6 санын қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: 6 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға 6 санын қосу және азайту тәсілдерін ұғындыру, қосылғыштардың біреуі 6 болып келген жағдайдағы білімдерін жетілдіру
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелілік: тапқырлыққа баулу, шапшандыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: 6 саны цифрының үлгісі, оқулық, карточкалар, цифрлар.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, талдау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Бір-біріне жақсы тілектер тілеу
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
5 санын қосу және азайту туралы білімдерін «Баспалдақ» ойыны арқылы пысықтау. Ойынға екі оқушы қатысады. Кім баспалдақ үстіне жетеді, сол оқушы көк туымызды желбіретеді.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа сабақ:
№1
6 санын қосу және азайтуды оқушыларды қатыстыра отырып түсіндіру
Оқулықпен жұмыс: 128 беттегі №1 есеп
- 3. 6 қандай сандардың қосындысы?
6+1=7 6-1=5 6-4=2
6+2=8 6-2=4 6-5=1
6+3=9 6-3=3
6+4=10
№2 жасыл және көк кесінділер ұзындықтарының қосындысын қызыл кесіндінің ұзындығымен салыстыр
Көк кесінді 4 см, жасыл кесінді 6 см, ал қызыл кесінді 10 см.
6 см+4 см=10 см 10см =10см
Ү. Сергіту сәті
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ.
5-ке 5-ті қосқанда болып
Қалды 10 саусақ.
«Шаршыны құрастыр!» танымдық ойыны
- Қосылғыштардың компоненттерін атау
- Азайғыштың компоненттерін атау
- Қосуды немен тексереміз?
- Кесіндіні немен өлшейміз?
№3. Сурет бойынша есеп құрастыр және оларды шығар
а) Шарты: көк ою-7
Сары ою-? 3-уі артық
Шешуі: 7+3=10
Жауабы: 10 ою
ә) қызыл ою-6
жасыл ою-4
барлығы-?
Шешуі: 6+4=10
Жауабы: барлығы 10 ою
ҮІ. Жаңа білімді бекіту.
Жаңа сабақты бекітуде «кім жылдам?» танымдық ойыны арқылы бекітеміз?
ҮІІ. Үйге тапсырма: №4 128-бет
ҮІІІ. Бағалау: мадақтау
- Бағалау парағы.
| Оқушының аты –жөні
| Үй тапсырмасы | Сәйкестендіру тестісі | «Қоян қайда секірді?» ойыны | «Білім шыңына өрлеу » есептер шығару.
| жиыны |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
4 |
Тапсырмаларға (-), (+) белгілерін топ жетекшілері қойып отырады
- Бағалау парағы.
| Оқушының аты –жөні
| Үй тапсырмасы | Сәйкестендіру тестісі | «Қоян қайда секірді?» ойыны | «Білім шыңына өрлеу » есептер шығару.
| жиыны |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
4 |
Тапсырмаларға (-), (+) белгілерін топ жетекшілері қойып отырады