Арыстан мен тышқан
Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан
Мақсаты:
а) Оқушыларға мысалды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Көркем шығарманы оқуға қызығушылығын қалыптастыру.
ә) Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту. Түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын нығайту.Сын тұрғысынан ойлауын дамыту.Өз ойларын еркін айтып, дәлелді сөйлеу қабілеттерін арттыру.
б) Балаларды қайрымды, жағымды қарым-қатынастар жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Дамыта оқу технологиялары.
Сабақтың түрі: Таным сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Психологиялық дайындық.
2) Керек құралдарын алғызу.
3) Назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
« Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасы бойынша қандай дайындықпен келгенін анықтау.
( Ойынның шарты: егер оқушылар сабаққа жақсы дайындықпен келсе,бағдаршамның жасыл түсін көтереді; дайындалған,бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді; дайындығы шала болса қызыл түсті көтереді.)
1 топ. Әңгіменің мазмұнын баяндайды;
2 топ. «Ғажайып жетілік» сұрақтарына жауап береді;
3 топ. «Араласып кеткен уақиғалар» тапсырмасын орындайды.
ІІІ. Жаңа сабаққа
Адалдық Сыйластық
Қайрымдылық Қамқорлық
Жанашырлық Кішіпейілдік
Мұғалім:
- Бүгін біз да адам бойындағы жақсы -жаман қасиеттердің ара жігін ашып көрсететін, өнеге , тәлімге толы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың « Арыстан мен тышқан» мысалымен танысамыз.
«Тұлғаны танып біл» стратегиясын қолдану.
( Берілген суреттердің ішінен автордың суретін табу, ол туралы не білетіндерін ортаға салу.)
Авторға хронологиялық кесте толтыру
1 топ. Арыстан дегеніміз не? Ол туралы не білесіңдер?
2 топ.Тышқан дегеніміз не? Ол туралы не білесіздер?
3 топ. Арыстан мен тышқанның ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
Сөздікпен жұмыс.
Зиян- залал, зақым, кесірін тигізу.
Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті, бостандық.
- Мысалмен танысу.
- Мультфильм көрсете отырып, мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
- Рөлге бөліп оқу.
- Іштей оқу.
Нақты сұрақ – дәл жауап.
- Мысалдағы оқиға нелер арасында болған?
- Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?
- Тышқан қалайша өлімнен құтылды?
- Ол өзі айтқан уәдесін қалай орындады?
- Бұл мысалдың мазмұнына қандай мақалдар сәйкес келеді?
- Сонда ақын бұл образдар арқылы қандай адамдары бейнелеп отыр?
Мысал өлең дегеніміз не?
Жан- жануарлар мен өсімдіктерге адамдық қасиет беріп, бейнелеу арқылы адамдар ортасындағы жағымсыз қылықтар мен іс әрекеттерді сын тезіне алып , ой — пікірді астарлы бейнелейтін уақиғалы өлеңдерді мысал өлең дейміз.
Дәптермен жұмыс.
Анықтама: « мысал» — сатиралық сипатта, сықақпен сыналатын,шағын көлемді шығарма. ( дәптерлеріне жаздыру)
Концептуалдық кесте
Р/с | Шығарманың аты | Кейіпкері | Қандай қасиеттерді бейнелейді? | Ой-тұжырым |
1
2 |
«Арыстан мен тышқан» | Арыстан
Тышқан | Батыл, өр көкірек, мақтаншақ; Қорғансыз, қамқор, жақсылықты ұмытпайды. | Қайырымдылық, жақсылық жасай білу, көмектесу |
І топ.
«Арыстан мен тышқан» мысалын сахналау.
ІІ топ.
Мысалдың түйінді ойын бір шумақ өлеңмен жазу.
ІІІ топ.
Мысал мазмұнына қарай мақал –мәтелдер айту..
ІV. Қорытындылау.
Мұғалім:
- Балалар біздің ана тіліміз өте бай.Осы тақырыпта мазмұны әртүрлі ертегілер көп. Солардың бірін Зәмзәгүл әжей айтып бермекші.
Үнтаспадан ертегі тыңдау.
Түйін сөз
Балалар өз түсінгендерін, ұққандарын түйіндеп айтады.
Рефлексия . Саған сабақ ұнады ма?( Бағдаршамның түстерін пайдалану.)
Үйге тапсырма.
- Мысалды мәнерлеп оқу;
- «Арыстан мен тышқан» тақырыбында ойдан ертегі құрап келу.
Бағалау.