Киіктің айласы
Сабақтың тақырыбы: Киіктің айласы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ә. Қоңыратбаев туралы қосымша түсінік беру, мәтінді оқи
отырып киіктің пайдасы, оның ерекшелігі туралы мағлұмат
беру, мәтін мазмұнын меңгерту
Дамытушылық: тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғы-
сынан ойлауын, қиялын, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні: табиғатты сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, топтастыру,ой- қозғау, талдау,
түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қима қағаздар, кітаптар, кеспелер т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
— Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру
ІІ. Ой қозғау
— Үнтаспадан «Жез киік» әнін тыңдату
— Оқушылар өлеңнің мазмұнын айтады.
«Топтастыру» стратегиясы
— Киік туралы білетіндерін жазады.
«Тауып оқы» ойыны.
— Орны ауыстырылып берілген сандарды дұрыс қоя отырып бүгінгі сабақ
тақырыбын анықтау.
«Терминдерді болжау» стратегиясы
— Үнсіз бейнені сөйлету. Суретпен жұмыс жасау.
ІІІ. Мағынаны тану.
— Ә.Қоңыратбаевтың «Кміктің айласы» тақырыбы.
— Автор туралы мағлұмат беру.
Сұрақ:
— «Киіктің айласы» тақырыбы не туралы деп ойлайсыңдар?
/оқушылардың пікірін тыңдау/
Оқулықпен жұмыс:
— мұғалімнің оқуы
— тізбектей оқу
— дауыстап оқу
Сөздікпен жұмыс.
— Сөздікпен жұмыс жасай отырып жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер ойлату.
— Табиғат құбылыстарына байланысты қазақы ырым-тыйымдар айту.
Сұрақ:
— Табиғат құбылысында киікке қатысты айтылатын бір ұғым бар, ол қандай ұғым?
/дүниетан пәнімен байланыстыру/
— Табиғат құбылысына байланысты айтылған «Құралай желі» деген ұғым бар.
Мамыр айының 20-25 аралығында киік лағын соңына ертеді. Сол кезде күн салқындап, жауын жауады. Осы құбылысты «Құралай желі» немесе «Құралай салқыны» деп атайды.
— Суретпен жұмыс.
ІІІ. Ой толғаныс
Семантикалық карта толтыру.
Аты | Өмір сүру ортасы | Қозғалысы | Қорегі | Аса ерекше | ||||||
суда | құрлықта | әуеде | ұшады | жүреді | жүзеді | өсімдік | ет | насиком | ||
Қой | ||||||||||
Бүркіт | ||||||||||
Киік |
ІV. Үйге тапсырма:
— Ана туралы мақал-мәтел жаттау.
V.Бағалау
— Бүгінгі сабақтан алған әсерім. Оқушылар көңіл күйін суреттейді.
— Бүгінгі сабаққа қатысымын өз-өздеріне бағалату.
Шалқар ауданы
Жылтыр селосы