«Күлпаш». «Кедей»
Сабақтың тақырыбы: «Күлпаш». «Кедей»
Сабақтың мақсаты: 1) Әңгімені мәнерлеп, сауатты оқуға машықтандыру;
2) Әңгіменің, өлеңнің мазмұнын жүйелі баяндау дағдысын жетілдіру;
3) Адамгершілік, мейірбандық сезімін қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Қойылым, ойын, сынау, талдау, шығармашылық жұмыс
Көрнекілігі: Б. Майлин, С. Торайғыровтың суреттері, плакатқа жазылған сөздік, өлең жолдары жазылған плакат
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру.
- Үй тапсырмасын сұрау. «Бәйге» ойынын ойнау арқылы тексеріледі. Онда оқушылардың өздері ұпай таңдайды.
20
50-Тоқаш Бокин не үшін күресті?
20-Түрмеде оған қандай айып тағылды?
30-Айыптау қорытындысы не болды деп ойлайсың?
40-Тоқашқа жолығуға кімді алып келді?
10-Ол анасымен не жайында сөйлесті, анасына не айтты?
3.Жаңа сабаққа байланыс арқылы көшу. Б. Майлин, С. Торайғыров туралы әңгімелесу, суреттерін пайдалану.
- Оқулықпен жұмыс. «Күлпаш» әңгімесінің мәтінімен түсініп оқу арқылы танысу.
- Сөздік жұмысын жүргізу.
Өрім-өрім-тозған, жыртылған.
Бөкебай-басқа жамылатын шәлі.
Ызғырық-суық жел.
Өлмелі кедей-өте кедей
- С. Торайғыровтың «Кедей» өлеңін оқу.
- Ойын: «Сиқырлы құрақ». Құрақтың сұрақтарына жауап бере отырып, екі шығарманы деңгейлік тапсырма арқылы талдау.
- Өлең мен әңгімені салыстыру.
-Ұйқастығы, айырмашылығы неде?
- Шығармашылық жұмыс, ұйқас табу.
Таза киім киемін
Білім алам алаңсыз.
- Сабақты бекіту. Сынау тапсырмаларын орындату арқылы оқушылардың алған білімдерін байқау.
- Біз немен таныстық?
А) әңгімемен;
Ә) өлеңмен
Б) ертегімен
В) мысалмен
2.«Күлпаш» әңгімесінің авторы кім?
А) Зейін Шашкин
Ә) Бейімбет Майлин
Б) Қабдеш Жұмаділов
- «Кедей» өлеңінің авторы кім?
А)Н. Байғанин
Б) М. Жұмабаев
В) С. Торайғыров
- Осы шығармада не туралы айтылған?
А)байлық
Ә) кедейлік
Б) достық
- Әңгіме мен өлеңдегі ұқсастықтар қайсы?
А) ауыр тұрмыс
Ә) қой күзету
Б) табиғаттың күйі
- «Күлпаш» әңгімесінен көрініс көрсету.
Үйге тапсырма: «Күлпаш» әңгімесін мазмұндау, «Кедей» өлеңін жаттау