Логарифмдік теңдеулер
Сабақ тақырыбы: Логарифмдік теңдеулер
Сабақ мақсаты:
- Оқушыларға логарифмдік теңдеулерді шешудің әдістерін оқытып-үйрету.
- Логарифмдік теңдеулерді шешу үшін алдымен берілген логарифмдік функцияның анықталу облысын табу керектігін, логарифмнің анықтамасын және логарифмнің қасиеттерін қолдана алу дағдыларын арттыру, есептерді өз бетінше шығара алуы іскерліктерін арттыру.
- Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, адалдыққа, тиянақтылыққа, зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа білім беру
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ әдісі: топтық жұмыс, тест жұмысы, практикалық, сұрақ-жауап, деңгейлік, сәйкестендіру, проблемалық сұрақ, өз бетімен жұмыс
Сабақ принцптері: бірізділік, ғылымилық, өмірмен байланыстылығы
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу, сабақ мақсатын түсіндіру
ІІ. 1.Ой қозғау
Мына қызықты қараңыз? «2 > 3»
1/4 > 1/8 бұл даусыз ақиқат
(1/2)2 > (1/2)3, бұл да күмән келтірмейді.
Үлкен санға үлкен логарифм сәйкес келеді:
lg(1/2)2 > lg(1/2)3; 2lg(1/2) > 3lg(1/2).
lg(1/2) –ге қысқартудан кейін: 2 > 3.
— Қай жерде қателік?
- Сұрақ-жауап
ІІІ. Жаңа білім беру
- Топпен жұмыс. Төрт топқа бөлінген оқушылар логарифмдік теңдеу шешудің әдістерін талдап, қорғайды.
- Мұғалімнің жинақтап-қорытындылауы
- Жаңа сабақты бекіту
- Есептер шығару (7-9 слайдтар)
- Тест жұмысы
№1 -1; 0; 1; 2; 4; 8 сандарының қайсысы log2 х=х-2 теңдеуінің түбірі болады? №2 Теңдеулерін шеш: а) log16х= 2; в) log2 (2х- х2 ) -=0; г) log3 (х-1)=log3 (2х+1) №3 у = log2 (х+4) функциясының анықталу облысын тап №4 Сандарды салыстыр: log3 6/5 и log3 5/6; log0,2 5 и . Log0,2 17.
|
- Қорытынды бөлім
VІ. Бағалау. Топпен жұмысты оқушылар бірін-бірі бағалайды
VІІ. Үйге тапсырма. Есептер шығару