Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өлеңдегі негізгі ойды ашып түсіндіру. Ыбырай Алтынсарин
туралы түсінік беру.
Дамытушылық:Өзеннің пайдасы, адам өміріндегі маңызы туралы айту.
Мәнерлеп оқу дағдысын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: «Өзен» өлеңі арқылы табиғатты сүюге, құрметтеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, сатылай кешенді талдау
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Мейірі мол балаға ,
Бар әлемде анаға,
Басымызды иеміз.
Бабамыздың тілі деп,
Анамыздың тілі деп,
Ана тілін,
Ана тілін,
Ана тілін сүйеміз.
ІІ. Өткенді қайталау: (сұрақ-жауап)
- Шоқан Уәлиханов кім? (ғалым,саяхатшы)
- «Кім жүйрік?» өлеңіндегі жүйрікті айт. (ақын, оның ойы жүйрік)
- Құрт, ірімшік, жеміс-жидек жайы кептіруге арналған шиден жасалаған затты ата. (өре)
- «Бостандық таңы атты» өлеңінің авторы? (Ш. Құдайбердіұлы)
- Дихан Әбілевтың «Туған тілім» өлеңінің бір шумағын айтып бер?
Жауабы: (Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі –өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім! )
- Қазақтың батыр қыздарын ата. (Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)
- 30 сәуірдің кеші, 6 сағат 30 минут, 1945 жылы «Жеңіс» туын тіккен кім? (Рақымжан Қошқарбаев)
- Шидем деген не? (қой жүнінен тоқылған сырт киім)
- «Аққала» өлеңінің авторы? (Мағжан Жұмабаев)
- Кеуек деген не? (қоянның іні)
- Төмендегі жоспарға сәйкес келетін шығарманы ата? 1. Жайлауға дайындық. 2. Жаңа қоныс. 3. Үй ішінің қөрінісі. (Абай шаңырығы)
- Ілияс Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңін 1 шумағын жатқа айт.
- «Көктем сәні» ертегісіндегі «Хош иіс» деп айтқан не? (Ит)
- Күн мен түн қашан теңеледі? (22-наурыз)
- Грузин елінің ақшасын айт. (Лари)
- Бейімбет Майлиннің «Жаңбыр» өлеңінің 1 шумағын жатқа айт.
- Мәтінді ата? Жолдасым Әбдеш екеуіміз тоғай аралап жүріп, бір бұтаның түбіне келіп, отыра кеттік. (Бұлбұлдың әні)
- Тұңғыш ғарышкерді ата. (Ю. Гагарин. 1961 жыл 12 сәуір)
ІІІ. Жаңа сабақ: ТАБИҒАТ- МЕНІҢ ӨЗ ҮЙІМ
- Суретке зер сал.
- Суретпен жұмыс
— Суретте не бейнеленген?(оқушылардың жауабы)
— Табиғаттың тамаша көрінісі сенде қандай көңіл күй туғызады?
— Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар?
— Суретке қарап «Табиғат және адам» деген тақырыпта әңгіме құрастыр.
— Ыбырай Алтынсарин кім? (оқушылардың жауабы)
— Қандай шығармаларын білесіңдер?
а) Өзен өлеңін мәнелеп оқу мазмұнын ашу.
Өлеңді талдау: «Өзен»
-Өлең неше шумақ? (4 шумақ)
-Неше жол? (18 жол)
-Неше буын бірінші жолы? (11 буын)
-Неше тармақ? (3 тармақ)
-Ұқсас сөздерді айтыңдар: сарқыраған, жарқыраған, арқырған.
(н, н, а, н) Қара өлең.
Мұғалімнің түсіндірмесі. Адам мен табиғат – егіз. Табиғат асыраушың, қорғаушың десең де болады. Ата-бабамыз «Жер-қазына, су-алтын, мал- байлық» деп өсиет айтып келген.
- Сөздік жұмыс
Өксіген — өзегін сипап, мұң жылаған
Қынарда —жағасында
Жанабында –маңайында
ІV.Тізбектей оқыту (1 шумақтан, 2 оқушыға мәнерлеп оқыту)
Сергіту сәті «Есіл ағады» өлеңін әндетіп айту.
- Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
-Ақын өзенді қалай суреттеген?
Ақынның «сарқыраған», «жарқыраған», «арқыраған» деген сөздері неге қатысты? (оқушының жауабы)
-Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай? (оқушының жауабы)
-Адамдар неліктен суды құрметтейді? Ол туралы өлеңнің қай шумағында айтылған? (оқушының жауабы)
-Өзеннің қандай пайдасы бар? (оқушының жауабы)
-Өлеңге сүйеніп айтып бар? (оқушының жауабы)
-«Тас таста, алтын таста сынамаққа, Сонда да аққан өзен қалыбында » деген жолдардан не түсінесің? (оқушының жауабы)
-Қазақстандағы өзің білетін өзендердің аттарын ата.
Қосымша мәлімет: Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады.
VІ. Дәптермен жұмыс (Шығармашылық жұмыс)
1-топ Өзенің суретін салу. (тиым сөздер айту).
2-топ Өзеннің пайдасы шағын шығарма жазу.
Ойын: «Кім шапшаң»
Өлеңдегі бір шумақты жылдым жаттап алып жатқа айту.
VІІ.Сабақты бекіту:(Ағашқа апырып ілу)
-Өзен суының адамдарға, жануарларға табиғатқа қандай пайдасы бар?
VІІІ.Сабақты қорыту:
—Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Халлыққа жолдаған «Қазақстан-2050» жолдауы –болашағымыздың бағдары. Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі экологияға арналып отыр. Қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінген.
Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізге суды сабамау, суды лайламау, былғамау, туралы өсиет сөздерді көп айтқан.
Балаларға ата-анасы:
«Судың сабама-балығын шошытасың,
Бұлақты лайлама-құсын кетіресің»,-деп тоқтау сөз айтып тәрбиелеген.
ІХ. Үй тапсырмасы: жаттап алу, оқулықтағы №11 тапсырма
Х. Бағалау