Ұлы Жеңіс — ұрпаққа аманат.

Тақырыбы: Ұлы Жеңіс — ұрпаққа аманат.

Мақсаты:  Ұлы жеңісті дәріптеу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен  қазақстандықтардың ерлік істерімен қастерелеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту, ой — өрісін дамыту.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысының батырлары, интерактифті тақта.

Ұйымдастыру бөлімі:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздармен қонақтар! Ұлы Жеңістің 70 жылдығына  арналған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Көрініс: «Бейбіт өмір».

Мұғалім: Міне, балалар осылай бейбіт жатқан елге фашистік Германия күтпеген жерден опасыздықпен соғыс ашты.

1941 жылдын жазында,

Ештеңе жоқ еліміздің жадында.

Тұт қиылдан соғыс ашты Гитлер,

Жерімізді жаулап алу жолында.

Қара бұлт үйірілгенде аспаныма,

Елін, жерін бермеу үшін жат қолына,

Қан майданға аттанды боздақтарым,

Жиырмадан жаңа асқан жас шағында.

1941 жылдың 22 маусымы күні сағат таңғы 4 те фашистік Германия Отанымызға тұт қиылдан шабуыл жасады. Әлемді дүрліктірген алапат дауыл халықтың жүрегін қанжылатты. Тыныш жатқан халықты бір-бірінен ажыратып, анасын баласынан, баласын анасынан, бауырынан, әкесінен айырған сұрапыл соғыс басталды.

1 – слайд: «Соғыс» сөзін топтастыру.

 

2 – слайд. Сандар сыр шертеді.

 

Мұғалім: Шаттық әнді қайғылы күнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. Бұл халық үшін ауыр кезең еді. Дәл осы кезде «Отан Ана  шақырады» деген ұранмен бүкіл совет халқы, оның ішінде Қазақсаннан 1 млн. 200 мың адам майданға аттанды. «Бәріде майдан үшін» деген ұран тасталды. Портизан отрядтары құрылды. Еңкейген кәрі, өрімдей жас, енбектеген балаға дейін елі, жері, Отаны үшін арпалысты. Кір жуып кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп жалын кескен ер азаматтар ешқашан ұмытылмайды.

Ұлы Отан соғысына қатысқандардың есімі аңызға айналып, тарихта өшпес із қалдырды.

Біріктіріп үміті мен  тілегін,

Біріктіріп барлық күші, жігерін.

Ана үшін, бала үшін, жер үшін,

Жасқанбастан тосты отқа жүрегін.

Иә, балалар, бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Әкелеріміз, апаларымыз, ағаларымыз ерлікпен Отанымызды қорғады. Ұлы Отан соғысына қатысқандардың есімдері аңызға айналып, тарих бетінде «Батыр» деп жазылды. Олардың ішінде жазушы, батыр ағаларымызда болды. Олар: Қ.Қайсенов, Қ.Аманжолов, Б.Момышұлы, Б.Бұлқышов, Ә.Нұршайықов, Ә.Шарыпов т.б. Екі мәрте  совет одағының Батыры атағын алған ержүрек ерлерімізде бар. Ол Талғат Бигелдинов.

3 – слайд. «Ер есімі – ел есінде»

(Батыр аға, апаларымыздың суреттерімен жұмыс).

4 – видеоролик. Б.Момышұлының өз дауысы.

 

Мұғалім: Адамзат тарихындағы осынау Ұлы Жеңіске жетуде біздің жерлестеріміздің де зор үлесі бар. Жаңақала өңірінен мыңдаған жастар соғысқа аттанды. Жерлестеріміз ел басына күн туып, ер етігімен су кешкен қасіретті шақта Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін кеуделерін от пен оққа төседі.

1418 күнге созылған соғыста Жаңақаладан, оның ішінде Маштексай, Мұқыр ауылынанда жүздеген жерлестеріміз соғысқа аттанды. Оның ішінде Жаңақала бойынша төрт перзентіміз Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Мұқыр ауылынан соғысқа аттанған 400 адамнан 14-і елге аман – есен оралды.

5 — слайд. Ауданымыздың өшпес жұлдыздары.

6 — слайд. Туған өлкем – тұнған шежірем.

 

Мұғалім: 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысында жеңіп шыққанымыздың себептерінің бірі – тыл жұмысындағы еңбекшілердің ерен еңбектерінің нәтижесі еді. Егіншілік пен мал шаруашылығы шеберлерінің қатары өсті. Бүкіл халықтық «Жеңіс қоры» құрылып, оған өз үлестерін қосып жатты. Біздің Мұқыр ауылынанда көптеген аға — апаларымыз өз үлестерін қосты.

7 – слайд. Тыл еңбеккерлері.

Мұғалім: Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ совет халқы жан – тәнімен өз Отанын қорғауға аттанды. Әр бір ауыл, әр бір қала үшін  ұрыс болды. Жау алғашқы күннен-ақ Советтік Отанның жүрегі есепті болған ең негізгі қалаларға шүйелді. Соның бірі тарихи көркем қала Ленинград еді. Ленинград жау қоршауында қалды. Қала халқы 900 күн бойы соғысты. Ержүрек Ленинградтықтар өз қаласын қорғап қалды.

1944 жылы қаңтарда Ленинград жаудан азат етілді. Неміс фашист армиясының ең негізгі мақсаты Москваны басып алу еді. 1941 жылдың күзінде жау Москваға шабуыл жасады. Отанымыздың жүрегін бүкіл ел болып қорғады. Совет жауынгерлері қалалар мен ауылдарды жан қиярлықпен қорғады. Фашисттерді жер жастандырған батыр қала Москва, Ленинград, Киев, Одесса, Волгоград, Минск, Севостополь, Тула, қаһарман қамал Брест, Новороссийск, Керчьке Ленин ордені мен алтын жұлдыз тапсырылды.

8 — слайд. Батыр қалалар.

 

Мұғалім: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкімде ұмытылмайды, ешкімде ұмыт қалмайды» осынау сөздер Жеңіс күні мерекелеу кезінде жиі айтылды, тағыда осынау сөздер соғыста қаза тапқандардың ескерткіштеріне де қашалып жазылған.

9 – слайд. Ұлы Отан Соғысы батырларына қойылған ескерткіштер.

(Әр қаладағы ескерткіштерді көрсету).

 

Мұғалім: Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталды. Жеңіс! Жеңіс! Бұл сөзді есту үшін жұрт төрт жыл күтті. Жеңіс келді, бірақ көптеген адамның Жеңістен күткен үміті, күткен адамдары келген жоқ. Көптеген ананаң баласы, жары, қаншама баланың әкесі соғыстан оралмады.

Туған жеріне орала алмай жат жердің топырағы бұйырған, Жеңіс күнін көре алмай кеткен ерлеріміздің рухына бір минут үнсіздік жариялаймыз.

(1 минут үнсіздік).

Әдеби монтаж

Арылтып жерден жауымды,

Табанға жаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді,

Десеңдер бұл қай күн?

Хор: 9 мамыр күні.

1 – оқушы: Жеңіс күні – 9мамыр. Бейбіт өміріміздің бастауы болған күн.

2 – оқушы: 9 мамыр – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған күн.

3 – оқушы: 9 мамыр – фашизімді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні.

4 – оқушы: Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні.

5 – оқушы: Бұл күн – әділетсіздікті әділдіктің жеңген күн.

Ән: «Майдангерлер әлі сапта»

 

         1-оқушы:  «Көк түтінге көмемін деп көгімді,

Ес жидырмай еземін», — деп елімді.

Келді фашист жеңе алмады бірақ та,

Бақыт үшін қаншама қан төгілді.

Бақыт деген келер дәйым күреспен,

Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.

Бақыт үшін арпалысты әкелер,

Тек бақытқа қол созумен ұл өсті.

 

2 –оқушы:   Ұмытылмай соғыс салған жарасы,

70 жыл Жеңіс күннің арасы,

45 – тің мамырында елім жаудан арылып,

Жеңіс күнін тойлап жатты бүкіл Отан даласы.

Ерлігіне теңеу жетпес елін жаудан қорғаған,

Ұрпағына аманат қып елін, жерін жолдаған,

Дақ түсірмей қорғайықшы кейінгі біз жас ұрпақ,

Әрдайым да тыныш болсын, тыныш болсын кең далам.

 

3 – оқушы:  Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне.

Аспан бәрін қаптаған қара тұман,

Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні.

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде кетті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

 

4 – оқушы:  Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Жас ұрпақ, асыр сап,

Шырқайды ерлікті ән қылып,

Небір таулар құлазып шөксе де.

Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік.

 

5 – оқушы:  Соғыс десе қатуланам, қиналам,

Рас, оны көрдік біздер кинодан

Оққа оранып от кешкен арыстардың,

Арқасында аман қалды бұл қалам.

Қара бұлтқа оранбасын Күн көкте,

Барлық халық бейбіт өмір сүрмек де!

Отанымның бақыты үшін мерт болған,

Батырларды есіңде ұста, құрметте!

Хор: Жеңіс туы, Жеңіс туы!

Желбіресін мәңгілік.

Жеңіс жыры, Жеңіс жыры

Асқақтасын жаңғырып.

«Мен атамды мақтан етемін» (оқушылардың шығармасы).

 

 

 

Қорытынды:

Бүгінгі ұрпақ – өзіміздің бейбіт өмірімізде, алаңсыз күлкімізде, тыныш ұйқымызда, тербелген тал бесіктің қуанышында Отанды қорғаған аталарымыз бен әжелеріміздің мәңгілік үлесі тұрғанын ұмытпай, аталарымыздың ұрпаққа аманат етіп қалдырған Ұлы Жеңісін қадірлей білейік.

Биік ұш бейбітшілік көгершіні,

Асып өт, нелер мұхит, не бір шыңды.

Қаққанда қанатыңды бірге естілсін,

Әлем жас ұрпағының өршіл үні.

Хор: «Ақ көгершін»