я,ю әріптерінің жазылуы.
Сабақ тақырыбы: я,ю әріптерінің жазылуы.
Сабақ мақсаты: 1. Я, юәріптерінің дұрыс жазылу және айтылу ережелерін қайталап, оларды сөйлем ішінде дұрыс жазуға үйрету, дыбыстық талдауды қатесіз жасауға дағдыландыру.
- Оқушының сөздік қорын толықтыру, сауаттылығын ныңғайту, каллиграфиясын жақсарту.
- Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі, типі: қайталау, дәстүрлі
Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, тест, баяндау, жаттығу
Көрнекіліктер: тест, сөзжұмбақ, сызба, оқулық.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру сәті.
2.Үй жұмысын сұрау-тексеру: Дыбыстар мен әріптерге байланысты 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын беру. Белгіленген уақыттан кейін дұрыс жауаптарын тақтаға ілу. Оқушылар өздерін өздері тексереді. 2-3 оқушы үйге берілген жаттығуды оқып, қалғандары тексереді.
- Өткенді еске түсіру: Сөйлемдерді ауызша толықтыру:
Сөзде йа дыбыстары естілгенмен, жазуда олардың орнына не жазылады?
Сөзде йу дыбыстары естілгенмен , жазуда олардың орнына қай әріп жазылады?
Сөздегі и әрпінен соң а жазылмайды, қай әріп жазылады?
4.Білімді меңгерту. Сызбамен жұмыс. Я- /й+а/, Ю- /й+у/ Жазылғанда я,ю әріптері жазылады. Айтқанда йу,йа дыбыстары естіледі.
-Қане, оқушылар я, ю дыбыстары естілетін сөздерді айтайық. Осы дыбыстар сөздердің қай жерінде орналасқан?
Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығу. Сөзжұмбақты шешіп, шешуі болған сөздерге тақтада дыбыстық талдау жасау. (ұя, мая, Әлия, қария) мая, қария сөздерінің мағынасына тоқталып кету.
2-жаттығу. Я әрпі дауысты дыбыстан кейін келген сөздерді бір бөлек, я әрпі и әрпінен кейін келген сөздерді бір бөлек жазу.
Жая,мая,сая, аяз, аяқ, таяқ, шаян, қоян, ұя; мия, сия, қия /Қосымша тапсырмаларын орындау/
Сергіту сәті. «Есіктегі құлыпты,
Аша алмадық қиналдық.
Сартылдаттық құлыпты, сыртылдаттық құлыпты.
Әрлі-берлі қозғадық, ойнадық та ойладық
Міне, құлып ашылды»
5.Алғашқы бекіту. 3-жаттығу. Ю әрпі бар сөздерді белгілері бойынша екі бағанға бөліп жазу. 1-бағанға: дауысты дыбыстан кейін келген ю әрпін, 2-бағанға и әрпінен кейін келген ю әрпін жазу.
Өзіндік жұмыс. 5-жаттығу. Сөздердегі көп нүктенің орнына и, ы әріптерінің тиістісін қойып жазу.
6.Шығармашылық жұмыс. Көп нүктенің орнына у, ю әріптерінің тиістісін қойып жазу: еңкею, түсіру, жию, бастау.
7.Сбақаты қорытындылау. Біз бүгін қандай дыбыстар туралы өттік? Я,ю дыбыстары қай дыбыстардан құралған? Дыбыстық талдау жасағанда қалай жасаймыз?
- Үйге тапсырма: ережені еске түсіру, 4-жаттығу 9 бет.
9.Бағалау.