Ү ү әрпі мен дыбысы
Сабақтың тақырыбы: Ү ү әрпі мен дыбысы
Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі:Ү үдыбысы мен әрпін таныту.Өткен дыбыстарды
Қатыстырып сөз, сөйлем құрату.
ә\Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа,тиянақтылыққа
тәрбиелеу.
б\Дамытушылығы:Ү дыбысына байланысты сөздерді білдіру арқылы оқушылардын ой-өрісін дамытып, зейінін жетілдіру. Сөздік қорларын молайтып , тіл байлықтарын дамыту.
.
Пән аралық байланыс: дүниетану
Әдісі:сұрақ-жауап, сөздік.
Түрі:аралас
Көрнекілігі:Суреттер,жұмбақтар,мақал-мәтелдер, слайд
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Сабаққа назарларын аудару.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
1.Дидактикткалық материалдар мен суреттерді пайдалана отырып, сөздерді буынға бөлу.
- Әр сөзге дыбыстық талдау жасап, сызба түрінде көрсету: үйрек, үкі, жүгері,түлкі.
«Бауырсақ» ертегісі
ІІІ. Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме.
1.Тақырыпты сурет бойынша әңгіме жүргізу. «бауырсақ» ертегісі туралы әңгімелету.
— түлкі сөзінде қандай дыбыстан таныс емес?
— Ү дыбысы
— Ү дыбысына мысалдар ойлайықшы
- Ү дыбысына сөздер айтқыза, отырып Ү дыбысы сөздің қай буында кездесетінін аңғарту:үкі үйрек үтік үн үнді буындық, дыбыстық талдау жасату
3.Сергіту сәті.
. Сурет бойынша сөз құрату «Кім көп сөз құрайды?»
3.а) Мазмұнды суреттер бойынша әңгіме жүргізу. Ү дыбысына байланысты сурет (буынға бөлу, қай дыбыстан басталатынын айтқызу).
4.Оқулықпен жұмыс
-Буындарға буын қосып сөз құрату
— Ормандағы аңдар мәтінін оқыу, мазмұнын түсіндіру.
-. Сөйлем құрау. (тірек сызба арқылы) Ү дыбысы қатысты сөздерді тапқызу, буынға бөлу, қай буында Ү әрпі мен дыбысы кездесетінін айтқызу.
5.- Ү-Ұ дыбысы мен әріптерінің ерекшеліктерін түсіндіру.
Үн күн күз күндіз күрек
Ұн кұн кұн кұндыз құрақ
Сөздердің жуан, жіңішке айтылуын түсіндіру.
- Дәптермен жұмыс.
дәптермен қаламды дұрыс пайдалану ережесін сақтау.
Әріптердін дұрыс тұлғасын өрнектеу үшін қол саусақтарын жаттықтыру. М м әріпін
.жазу үшін оның элементін құрайтын сызықтарды жазу арқылы әріптің толық тұлғасын өрнектеу.( тақтада көрсету)
7 диктант:Түлкі-өте қу.Ол ертегілердегі айлакер жануардың бірі.
IV.Сабақты бекіту.
«Кім жылдам»Ойын арқылы сабақты бекіту
Жоқ әріпті табу. К…н жарқырап тұр. ……кі жыртқыш құс. Т.б
- Қорытынды.
-Қандай әріппен таныстық?
— Ү дыбысы қандай дыбыс?
- Мадақтау.