«Зерде» интеллектуалды сайыс
Сыныптан тыс сабақ
Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалды сайыс
Мақсаты:
1) Білімділік. Оқушылардың І жарты жылдық бойынша білімін бекіту, топ бойынша жарысу, әр түрлі рәнаралық тапсырмаларды орындау.
2)Дамытушылық. Оқушылардың логикалық ойлауын, талдау, саралау, салыстыру қабілеттерін дамыту, шапшаң есептеу машықтарын, есте сақтау, зейінін дамыту. Топта жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту.
3) Тәрбиелік. Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, білімқұмарлыққа баулу, ұлттық сана сезім тәрбиелеу, сыйластыққа, жинақылыққа жетелеу.
Түрі: жарыс
Әдіс –тәсілдері:халықтық педагогика құралдары: ұлттық ойындар, мақал-мәтел, жұмбақтар, талдау, сұрақ-жауап, ішінара-ізденушілік, өз бетінше жұмыс, т.б.
Көрнекілігі: логикалық тапсырмалар түрлері, слайд тақта, эмблема мен ұрандар, ойындар, әуен, асықтар, сигналдық карталар.
Сабақтың барысы:
— Армысыздар құрметті ұстаздар, көрермендер және қатысушылар!
«Зерде» интеллектуалды сайысымызды бастайық!
-Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәлім, тәрбие табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға-сол алда, — дегендей, сайысымыздың бүгінгі қатысушыларын ортаға шақырайық!
Жарысқа 2 команда қатысады «Ойшылдар» және «Тапқырлар» командасы.
Ендеше сайыс ержелерімен таныстыра өтейін:
Сайыстың мақсаты: сыныптың ең білімді де білікті, тапқыр әрі ақылды жүйрік әрі епті командасын анықтау;
Сайысымыз келесі кезеңдерден тұрады:
1-сайыс «Ширату»
2- сайыс «Теңге алу»
3-сайыс «Кім жылдам»
4- сайыс «Ханталапай»
5- сайыс «Жұмбақ жарыс»
Сайысымызды бастамас бұрын қатысушы топтармен танысып алайық:
«ОЙШЫЛДАР»
Ұраны: Білегіңе сенбе, біліміңе сен
«ТАПҚЫРЛАР»
Ұраны: Күш білімде, білім кітапта
Жарысымызды 1-кезең «Ширату» сайысымен бастайық.
Сұрақ топтың әр мүшесіне қойылады сұраққа ия немесе жоқ деп жауап беру керек.1 ұпаймен бағаланады.
1-командаға:
- Дыбыстар дауысты және дауыссыз болып бөлінеді +
- К дауысты дыбыс –
- 2 мен 0дің қосындысы 4-ке тең –
- Қосудың компаненттрі: қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні+
- Табиғаттағы денелер өлі және тірі болып бөлінеді.+
2-командаға:
- Әріптерді көреміз және жазамыз.+
- і дауысты, жуан дыбыс-
- 3 пен 1 дің айырмасы 2ге тең+
- Азайтудың компаненттері: азайғыш азайтқыш, қосындының мәні-
- Жыл мезгілдері: Көктем, жаз, күз қыс+
Жарысымыздың 2-кезеңі « теңге алу» деп аталады.
ТЕҢГЕ АЛУ — қазақ ұлттық ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Бұл ойын ат спортына жатады. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп кетулері керек. Ақшаны ат үстінен алған адам иеленеді.
Ендеше мұқият мына тиіндерге қараймыз. Балалар неше теңгеліктерді көріп тұрсыңдар, Яғни әр теңгеге берілген сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, сонша ұпай санын иеленесіңдер!
1 теңге Бауырсақ сөзінде қанша буынбар?
2 теңге Сөйлем неден құралады?
5 теңге 9 бен 2 нің айырмасы
10 теңге Берілген сөзде қандай қате жіберілген?
10 теңге Өрнектерді салыстыр, қандай таңба қою керек?
20 теңге Берілген көл Қазақстанда орналасқан. Батыс жағының суы тұщы, Шығыс жағындағы суы ащы. Бұл қандай көл?
Сайысымыздың 3-кезеңі « Кім жылдам?» деп аталады.
Жүргізуші мақал – мәтелдердің бастапқы сөйлемін оқиды, ал сигналдық картаны алғашқы көтерген бала жалғасын айтады. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі
- Жақсыдан үйрен…
- Жері байдың…
- Әдепті бала…
- Оқу – білім бұлағы,….
- Отансыз адам….
- Еңбектің наны тәтті,…
- Бір тал кессең,…
- Жауынменен жер көгерер,..
Сайысымыздың 4-кезеңі « Ханталапай» деп аталады.
Балалар «Ханталапай» туралы естігендерің бар ма?
Ендеше ханталапайды топ командирлері ойнайды.
Берілген асықтардың ішінен мәні тек 5 тең 1 оқушы, екінші оқушы мәні 4-ке тең асықты жинастырады.
Талапай-ау талапай,
Табылдыойыналақай!
Асықтыалғашашамыз,
Талапайғабасамыз, — депасықтышашыпжіберемін. Оқушыларшашылғанасықтыжинапалады да әроқушыөзініңқолындағыасығынтоппенқосыласанапшығады.
Сайысымыздың шешуші 5-кезеңі « Жұмбақ жарыс» деп аталады.
Мұғалім жұмбақ жасырады, ал топ мүшелері жұмбақтың шешуін қағаз бетіне жазады.
Ендігі сөз кезегі әділ қазылар алқасында.
(Әділқазылар шешімін щығарғанша, экраннан «Алдаркөсе» мультфильмін көреді)
Қорытындылау.
Топ мүшелерін марапаттау.