Үстеу

Тақырыбы: Үстеу

Мақсаты:

Білімділік: Үстеу туралы алғашқы түсінік беру, тірек-сызба арқылы іс-әрекеттің

мезгілін, қалай орындалатынын, қайда болатынын  білдіретін сөз

табы екендігін меңгерту.

.Дамытушылық: Сөздердің мағынасын түсіндіру арқылы  оқушылардың

ойлау қабілетін, тіл байлығын,  нақты сөйлей білу

дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Жақсы қарым-қатынасқа, ұйымшылдыққа,, мейірімділікке,

кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  Жаңа білімді меңгерту

Көрнекілік:         Тірек-сызба, кесте, кодоскоп, карточкалар.

Әдіс-тәсілі:          Проблемалық оқыту, сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау, топтау, дәлелдеу.

 

Сабақ барысы:

І .Ұйымдастыру:   а)  Кезешілер мәліметі

                                  ә)  Психологиялық дайындық:  

Қайырлы күн,достым!

Қайырлы күн болсынІ

Күлші,қане, достым!

Күлші,қане,достым!

Бүгінгі күн міне, сәттілікке толсын!

4-тік, 5-тік бағалар күнделікке толсын!

                                  б) Сыныпты екі топқа бөлу,капитандары тағайындалады.

        —Бүгінгі сабағымызға қонақтар келді,оларға  бұрылып  қарап ,жылы ықыласымызды білдірейік.Енді сабақ барысында сендер артқа алаңдамай тамаша жұмыс жасайды деп ойлаймын.

 

ІІ. Өткенге шолу:  а) Өткенді қайталау мақсатында сендердің таңдауларыңа сұрақтары бар екі конверт беремін.

Конверт 1.

1)Есімдік дегеніміз  не?

2)Барыс септігінің жалғауларын ата.

3) Атау септігіндегі  ІІІ жақ жіктеу есімдігін септеңіз /Ол/

Конверт 2.

1)Етістіктің шақтарын сұрақтарымен атаңдар.

2) Жіктеу есімдіктерін атаңдар.

3) Атау септігіндегі ІІ жақ  жіктеу есімдігін атап, оны септеңдер .    /Сен/                     

 

ә)  Көркем жазу:_                   _Үү Ұұ   ҮүҰұ   ҮүҰұ   ҮүҰұ_

 

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.

  • Бүгінгі сабағымызда «Қазақ тілі» елінің «Сөз таптары» аулына барамыз.
  • Бұл ауылда біз бірнеше рет болғанбыз және бірнеше отбасымен таныспыз.
  • Олар қай сөз таптары?
  • /Зат есім,т.б./ балалардың жауабы.
  • Ал ,бүгін «Сөз таптары» ауылының Үстеу атты отбасымен танысамыз

 

 

1-тапсырма:       Мынадай сөйлемдерге назар аударайық

-Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

-Қай сөзбен байланысқан?

— Бұл сөздер етістіктің қандай белгісін білдіріп тұр? /әр сөйлемде/

  1. Құстар жоғары (қайда?) ұшты.
  2. Сыртта (қайда?) жапалақ-жапалақ қар жауып тұр.
  3. Биыл (қашан?) көктем кеш (қашан?) келді.
  4. Күн енді (қашан?) жылынады.
  5. Шөп қаулап (қалай?) өсті.
  6. Қар тез (қалай?) еріді..

2-тапсырма:    Берілген сөздерге сұрақ қойып, жауап беретін сұрағына қарай  топтап жазыңдар:

1-топ:Төменде,   тез, күні бойы ,алға,  жаңаша,  жоғарыда,

           қолма-қол, күндіз-түні , ақырын, орысша,  тал түсте .                     

2-топ: Бүгін, кеше, артта,   қазақша, осында,  шапшаң ,

          таң сәріде,  ертең,  сыртта,  шалқасынан,  бірте-бірте.         

Қашан?                            Қайда?                                    Қалай?

Тал түсте                       төменде                                       тез

Күні бойы                        жоғарыда                                  ақырын

Күндіз-түні                      алға                                            жаңаша

Бүгін                                 артта                                         қазақша

Ертең                               сыртта                                       орысша

Кеше                                  осында                                          шапшаң

Таң сәріде                          шалқасынан

                                                                                              қолма-қол

                                                                                              бірте-бірте

Бұл сөздерді сұрақтарына қарап ,қандай сөз табына жатқызамыз?

-Үстеу!

Ендеше,  тірек сызба құрастырып көрейік:

 

 

 

 

  Үстеу        

Мағынасына қарай

 

Мезгіл                      

                                                               Мекен                   Сын-қимыл     

                                                       С ұ р а қ т а р ы:         

                       

                              

                             Қашан?                     Қайда?                          Қалай?

 

 

* Жазған сөздерді мағыналық түрлеріне қарай, сызбаға салатын  болсақ,

ҮСТЕУДІҢ мағыналық түрлеріне қарай қай түріне  жатқызуға болады?

*Неге сол топқа жатқызғандарыңды сызбаны басшылыққа алып, дәлелдеп

 түсіндіріп көрейік.

Іс-әрекеттің мезгілін (мекенін,

                                                               сын- қимылын) білдіреді.

Бұл – үстеу, өйткені

 

                                                     Қашан? (қайда? қалай?) сұрағына          

                                                         жауап  береді.

Ендеше, ереже қорытамыз:

***Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін  сөздерді      

     ҮСТЕУ дейді. Үстеулер қашан? қайда? қалай? деген сұрақтарға     

     жауап береді.

Сергіту:

Оқулықпен жұмыс:  Айтқан ережені оқулықтағы ережемен салыстырып

                                       көрейік.

 

3-тапсырма:  І топ – 1-жат. 1,3,5-сөйлемдерді.

ІІ топ- 1-жат.   2,4,5-сөйлемдерді  тақтаға орындау.

2 ,3,4- жаттығуларды орындау. /өз беттерінше әр топта/

 

4-тапсырма: Мәтіндерді қалып қойған үстеулермен толықтырып оқыңдар, шығарманың қай түріне жататынын анықтаңдар:

 

1.Ерте  (қашан?) шықсаң, алдыңнан  (қайдан?)  күн шығады.

   Кеш (қашан?)  шықсаң,  алдыңнан (қайдан?) түн шығады

  1. Таңертең де(қашан?), түсте де(қашан?)

Күнге бетін бұрады.

Тостағанын кішкене

Тосады да тұрады. /күнбағыс/

3.Ақырын (қалай?) жүрсең шаң  жұқпас.

  1. 4. Қатты (қалай?) жауған күн тез (қалай?) ашылады.
  2. Жаздыгүні (қашан?)күн үзақ, Жазда (қашан?)ойнама қүнімен,

    Қыстыгүні (қашан?) түн үзақ.              Қыста (қашан?)ойнама түнімен.

  1. 6. Жазғытұрым (қашан?) қалмайды қыстың сызы,

   Масатыдай (қалай?)  құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

   Ата-анадай (қалай?)  елжірер күннің көзі.

 

Ой сергіту жаттығуы: Екі топ бір-біріне «Бір сыңарын сен, бір сыңарын ол»

ойыны:

Қарсы мәндес үстеулер айту Мыс: Ерте – кеш; Қыстыгүні – жаздыгүні;т.с.с.

 

Өздік диктант

(әр бала өз көршісіне жаздырады, бір-бір сөйлемнен)

    1.Аңшылар бүгін қонжық алып келді. Үйге кірген соң, қонжық өзін еркін  сезінді.2.Бөлмеге кенет ит кіріп келді. Ол іште аң барын бірден сезді.3.Бұл аңның мұнда лезде кіріп алғанына аң-таң.4.Қонжық артқа шегініп, ақырын жақындап келе жатқан итке кішкентай көздерімен ашулана қарады.5.Ит дереу бойын кере, ауаны ішіне тартты, өз әдетімен әуелі беймәлім жауының иісін алғысы келеді.6.Аян үй тапсырмасын асықпай орындайды. Күнде таңертең жаттығу жасайды.7.Ол үй шаруасына үнемі көмектеседі. Жүмысты тез істейді.8.Аян кітапханадан ұдайы кітап алып оқиды. Бүгін  жас оқырмандар кездесуіне қатысты.9.Артта мұнартып тау қалды.Енді-енді шығыс жақта бұлт сөгіле бастады.10.Ауа райы бүгін-ертең ашыла қоймайды. Қарлы боран толассыз соқты.11.Апай бүгін саяхатқа баратынымызды айтты. Балалар жылдам жиналды.

Мәтінмен жұмыс: /Балалар шығармашылығынан/

Өтірік өлеңдер

***Аю қорқып қояннан, Түнде шошып оянған. Айгерім 3-сынып

***Дөңгеленіп бүйірі, Өрістен кеп тұрады. Біздің үйдің сиыры күнде бұзау                туады

***Таңда шықтым сыртқа, Ақтөсім кеткен жайлысқа. Бұзауым үріп тұр,Әтешім жылап тұр.  Бекежан 2-сынып

***Шыбын келіп орманға, Айқайлады аңдарға. Оны естіп жолбарыс, Тығылыпты сол маңға. Зинат 4-сынып

Берілген мәтінді оқып, ішінен үстеулерді тауып, сұрақ қойып, мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңдар.

Жақсылыққа- жақсылық

 1-топ.   Ертеде бір қоян болыпты. Ол барлық жан-жануарлардың тіліне түсінеді екен.Бір күні орманды аралап келе жатса, «құтқарыңдар, құтқарыңдар !» деген нәзік дауысты естиді. Сол жерге келіп қараса, сона өрмекшінің өрмегіне түсіп қалапты. Қоян дереу сонаны құтқарады. Сона ызылдап рахметін айтып ұшып кетеді.

2-топ.Қоянның жақсылығын басқаларға да айта жүреді. Мұны қасқыр естіп, қызғаныштан қоянның көзін жоямын деп, бас салып жемекші болады. Қоян шырылдап қоя береді. Сол мезгілде сона келіп қасқырдың тұмсығынан аямай шағып алады. Қасқыр тұмсығымен әуре болып отырғанда, қоян қашып үлгереді. Жақсылыққа-жақсылық- деген осы. Жақсылыққа жақсылық жасауды бәріміз де үйренейік.                         Гүлжан 4-сынып

«Кім жылдам» ойыны: Екі топтан екі оқушыдан шығып , әр қадам сайын үстеу айтып жарысады.

Сын-қимыл ——шапшаң———— оқыдым

Мекен ——жоғары————-көтерілдім

Мезгіл——-кеше—————келдім

Мекен——оңға————— бұрылдым

Сын-қимыл—-тез———-ойладым

Мезгіл——күндіз-түні——-дайындалдым

 

 

Үйге тапсырма:

  1. 6-жаттығу. Ереже және дәлелдеу кестесін меңгеру.
  2. Ұйқастарға өлең құрау, үстеулерді қатыстырып:

а/ ——-  ойпайды,           ә/ ———-  көреді,      в/ ——-   ойлайды,

———  тоймайды               ———-  өреді.          ———    тойлайды.

————————               ——————            ————————

———-   қоймайды.             ———-  төнеді.         ———    жоймайды.

 

 

Бағалау: Өзін -өзі бағалау: Бүгінгі сабақта әр кім өзін бағалайды. Тақырыпты өте жақсы, яғни 5–ке, жақсы 4-ке, н/е толық меңгермедім дегендерің «3» деп

 бағалайсыңдар. Бұл бағаны  күнделікке қоямын . Ал ертең фишкамен бағаланып, бүгінгі бағаларыңмен сәкес болса қатарынан екі баға аласыңдар.