Ашық тәрбие сағаты: Қайдан келдің бауырсақ

Тәрбие сағаты :»Қайдан келдің бауырсақ ?»

Ашық тәрбие сағаты: Қайдан келдің бауырсақ               

Сабақтың мақсаты:                                                                                                                                             1. Асты қадірлеп, қастерлеуге үйрету.
2. Нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.                                                                                                                                               3. Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Нақыл сөздер, ас түрлері
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгін біздер «Қайдан келдің бауырсақ» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
І. Қызығушылықты ояту.
Ас дастарханға қалай келеді?
Оқушылардың пікірін тыңдау
ІІ. Мағынаны тану
Нан туралы ақыл – кеңестер.

«Дүниедегі көп байлықтың ең негізгісі – нан»
«Ас жүрген жер – береке»
«Дастархан дәмі – киелі»
«Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар»
1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды.
3.Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің
4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
5.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды
   Көрніс Қайдан келдің  бауырсақ

«Дастархан басындағы дәстүрлер»
1. Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, берекесі» деп қасиет тұтады.
2. Сонымен бірге дастархан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той – тамашаға, ас – су беруге жайылады.
3. Ас ішу кезінде сылпылдатпай, тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолда ұстау, түзу отыру, тазалық сақтау рәсімдері орындалады.
4. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады.
5. Той дастархан, той үлгі
Бай дастархан жайылды.
Атап –атап ас қойдық
Атаға деп бас қойдық.
6.Су құйдым да құманмен
Қолына мен әкемнің
Жұмбақтар:
5.Алға жайып тұз дәмін
Келтіреді үй сәнін
Ол халқымның ақ жаны
Жақсы дәстүр маржаны
Кең пейілде арайлы
Осы жерден тарайды. Бұл не? (дастархан)

Беттескен қос табақ
Ортасында бас табақ
Көзбен шоққа ораса,
Дәм піседі тамаша. Бұл не? (тары)
Мақал-мәтелдер:
1. Қырман басы – береке
Көп жүрген жер – мереке.
2.Егін ексең – тыңға.
Шықтым дей бер шыңға.
Қоныс көркі – там.
Дастархан көркі – нан.
Нан – тамақтың атасы.
Ынтымақ – көптің батасы.
Тістем наның қадірін
Тарыққанда білерсің.
«Үй тапсырма»
Үйден дайындап келген ас мәзірімен таныстыру

Ой қорыту:
Бүгін сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ырым – тыйымдарды білдіңдер. Осының бәрі өздігінен орындалмайды, үстелге өздігінен келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» , – демекші еңбек етулерің керек. Сендердің еңбек еткендерің – ата-ананың айтқанын тыңдау, орындау, сабақты жақсы оқу.