Абай шығармаларынан үзінді
Тақырыбы: Абай шығармаларынан үзінді
Мақсаты: А. Құнанбаевтың өмірімен таныстыру, ақын шығармаларының мазмұнын ашу, өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Ақынның өнегелі өмірін үлгі ете отырып оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ақынның портреті, ақынның өмірі мен шығармалары туралы слайдтар, қанатты сөздер, Абай шығармалары туралы шағын көрме, ақынның кітаптары.
- А. Құнанбаевтың өмірбаяны.
- Табиғатым – махаббатым. (ақынның жыл мезгіліне байланысты өлеңдерін оқыту)
- Түйін сөз. (ақынның қарасөздерін оқыту)
- «Ән салайық» (ақынның өлеңіне жазылған әндерді орындау)
- Би: Шашу.
- Қортындылау.
- А. Құнанбаевтың портреті
Абай Құнанбаевтың өмірбаяны
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін
салушы — Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы
(бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс
тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызба
деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ
зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе
тәрбиесін алады.
1-оқушы: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.
Жоқ – барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін
Бұл сөзді тақсыр-ұқпас, таланты ұғар,
Көңілінің көзі ашық сергек үшін.
2-оқушы:
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес сырын көрмей.
Шу дегендей құлағың тосансиды,
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.
Мұғалім:
- Оқушылар бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- Төрт жыл мезгілі бар.
Олай болса, кім қай жыл мезгілін ұнатады? Оқушылар алдарында төрт түсті фишкалар жатыр.
Жасыл – көктем
Қызыл – жаз
Ақ – қыс
Сары – күз
осы түстердің біреуін қолдарыңа алып, көрсетіңдер.
Жасыл түсті таңдағандар – I топ
Ақ түсті таңдағандар – II топ
Сары түсті таңдағандар – III топ
Мұғалім:
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жербетінің ажары ол, сәніміз.
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
Слайдтан 4жыл мезгілдерін көрінісін көрсету.
Әр топ өздеріне берілген жыл мезгілдеріне байланысты тапсырмаларды орындайды. Тапсырма:
- Жыл мезгіліне байланысты өлең оқиды.
- Алдарыңдағы әрбір жыл мезгілі байланысты берілген макетті пайдаланып әңгімелеу.
- Берілген жыл мезгіл туралы эссе жазу.
Түйін сөз.
Оқушыларға ақынның қарасөздерін кезек-кезек оқыту.
« Ән салайық »
Мұғалім:
Сонымен бірге Абайдың шығармаларының бірі оның композиторлығы. Олар «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңдері бар.
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімді
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар, деп жырлағандай Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берейік.
Қыздардың орындауында ән «Желсіз түнде жарық ай»
Ұлдардың орындауында ән «Көзімнің қарасы»
Би: «Шашу» қыздар тобы
Қорытынды.
Оқушылар бүгінгі сабағымызда ақын, композитор Абай аталарының шығармалары туралы бірнеше мәліметтер алды деп ойлаймын. Алған білімдеріңді тексеру үшін тақтаға назар аударайық.
Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!