Дауыссыз б мен п

Сабақ тақырыбы: Дауыссыз б мен п

Сабақ мақсаты: 1.Дауыссыз дыбыстардың түрлерін еске түсіріп, б мен п дыбыстарының ерекшеліктеріне, емлелік ережелеріне тоқталу.

2.Оқушының фонетика бойынша білімін кеңейту, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін нығайту;

3.Күз мезгілінің ерекшелігін көе білуге, әдемілікке тәрбиелеу;

 

Сабақ түрі, типі: қайталау

Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сұрақ-жауап, практикалық, талдау

Көрнекіліктер:көкөністер мен жемістер суреттері,  сызба, дауыссыз дыбыс түрлері жазылған парақтар, оқулық

 

Сабақ барысы:           1. Ұйымдастыру сәті

 

  1. Қызығушылығын ояту: «Иә-жоқ» Сұраққа жауап беру

-Қазақ әліпбиінде 42 бар.  (Иә)

-Дауысты дыбыстар 3-ке бөлінеді. (жоқ)

— Әріптерді айтамыз, естиміз. (жоқ)

-Дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді. (иә)

-я дыбысы (й+а) дыбыстарынан құралған. /иә/

-сөздегі буын саны дауысыз дыбысқа байланысты /жоқ/

 

3.Мағынаны ашу. Сызбамен жұмыс «Дауыссыз дыбыстар»

 

Дауыссыз дыбыстар

 

                                      Қатаң                             ұяң                                   үнді       

 

Қатаң, ұяң. Үнді дыбыстарды оқушылар өздері толықтырып, еске түсіріп жазады.

Шешім шығару: дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді. П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс естілсе, б-ға өзгереді.

Көркем жазу: Бб  Пп Балдырған бірінші партада отырады. Кітап-кітабы,жіп-жібі.

   Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Суреттегі заттардың аттарын атап, дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөздерді жазу. Дауыссыз дыбыстарды олардың түрлеріне қарай топтап жазу.

Қызанақ, картоп, қарбыз, жапырақ, қауын, бидай.

  Өзіндік жұмыс. 2-жаттығу. Мәтінді оқушылардың өздеріне оқытып шығу. Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, оларға дыбыстық талдау жасау.

    -Күз мезгілінің айларын айтайықшы. Қыркүйек айында қандай өзгерістер болады? Күзді неге алтынға теңейміз? Балалар үшін қандай қуанышты күн бар?

  Сергіту сәті:  Нан қиқымын шашпаңдар,

                          Жерде жатса баспаңдар.

                          Теріп алып қастерлеп,

                          Торғайларға тастаңдар.

   Тақтада жұмыс. 4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, көшіріп жазу. Сөйлемдердегі сөздер санын анықтау. П дыбысына ауызша талдау жасау.

4.Ой қорыту. Үлестірме парақтардағы дауыссыз дыбыс түрлерін толықтыру. Сөздердегі керек әріптерджі қойып, айту.

5-жаттығуды өздері орындап шығады.

 

5.Үйге тапсырма: дауыссыз дыбыс түрлерін жаттап келу, 3-жаттығу /12 бет/

 

6.Бағалау.