Зат есімнің тәуелденуі
Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің тәуелденуі
Сабақтың мақсаты :
Білімділігі :Зат есімнің тәуелденуі туралы мағлұмат беру,сөз құрамын талдау машығын дамыту.Өз бетінше жұмыс істеуге баулу.
Дамытушылығы : Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын,сөздік қорын дамыту,тіл байлықтарын молайту.
Тәрбиелігі: оқушыларды бауырмалдылыққа,мейірімділікке,бірлікке,ынтымаққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, ой қозғау, өз бетімен жұмыс, сын тұрғысынан ойлаудың элементтері
Пәнаралық байланыс : ана тілі,дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі : суреттер ,кестелер, плакаттар,интерактивтік тақта.
«Алтын қақпа» ойыны
Сабақтың барысы : І.Психологиялық дайындық.
Біз бүгінгі сабағымызды ІІІ-топқа бөлініп, «Алтын қақпа» ойынында топтық тапсырмаларды орындай отырып,сөз мағынасын ашамыз.
І-топ. Әрбір адам : Туысым,досым,жұрағатым
ІІ-топ : Әрбір сөзің :Шындық,бірлік,адалдық.
ІІІ-топ : Әрбір ісің : Тірлік,тірек,адамдық.
Мұғалім : Әрбір сабақ : Үйрену,ұғу,ұлағат.
-Олай болса,бәріміз де үйренуге,ұғуға дайын екенбіз,сабағымызды бастайық.
Біреу озса сайыста,біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден –жеңімпазды анықтау
Озат болу шарты сол-еңбектену,жалықпау.
І. «Тас қақпа» тапсырмасы
Ақыл- адам көрігі
Ақылдың сабыр серігі.
Сабыр сөзінің мағынасын ашыңыз.(шыдам,тағат,төзім)
ІІ.Уй тапсырмасын тексеру. өтілгендерді пысықтау.
34-жаттығу ауызша тексеру.
-Қандай сөз таптарын білеміз ?
-Зат есім дегеніміз не ?
-Зат есімге қандай сұрақтар қойылады ?
-Зат есімнің түрлерін атаңдар
Сөз таптары
Зат есім Сан есім Сын есім Етістік
Семантикалық картамен жұмыс
Зат есім | Сын есім | Сан есім | Етістік | |
сауыншы | ||||
қорғады | ||||
көше | ||||
қалың | ||||
жүзінші | ||||
тұнық | ||||
өсіреді |
Зат есім
Кім ? кімдер ? Не ? Нелер ?
Көпше Жекеше
Негізгі Туынды
Деректі Дерексіз
Жалқы Жалпы
-Қосымша дегеніміз не ?
Жұрнақ Жалғау
Қосымша мағлұмат
Зат есім
Теуелденеді Септеледі
Жіктеледі
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту
- «Күміс қақпа» тапсырмасы
Шындық қамал бұзар.
Қамал сөзінің мағынасын ашыңыз (тосқауыл,кедергі,бөгет)
-Біздің бүгінгі сабағымыз зат есімнің тәуелденуі
Мақсатымыз : Зат есімді тәуелдеп үйрену
ІУ. Сергіту минуты
Күнге қарап қол созамыз,
1,2,3
Қызғалдақтай ырғаламыз.
1,2,3
Дөңгеленіп айналамыз
1,2,3
Көркем етіп біз жазамыз.
ІУ.Дәптермен жұмыс
-Күннің жадын,тақырыпты жазу.
Көркем жазу Анам менің –ақылшым.
№38 Ауызша орындалады.
-3 –топқа 3 сөйлемді оқыту
-Сөздерге жалғанған қосымшалар қандай мағынаны білдіріп тұр ?
Слайдтан ережемен танысу
Заттың біреуге тән екендігін білдіретін жалғауларды тәуелдік жалғаулары деп атайды : әке-м, әже-ң,ата-сы. Тәуелдік жалғаулар үш жақта,жекеше және көпше түрде айтылады: көрші-м,көрші-ң,көрші-ңіз,көрші-сі.
Көрші-міз,көршілер-ің,көршілер-іңіз,көршілер-і.
Зат есімнің | тәуелденуі | |
Жақ | Жекеше | Көпше |
І жақ | -м,-ым,-ім | -мыз,міз,-ымыз,-іміз |
ІІ-жақ | -ң, -ың,-ің -іңіз,-ыңыз | —ың, -ің -ыңыз, -іңіз |
ІІІ-жақ | — сы,-сі,-ы,-і | —ы,-і |
№39 Сөздерді төмендегі үлгі бойынша жазу
І.Менің анам,… Біздің анамыз,…
ІІ.Сенің анаң,… Сендердің аналарың
Сіздің анаңыз,…. Сіздердің аналарыңыз,.
ІІІ. Оның анасы Олардың аналары,…..
-Сөздерге жалғанған қосымшаларды тауып ,астын сызу
-Бұл қосымшалар жұрнақ па,әлде жалғау ма ?
№ 40 (ауызша)
Жұмбақтың шешуін табу
«Боран» сөзі бізге ана тілінен таныс па ? Кімнің шығармасы ?
-Әңгімедегі негізгі кейіпкер кім ? –Абай туралы не айта аламыз ?
І топ Қанаты
ІІ топ Аяғы
ІІІ топ Аузы Қай жақта тұрғанын айту,сұрақ қою.
№42 өз бетімен орындау
Берілген сөздерді тәуелдену ерекшелігіне қарай топтап жазу
І.-топ доп оқушылар дәптер
(ауызша тексеріледі)
- «Алтын қақпа» тапсырмасы.
Ақылсыз адам менмен келер,
Ақылды адам кеңінен келер.
Менмен сөзінің мағынасын ашыңыз.(тәкаппарөр көкірек,өзімшіл)
У. Ой қозғау. Шығармашылық жұмыс.
І-топ «Менің жанұям» шағын шығарма жазу.Ішінен тәуелдеулі сөздерді тап.
ІІ-топ Сөздерді сөз құрамына талдау
Жұмысшыларымыз, балапандары,етікшіңіз.
ІІІ-топ Мақалдан тәуелдеулі сөзді тап.
Еңбегің қатты болса,
Тапқаның тәтті болар.
УІ. Сабақты қорытындылау :
-Тәуелдік жалғаулары туралы ережені сұрау.
УІІ. Үйге тапсырма : 41-43 жаттығу. Ереже жаттау.
УІІІ.Бағалау
Мемлекеттік мекеме Құрық орта мектеп гимназиясының бастауыш әдістемелік бірлестігінің ІІІ-тоқсан бойынша өткізілетін ашық сабақтар кестесі
№ | Сыныбы Пәні | Ашық сабақтардың тақырыбы | Күні сағаты | Жауапты |
1. | 4 «ә» Қазақ тілі | Зат есімнің жіктелуі | 30.01. 09.20. | Жұмашева Ж. |
2. | 3 «а» Қазақ тілі | Зат есімнің тәуелденуі | 08.02. 15.45. | Бектлеуова Б. |
3. | 4 «б» дүниетану | Жер шар тәрізді.Глобус жердің дәл үлгісі. | 09.02. 10.15. | Тулегенова Н. |
4. | 2 «г» Ана тілі | Ы.Алтынсарин «Салақтық» | 10.02. 14.50. | Шегебаева А. |
5. | 2 «а» Ана тілі | О.Әубәкіров «Сүт қалай ұйықтады ?»
| 10.02. 15.45. | Бабаева Ж. |
6. | 1 «ә» дүниетану | Көктемгі табиғат | 11.02. 10.05. | Жаманбаева Г. |
7. | 4 «а» Қазақ тілі | Сын есім | 17.02. 08.30. | Отаралиева Г. |
8. | 1 «а» Ана тілі | Буын. «Не деу керек ?» | 17.02. 09.20. | Алиева С. |
9. | 2 «б» Ана тілі | Ш.Смаханұлы «Тәкаппар» | 20.02. 14.50. | Жұмабаева А. |
10. | 1 «в» Ана тілі | Тасымал. «Өс,ұлан» | 21.02. 08.30. | Бижанова Б. |
11. | 1 «б» матем | 4-ті қосу және азайту | 21.02. 09.20. | Күйкіш Р. |
12. | 2 «в» дуниетану | Халықтар достығы | 22.02. 14.50. | Кушерова А. |
13. | 2 «ә» Ана тілі | Ж.Кәрбозин.»Жиырма тиын» | 22.02. 17.25. | Кенжеханова А. |
Бастауыш әдістемелік бірлестігінің
жетекшісі : Бектлеуова Б.Т.