Қарлығаш немесе мамамның әңгімесі
Пән мұғалімі : Калдина В.Т
Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Қарлығаш немесе мамамның әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Мәтін идеясын өз беттерінше ұғыну.
Сабақтың міндеті: 1.Мәтін идеясын өз беттерінше ұғынуға жол ашу.Әңгіме-
дегі басты кейіпкерлердің ойы мен қиялын дұрыс түсіну-
ге,автордың жазу тілінің шеберлігін айыра білуге мүм-
кіндік беру.
2.Оқушы қиялының шарықтауына,көркем сөздерді пайда-
лана отырып суреттеуге,көркемдеп сөйлеу шеберліктерін
шыңдай түсу.
3.Топпен жұмыс жасай отырып,өз пікірлерін
білдіруге,дәләлдеуге үйрету,қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап,көрнекілік,баяндау
Сабақтың көрнекіліктері:слайдтар,мультфильм,құстар суреттері.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
Күлімде күн,күлімде
Жер жасарып көгерсін.
Нұрын сыйлап біздерге,
Көкте мәңгі күн түрсын.
-Міне,балалар,бүгінгі күніміз шуақты ,ашық болсын деп күнді тақтаның шетіне ілемін.
-Балалар,санаулы күндерден соң,қыс кетіп,көктем келеді,көктем ерекшеліктерін айтайықшы,қандай құстар ұшып келеді?
-Дұрыс,олай болса,жыл құсы қарлығаш туралы «Қарлығаштың ерлігі»атты бейнеролик тамашалайық.
-Мұндағы баланың ерлігіне қандай баға береміз?
-Олай болса,1-топқа- Батырлық
2-топқа-Қамқорлық
3-топқа-Еңбекқор деп топқа бөлеміз.
3.Мағынаны тану.
Мәтінді алдын ала бөліп алған бөліктер бойынша жұмыс жасау. Әр бөлім бойынша болжау сұрақтарын қойып отыру. (-Оқиға әрі қарай қалай шиеленіседі деп ойлайсың?,Сен мұндай жағдайда не істер едің?)
Мәтінмен жұмыс.
1-топ Сөздік жұмысы
2-топ. Берілген суреттер бойынша тауып оқу.
3-топ. Мәтінде қарлығаш қалай суреттелген?
Қажет дерек «Халық ауа райын қалай болжаған?»
-Қыста қаздар қаңқылдаса-жылы болады.
-Қоөиөаз былтырғы ұясын жөндемей жұмыртқаласа,жаз құрғақ болады.
-Құстар ертемен жем іздеуге шықса,күн жауынды болады.
-Қарлығаштар аспанда самғап ұшса,күн ашық болады,төмен ұшса-жаңбыр болады.
Сергіту сәті «Көңілді балапандар биі»
Мультфильмнен үзінді «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
Шығармашылық тапсырма
1-топ. Киелі құстар туралы не білеміз?
2-топ. «Қарлығаштар қандайсың?»салыстыру
3-топ. Қарлығаш ұясын жасайық (ұя жасау)
Қорытындылау «Қос қарлығаш»әнін тыңдату. Сұрақтарға жауап беру.Мақал-мәтелдер айту.
Бағалау. Топ басшылары бағалайды
Үйге тапсырма: «Құстардың адамға пайдасы»әңгіме жазу. Мәтін мазмұнын баяндау.