«Я» дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: «Я» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: «Я» дыбысы және әрпімен таңыстыра отырып,
Я әрпінің баспа түрін жазуды үйрету.
Сурет арқылы заттың атауын айтқыза отырып,
дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Дамытушылығы: Пән аралық ой шапшандығын дамыту,
Сұрақ-жауапқа тиянақты жауап беру арқылы сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік:Тазалыққа, адамгершілікке, бір-бірің тыңдай білуге, үлкен-кішіні сыйлауға, табиғатты аялап сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Кеспе әріптер, карточкалар, суреттер, көк-қызыл шаңырақтар, текшелер,….
Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық,жеке жұмыстар, ойын, практикалық жұмыс.
Сабақтын барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу рәсімі.
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз .
Сәлем бердік сіздерге құрметпенен біз.
Т.-Балалар,айналамызға қарап айтыңыздаршы қандай сабақ бүгін?
Б.-Сауат ашу.
Т.-Бұл сабақта біз немен айналысамыз?
Б.-Дыбыс,әріптермен жұмыс істейміз,жазамыз,оқимыз.
Т.-Жарайсыңдар!
Ойын: «Үйіңді тап.» (Қызыл, көк шаңырақтар).
Шарты: Әр бала өз дыбысын алып өз шаңырағының астына тұрады . Дыбыстар екі топқа бөлініп қалады. Олар: дауысты,дауыссыз.
Әр топтың баласы өзінің дауысты, дауыссыз екенін дәлелдейді.
А,Н,Г,Т,О,Ұ, И,Д,Ы,П,Ө.
Және буын құрап орнына отырады.БА; ТО; РИ, ДЫ..т.б.
Балалардың өз беттерімен жұмыс.
Карточкалармен жұмыс:Сөзді оқып, дыбыстық талдау жасау.
Балалардың ерекшілігіне қарай тапсырма беріледі.
Әр бала сөз оқып , буынға бөледі,неше буын бар, қай әріптен басталады,сөйлем құрайды,сөйлемде неше сөз барын айтады.
Балалардың жауаптары тексеріліп, бағаланады.
3 кезеңі: 123 бойға жинап күш,
Жалуғыды қояйық
Жаңа сабақ бастайық.
Т: Жұмбақ: Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. Бұл не?
Б: АЯЗ.
Тақтаға суреті ілінеді.
Тақтада суреттер : «Артығын тап?»
Б:Қияр артық деп табады.
Т: Неге қиряр артық?
Б: Қияр –көкөніс ал қалғаны жемістер.
Аяз суретінің жанына Қияр суреті ілінеді.
Жұмбақ: Қалың киімді ұнатады,
Шешендіргенде жылатады. Бұл не?
Б: Пияз. (Пияз суреті ілінеді)
Логикалық ойын: «Артық сөзді тап»
Сиыр, ешкі, қой, жылқы, қоян. Қай сөз артық?
Б: Қоян артық , өйткені қоян жабайы ал қалғандары үй жануарлары.
Балалар суреттерді атап , тәрбиешімен бірге қайталап Т: Қандай әріп ерекше естіледі?
Б: Я — дыбысы деп табады.
Я- дыбысы тақтаға ілініп, сипаттау жұмысы жүргізіледі.
Қандай элементтерінен құралған?
Я- хормен, жеке-жеке айтқызады , Я –дыбысы дауысты дыбысы деп анықталады.
Я-дыбысының тағы бір ерекшілігін байқату Я айтқан кезіңде екі дыбыс естіледі әріп бір ал дыбыс екі бұлар Й-А қысқа й және А дыбыстары.
Я- таңбасын жазу жұмысы жургізіледі. ( тақтада, дәптерімен )
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян.
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді.
Т: Күзде қоштасамыз,
Көктемде қарсы аламыз.?
Б: Құстарды.
Т: Құстарды қайтып қарсы аламыз?
Б: Ұя жасап береміз.
Т: Жарайсыңдар! ҰЯ суреті ілініп —дыбыстық талдау жасалады.
Текшелермен белгіленеді ( тақтада, карточкаларында).
Буын-ұйқас : Ян-ян қорқақ ….б: -Қоян.
Яз-яз ащы ….б:-Пияз.
Яр-яр дәмді …б:-Қияр.
4 кезең бекіту: Қоян, пияз, аяз, .. тағы қандай сөздерде Я –дыб. бар?
Б: Аян, Саян, Аягөз ….т.б.
Бұл сөздердің барлығында Я-дыбысы бар.
Қорытындысы:
— Бүгін біз қай дыбыс және әріппен таныстық? Ол қандайсөздерде кездеседі? -Қандай текшемен белгілейміз?
-Неліктен ол сол текшемен белгіленеді?
Я- дыбысы, Я әрпі мен таныстық дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгілейміз.
Т: Жарайсыңдар! деп белсенділер бағаланады.