологиялық дайындық

Кәне, досым тексерші,

Дайынсың ба сабаққа?

Орнында ма бүтін бе?

Дәптер,қалам, кітаптар.

Тұрма сызғыш алдыңда,

Қолыңда ма, қаламың?

 

Топқа фигуралардың қиындыларын құрастыру арқылы бөлінеді.

 

3.Миға шабул: Ойын «кім шапшаң?»

1-топ                        2-топ                                  3-топ

3*8=24                     7*6= 42                               8*4=32

9*5 = 45                    4*6=  24                             6*6 =36

9*3=  27                    3*8 =24                              7*5 = 35

8*8= 64                     9*9  = 81                            8*5= 40

16:4=4                       32:4=8                                63:7=9

 

Жаңа сабақ:

1-топ

Үш кітапта 800 бет бар. Бірінші кітапта 250 бет бар, екінші кітапта бірінші кітапқа қарағанда 35 бет кем.Үшінші кітапта неше бет бар?

Ш: 1) 250-35=215

2) 250+215=465

3) 800-465=335

Ж: үшінші кітапта 335 бет бар

 

2-топ

Алаңға көбелектер мен аралар ұшып келді. 8 ара гүлдерге екі-екіденқонды, 12 көбелек те сонша гүлге тең бөлініп қонды. Әр гүлге неше көбелек қонды?

Ш: 1) 8:2=4

2)12:4=3

Ж:Әр гүлге 3 көбелек қонды.

 

3-топ

Саяжайға орындықтар орнату үшін әр орындыққа 2 шұңқырдан қазу керек. Түске дейін 6 орындық, түстен кейін 4 орындық орнатылды. Неше шұңқыр қазылды?

Ш: 1)6*2=12

2)4*2=6

3) 12+6=18

Ж: 18 шұңқыр қазылды.

  • Қандай тапсырмалар орындадық?
  • Есептер шығардық.
  • Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыз «Есептер шығару»-деп аталады.

Математикалық фокус:

  • «Тағы да бес»
  1. 1-ден 5-ке дейінгі бір санды ойла.
  2. Оған келесі реттік санды қос.
  3. Нәтижеге 9-ды қос.
  4. Оны 2-ге бөл.
  5. Ойлаған санды шегер.
  6. 5 саны шықты.
  • «Отбасы мүшелерін анықтау»
  1. Отбасы мүшелерінің санына 1-ді қос 6+1=7
  2. Шыққан санды 2-ге көбейт. 7*2=14
  3. Соңғы жауаптан 3-ті алып таста 14-3=11
  4. Соңғы санға 1-ді қос 11+1=12
  5. Бұл санды 2-ге бөл 12:2=6

Дәптермен жұмыс:

2*9=18         а) 2, 9, 8 сандары бойынша мүмкін болатын

9*2=18             теңдіктер құр. Еселіктері мен бөлгіштерін ата.

       18:9=2              б) 2 және 9 сандарының тағы қандай еселіктері бар.

       18:2=9              в)18-дің тағы қандай бөлгіштері бар?

 

  1. Әселдің 40 теңгесі бар. Осы теңгесіне ол қандай ойыншықтар сатып ала алады? Егер екі ойыншық алғысы келсе қандай ойыншықтарды алады? Егер үш ойыншық алғысы келсе қандай ойыншықтарды алады?

            30тг          8тг            32тг         46тг            14тг

  1. Жер шарындағы ең биік таудың атын шеш:

-750           + 397           — 325            -910             -842

    684М  496Л    68О 706 У   575Ж

066             893             257             204               267

 

+548             -200            +513            -509

299 Д  125 Н    87 А   334 Г    

847               75               600             175

847267257666008932047517566600
ДЖОМАЛУНГМА

 

Гималаи -әлемдегі ең биік тау, ал ондағы ең биік шың- Джомолунгма шыңы. Гималаи тауының ұзындығ-2400км, ал ені-350 км.Гималай тауындағы температура -25С-тан -40С градусқа жетеді, ал жел жылдамдығы 150 км/сағ.

Сергіту сәті:

Блиц-турнир
1-топ:
1.Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
2.Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (21)
3.Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат)
4.Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)
5.Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)

 

2-топ:

1.   1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)
2.Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4)
3.Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)
4.Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды? (2)
5.2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? (тең)
3-топ

1.Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? (алмұрт)
2.Бір айда 5 жексенбі бола ма? (жоқ)
3.Үш ат жегілген арба 30 км жүрді.Бір аттың жылдамдығы қандай?
4.Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз? (5)
5.Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
3.Өрнектердің мәнін тап:

9*2=18              12:6=2               18:9=2          6*2=12       12:2=6            18:2=9

Өрнек құр және оның мәнін тап.

А) 400 ге 40 тың 8 ге бөліндісін қос  400+40:8=405

Ә) 7-нің 5-ке көбейтіндісінен 35-ті азайт; 7*5-35=0

Б) 418 ден 6 мен 3-тің көбейтіндісін азайт.418-6*3=400

 

  1. Ойлан,тап:

800:2<500-250

Сабақты бекіту:

Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. Неге? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы да бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі – жақсы шашатараз)

Шығармашылық жұмыс.

1-топ:

2-топ

3-топ