Ө дыбысы мен әрпі
М.Ғабдуллин атындағы №3 кәсіптік мектеп – кешені
Бастауыш сынып мүғалімі: Жадырасынова Сауле Есмырзақызы
Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ө дыбысы мен әрпін таныту. Ө дыбысын сөз ішінен ажырата білу,жуан-жіңішкелігін айыра білуге үйрету.
Дамытушылығы: Ө дыбысы мен әрпін оқыту арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортамен ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру,дүниетанымын кеңейту,ұқыптыллыққа,сауаттылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.
Сабақтың әдісі: Сөздік,көрнекілік,танымдық,практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,буындар,ребустар,слайдтар.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
- Психологиялық дайындық .Шаттық шеңбері
Қуанамын менде,
Қуанасын сенде,
Қарсы алайық, достарым!
Келді қонақтар бізге.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтпекші, себебі бізге қонақтар келіп отыр. Қош келіпсіздер! (Шапалақтау) Бүгінгі сабағымызда орманға саяхат жасаймыз. Ормандағы ағаштарды аралап, таза ауамен дем алып, неше түрлі аң-құстармен кездесеміз. Алақай не деген керемет! (Орманның суретті, құстардын дауысы естіледі).
- Балалар, орманда адасып кетпей бірлесіп жұмыс істейік, әртапсырмаларды мұқият тыңдап, білімімізді арттырайық. (Сапарларын сәтті болсын!).
- Орманда нелер өседі?
- Ағаштар,өсімдіктер,гүлдер өседі.
- Өте жақсы. Ағаш түрлерін айтып өтейік (қайын, қарағай, терек, емен суреті).
Тапсырмалар: жапырақта жазылған.
- Дыбыс деген не?
- Дыбыс ауызбен айтылады, құлаққа естіледі.
- Әріп деген не?
- Естіген дыбысты таңбалап жазсақ ол әріп болады. Әріпті оқимыз, жазамыз.
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
- Дауысты дыбыстар созылып, әндетіп айтылады, өзі буын құрай алады.Мысалы: ы, а, ә, і.
- Даусыссыз дыбыстар қалай айтылады?
- Дауыссыз дыбыстар созып, әндетіп айтуға келмейді. Ауыз қуысында кедергіге ұшырап, қысқа айтылады. Өз бетімен буын құрай алмайды. Мысалы: с, ш , л, р.
- II. Өткенді қайталау.
Өте жақсы , тамаша! Орманда енді бізді аң патшасы – Арыстан күтіп тұр екен. Арыстанның тапсырмаларын орындайықшы. ( Көйлек, бөрік, өшіргіш, өрік суреттері). Хормен суреттердін атын айтады. Бұл сөздерде бізге таныс қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? (Ө дыбысы)
- Ө дыбысы неге ұқсайды?
- Дыбыстық талдау жасайды, Өрік – Бөрік сөздері.
- Жақсы. Ал орманды әрі қарай аралайық (Орманда әліппе оқып отырған аңдар суретті). Ормандағы аңдардың балаларыда “Мектептеріне” жиналып “Орман әліппесін” оқымақшы екен. Ал, қане біз де әіппемізді ашайық (60-61 бет).
- “Шырын” мәтінін оқыту(61 бет).
III. Жаңа сабақ.
Кітаппен жұмыс (61 бет).
- “Баспалдақ” ойыны.
Салыстыра оқу. Оң жақ –Сол жақ.
- Суретке қарап әңгіме құрастыру.
- Ал,енді аңдармен бірге қаншама тапсырмалар орындадық, әрі карай орман ішін аралайық. Орман емшісі не деп ойлайсындар? (Тоқылдақтын суретті).
- Неге тоқылдақ орман емшісі деп ойлайсындар?
Тоқылдақ бізге өзінін тапсырмасын дайындап келіпті. Карточкамен жұмыс.
- Буындардан сөз құра.
- Ребусты шешу. Сөйлем құрастыру.
- Төрт сөзіне дыбыстық талдау жаса.
- Жақсы, әрі қарай жүрейік (Тырна суреті).
Балалар ұшып келе жатқан қандай құс екен?
- Ол орман хабаршысы Тырна. Тырна бізге хат әкеліпті. Хатты оқып беремін. (Қоян суретті шығады). Сегіту сәтті. Дәптермен жұмыс. ( Тік отыру үлгісі).
- Бекіту
Жұмбақ жасыру (Көбелектін суреті).
( Өрмекшінін суреті).
Поэзия минуты (Өленді жаттау).
- “Сиқырлы сөздер”.
- ( Қасқырдын суретті) “Жоғалған әріпті тап ойыны ”.
- Жаңылтпашты жаңылмай айт.( Қарғанын суретті).
- Сабақтың қортынды кезеңі:
- Бүгінгі сабақта қайда бардық?
- Ұнады ма?
- Нелермен кездестік?
- Бүгінгі сабаққа ризамыз ба?
- Мен де ризамын.
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге,
Ризамын, Ризамын, Ризамын бүгінге.
Ризамын, Ризамын, Ризамын қазірге!
Келгендеріңізге рахмет! Сау болыңыздар!