Зат есім
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты: 1.Зат есім туралы алған білімдерін пысықтау.Зат есімді сөйлем ішінен тауып,оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.Қатесіз,дұрыс жазуға үйрету.
2.Берілген тапсырманы орындай отырып,оқушылардын сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Оқушыларды өз беттерінше ізденуге,ұйымшылдыққа,шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Суреттер,парақшалар,жазбақағаздар.
Сабақтың түрі:пысықтау
Сабақтың әдіс тәсілі:сұрақ жауап,көрнекілік,топтастыру, әндету стратегиясы.
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
Қызығушылық қасиеттерін ояту
«Ой қозғау»
Жұмбақ шешу
Кім? Не? Деген сұрақ қойып,сөйлемде ой иесі боламын.
Жұмбақтың шешуі табылғаннан кейін,сұрақтарға жауап алу.
Зат есім дегеніміз не?
Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
Зат есімге мысал келтіріндер.
2.Мағынаны түсіну.
Әр топ берілген сұрақтарға бірнеше мысалдар кетіреді,жазып оқиды.
І.топ:Кім? Адам,суретші,мұғалім,бала.
ІІ.топ :Кімдер? Оқушылар,құрлысшылар,дәрігерлер.
ІІІ.топ:Не? Қалам,сызғыш,кітап,бақша.
ІV.Нелер?: құстар,малдар,ойыншықтар.
Ойын сәті:
Әр топқа суреттер ұсынылады.Оқушылар сұрақ қойып,шағын әнгіме құрайды.
Оқулықпен жұмыс: «Ой тастау»
І-топ:2-жаттығу
ІІ-топ:3-жаттығу
ІІІ-топ:4-жаттығу
ІV-топ:5-жаттығу
Тест жұмысы: әр топқа карточкалар таратылады.
«Ән салу» стратегиясы
«Көрнекілік» стратегиясы
Әр топ зат есімге байланысты сурет салып,өз топтарынан қорғау.
Әр топ суреттерді бағалап өз пікірлерін жазады.
Жұмбақ шешу: «Ой толғау»Әр топ жұмбақ жасырып,сөйлем құрастырады.
«Топтастыру» стратегиясы.
3.Ой толғау.
Біз нені үйрендік?
Зат есім туралы не білеміз?
Зат есімге мысал келтір.
Үйге тапсырма:Ережені жаттау.Зат есімге байланысты сөйлем құрастыру.