Бала тәрбиелеуде ата-аналарға көмек ретінде құрастырылған .

 

Бала тәрбиелеуде ата-аналарға көмек ретінде құрастырылған .
1 Жадынама

Есте сақтаңыз!

— Баланың жан дүниесі күндіз –түні жұмыс істеп тұрады.

Біз оған не нәрсені ұқтыра білсек, ол барлығын жүрегімен  қабылдайды.

— Сіздің қойған талабыңызды барлық сезіммен, үмітімен орындауға тырысады.

— Балаңызды мүмкіндігінше тыңдай біліңіз.

— Одан қарым-қатынасты үзбеңіз.

— Өз балаңызға үлгі болатындай істермен  айналысыңыз.

— Қандай жаста болмасын, өз балаңызды аймалаңыз, өзіңізге жақын ұстаңыз, сүйіңіз, аялаңыз.

   1

— Балаңызға жаңа өмір, мейірім құшағын, жылылық, қуаныш сыйлай біліңіз.

 

— Мектепке кетіп бара жатқанда балаңызбен қоштасып, оны аймалаңыз.Сонда мектептен келгенде сізбен өз қуаныштары туралы бөліседі.

— Демалыс күндері өз балаларыңызбен келесі аптаның жоспарын құрыңыз.

— Шырақ жанында бала өз ата-анасымен отырса, оның өзі бір әсер қалдырады.

— Ұйықтар алдында балаңызға ертегілер айтып беріңіз.

— Өз туған күнінде күтпеген жағдайлар жасалса, бала үшін ол да бақыт болып саналады.

— Мерекеде өз мамаңмен бірге әдемі торт пісір.

— Анаңмен және әкеңмен бірге олардың қолын ұстап жегің келген тағамдарыңды сұра.

Міне, осы сөздерді естігенде бала бойында мынадай пікір қалыптасады:

Мен бақыттымын, мен бәріненде жақсымын!

   2

 

 

 

2 Жадынама.

Ата –анаға  кеңестер

— Таңертең бала сабаққа барарда жайлап қана оятыңыз. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, жүйкесін жұқартпаңыз

—  Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса «бол да бол» деп айқайдың астына алмаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

—  Баланы сабаққа әсіресе таңертең ашқұрсақ түрінде жібермеңіз.

—  «Бұзық болма», «Қисалаңдамай тыныш жүр», тағы басқа ескертулерді жиі айта бермеңіз. Оның сабақтан шаршап келгенін ескертпеңіз.

— Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірнәрсе айтпақшы болса, арнайы көңіл бөліп тыңдаңыз.

   3

— Есіктен кірмей жатып «бүгін қандай баға алдың» деп бас салып сұрақ бермеңіз. Оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.

—   Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірнәрсе айтпақшы болса, арнайы көңіл бөліп тыңдаңыз

— Бала ашуланып жүрсе үндемеңіз. Сабасына түскен соң болған жайды өзі айтады.

— Балаңыздың қылығы үшін мұғаліммен сөйлескенде баланы қатыстырмаңыз.

— Мектептен келе бала сабаққа дайындалмасын, 2-3 сағат ойнап, демалсын.

— Бір мезгілде барлық сабаққа дайындалмасын.

— Сабаққа дайындалып жатқан баланың желкесінен төніп, дөрекі сөйлемеңіз.

— Күнделікті баламен емін еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.

— Баланың көңіл күйі нашарласа, басы ауырса бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

   4

-Егер баланың көңіл – күйі нашарлап сізді тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психологпен, дәрігермен кездесіңіз.

 

  1.  Жадынама

БОЛАДЫ:

-Баланы түсінуге тырысу;

-Сеніміне қолдау жасау;

-Бәрінің өткінші екендігін түсіндіру және тыныштандыру;

-Жиі мақтап жаман ойлардан арылту;

-Кейімеу,жазаламау;

-Өмірін жақсартып,оны жақсы көру;

-Қарым-қатынасты қалыпқа келтіру:

-Қорқынышты фильмдер мен шығармаларға уақытша шектеу жасау;

   5

 

 

 

БОЛМАЙДЫ:

-Ашулануға,ренжуге;

-Үнемі бақылап қорқытуға;

-Жазалауға;Қол көтеруге

-Арына,намысына тиетін сөздерді айтуға;

-Үнемі өзінің жек көретіндігін білдіруге;

-Ерлі-зайыбы арасындағы проблеманы баланың  көзінше айтуға;

-Тәрбиелеу барысында баланы екі жаққа тартуға;

-Әр баланы ерекше бөлуге;

 

   6

 

 

 

 

4 жадынама .

1.Кішкентайынан  көп жапа шеккен бала

өскенде кінәмшіл болады.

2.Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала

бар кінәні өзіне алуға

бейім тұрады.

  1. Кішкентайынан көптің  бірі болған бала

кейін  сабырлы,ұстамды болады.

  1. Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген

бала  өзімшіл  болады.

  1. Кішкентайынан қатыгездікті көп көрген

бала  өскенде дау-дамайдың  қалық  ортасында  жүреді.

6.Кішкентайынан  көп  баланың  ішінде

   7

өскен  бала  көпшіл  болады.

 

5  жадынама .

  1. Баланың оқуына, тәрбиеленуіне баланың белсенділігінің артуына тек мектеп тәрбиесі мен оқуының арқасында қол жеткізуге болатынын түсініңіз.

 

  1. Мұғалім-сіздің отбасыңыздың досы.

 

  1. Міндетті түрде ата- аналар жиналысынан қалмай,баланың сабағын үлгерімін қадағалаңыз.

 

  1. Балаңыздың күнделікті оқуындағы табысымен ой бөлісіңіз: Бүгін қандай жаңа ұғым алды , нені үйренді?

 

  1. Тек бағамен шектелмеңіз.

 

  1. Баланың күнделікті үй тапсырма орындауын қадағалаңыз, егер бала қиналатын болса көмектесіңіз, керісінше орындап беруге үйретпеңіз.
8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

6 Баланың көңіл-күйін түсірмеуге арналған 17 жадынама

  1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз — ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс — керіс ұйымдастырмаңыз.
  2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
  3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

  1. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;

 

  1. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
  2. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі — ақ айтады;
  3. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

  1. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 — 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі — сабаққа әзірленудің сәтті кезі.

 

  1. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
  2. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

  1. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін — еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

  1. Балаңыздың көңіл — күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
  2. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

15.Өз балаңызды дос санаңыз: білімін толықтыруға көмектесіп, жақсы ісін бағалай біліңіз. Шамамен тыс қатал, керісінше тым көңілшек болмаңыз. Нақты шешім ғана баланы қателесуден сақтандырады.

16.Отбасыңыздағы ұрыс-керіс балаңыздың жүйкесін жұқартады. Баламен бірге отырған жерде құпиялы әңгімен айтпаңыз.

17.Балаңызға уәде берсеңіз орындаңыз. Кемшілікті байқамауға тырысыңыз. Баланың көзінше өзгені сынамаңыз.

 

 

 

 «Бақытты балалар қалай тәрбиеленеді?»

Баланы тәрбиелеудің керегі жоқ, баланы түсіне білу керек! Бүгін бақытты балалардың қалай тәрбиеленетінін айтқым  келеді. 

        Күлкі көмектеседі!

Қиын емес қой! Балаңызбен жиі қалжыңдасып тұрыңыз. Ертеңгі күні әлеуметтік жеңістерге ерте жететін болады. Бір жағынан, әке-шешесі баласымен ойнап, күлдіру арқылы оған шығармашылық қабілет сыйлап, жаңа дос табу мен қиындықтарға қарсы тұруды үйретеді. Сондықтан, күлдіруден тартына көрмеңіз, өз кезегінде балаңыз болашақта рахмет айтатын болады.

 

  1. Жағымды көңіл-күйдің адамы болыңыз!

Балаға суық, қалай болса солай қарайтын ата-аналарға таңғалудың реті келмес. Алайда, одан шыққан бала агрессиялық мінез-құлықтың иесі болмасына кім кепіл? Әсіресе, 5 жасар баланың өрескел қылық көрсетуі тікелей сол ата-ананың ықпалынан болмақ. 

Бүгіннен бастап осы бір көзге көрінгісіз көңіл жібін үзуге тырысыңыз. Міне, сонда барып қана балаңыз жастық шақты жақсы өткізетін болады.

 

 

 

  1. Өзін-өзі жоғары бағалайтын болсын

Зерттеушілердің айтуы бойынша, өзгелердің алдында өз орнын анықтауда мейірімділік пен аяушылық көмектеседі. Және өзіңді-өзің ұстау да, өзгелерге өкініш білдіру де, қиындықтарға қарсы тұру да — бәрісін-бәрі де адамшылықтың бір көрінісі болып қала бермек  Адамшылық негізде бүкіл білім-тәрбиені сіңірген бала ата-ананың жақсы атын шығарады. Ал оған дейін бар міндет ата-ананың мойнында.

  1. Баланы босату керек!

Ержетіп, бойжетіп тұрған бала үйден кетуге сұранса, жіберіңіз. Жақында ғалымдар мынадай қызыққа тап болды. Ата-анасы қарсы болып, рұқсат бермей қойған бірінші курстың балалары тұйық, мазасыз күйде жүретін көрінеді. Ал қарсылықсыз балаларда бәрі керісінше… Бала 18 жасқа жеткенде сыртқа шығып, ел көргісі келеді.

  1. Отбасының отын маздатыңыз!


  Дүниеге бала келген соң көптеген отбасыларда дау-жанжал туындап жатады. Соңғы зерттеуге көз жүгірте кететін болсақ, ондай дау-дамайы көп отбасында бала ұйқысы қиындықтарға тап болатынын көреміз. Әсіресе, тоғыз бен он сегіз ай аралығында баланың ұйықтауы мүлдем қиын шаруаға айналмақ.  Жақсы отбасында ғана жақсы ұйқы мен мамыражай тыныштық орнамақ.

  1. Психикалық денсаулығыңызға көңіл бөліңіз!

Депрессиялық жағдайға түсе беретін аналар бірінші кезекте арнайы маманға қаралуы тиіс. Әйтпеген жағдайда бала тәрбиелеу әдісін өзгертіп жібереді. Одан шыққан бала жаралы болып келеді.

 

  1. Аналар, ұлдарыңызға мейіріммен қараңыздар!

Ата-ана мен бала арасында қоян-қолтық қарым-қатынастың орын алғаны дұрыс. Әсіресе, ұл балалардың анасымен достығы… Үнемі анасына үлкен сенімде жүрген ұл балалар болашақта әрбір қиындықтан қиналмай өтетін болады. Оның үстіне, романтикалық кездің сәтті жалғастық табуы үйдегі ата-анаға да байланысты. «Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ұл бала отбасында көрген модельді жалғастырғысы келеді.

 

  1. Баланы баса берудің керегі жоқ

Көптеген балалар ата-аналарымен ашық әңгіме айта алмайды. Оған себеп, өз қатарластарының тарапынан көрсетілетін қысымдар.

 Жасөспірімдер өздеріне тұра алған күннің өзінде ата-ана жақтан қолдау көрсетілуін қалайды.

  1. Көп талап етпеңіз 

Бәрі де мүлтіксіз болуы мүмкін емес. Керісінше, «артық қылам деп, тыртық қылып аларсыз». Соңғы зерттеулер мойнында көп міндеттемесі бар балалар тиянақсыз, ойлары шашыраңқы болып келетінін анықтап отыр.

 

  1. Балаларды түсінуге тырысыңыз

Баланы тәрбиелеу мен түсіну — екеуі екі бөлек дүние. Ата-аналардың басым бөлігі осы жерде жаза басып жатады. Және көмекке зәру бола тұра, ата-анаға жүгіне алмайтын балалар зардап шегеді. Мұндай жағдайда бала өзіне керектіні ала алмайды.