Сызықтың, фигураның, штрихтың көмегімен әр түрлі бейнелерді салып үйрену
Сабақтың тақырыбы: Сызықтың, фигураның, штрихтың көмегімен әр түрлі бейнелерді салып үйрену
Сабақтың білімдік
мақсаты: сызықтар мен штрихтардың көмегімен қызықты
жануарлады, түрлі денелердің пішінін салуға
болатындығына көз жеткізу, салуды меңгерту,
түсініксіз дақтардан кәдімгі бейнелерді кескіндеуге
болатындығын үйрету, симметрия, орналасу сияқты
өрнек салудағы маңызды мәтіндерді меңгерту
Сабақтың дамытушылық
мақсаты: оқушылардың білік дағдыларын қалыптастыру,
геометриялық фигураларды толық ажырата білуін
меңгерту, қиялдай білуге үйрету
Сабақтың тәрбиелік
мақсаты: оқушыларды тапсырманы ұқыпты орындауға,
шапшаң жауапкершілікпен орындауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сто технологиясы, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, үлгі суреттер, жасанды бейнелер
Барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Қоңырау үні тарап
Басталды міне сабақ
Сурет салдық қарап
ІІ. Өткенді пысықтау (сұрақ – жауап әдісімен)
Үстел үстінде торт макеті тұрады, сонда жазылған сұрақтарға жауап береді. (дұрыс жауаптарға қол шапалақтау)
ІІІ. Жаңа сабақ.
— Балалар, біз өткен сабақтарда сызық, штрих не екенін білдік, оларды
пайдаланып сурет салдық, Штрих қошақан салдық, кірпі салдық.
— Қошақан туралы кім өлең біледі?
Сондай-ақ бейнелеу өнері сабағында біз алдымен тапсырманы орындарда
өз ойымызды айтып, түсінігімізді байқатамыз. Олай болса, бүгін
сызықтың, штрихтың, фигураның көмегімен түрлі бейнелерді салмас
бұрын төмендегідей сұрақтарғак жауап берейік.
— Балалар, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелекті пайдалаып қандай заттардың бейнесін салуға болады?
— Штрихтардан қандай суреттер салдық?
Сергіту сәті (қоян болып)
Оқушылар тапсырманы орындауға кіріседі.
(Тақтада А-3 форматындаүлгісін көрсетемін)
- Балар, байқап отырсыздар ма сиырдың басы қай фигураға ұқсайды?
- Сиыр туралы не білеміз?
Енді майлы бояумен суреттер салмас бұрын, оқулықтағыдай қағаз бетіне дақ түсіріп, содан белгілі бір пішін шығарайық.
(ағаш шығардық) (музыка әуенімен жұмысжасайды)
Оқушыларға шығармашылық тапсырма
(нүктелер беріледі, содан бейне шығарылады)
Әр топқа тапсырма соңында ұпай есебімен фигуралар
(дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) тапсырылып отырады
Жұмбақ шешу (үнтаспадан естіліп тұрады).
Аппақ қардай тоны,
Күжірейген жоны.
Көзі қызыл моншақ,
Білесің бе оны?
(қоян)
- Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды.
(балық)
- Тікірейген құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті қолын жуады.
(мысық)
Үйге тапсырма: сызық пен штрихты пайдаланып, ойдан сурет салу.
Оқушылар жұмысы сабақ соңында тақтаға ілініп, көрме ұйымдастырылады.
Сабақты қорытындылау