«Дина» С.Бақбергенов
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
№43 орта жалпы білім беретін мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Жалғасова Армангүл Жалғасқызы
Сабақтың тақырыбы: «Дина» С.Бақбергенов
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Күй атасы Құрманғазы мен оның талантты шәкірті Дина жөнінде терең мағлұмат беру,өнер адамына құрмет сезімін туғызу,сөздік қорларын молайту.Тәрбиелік: Д.Нұрпейісованың өнердегі туындылары арқылы, халқымыздың мәдени дамуына үлес қосуға тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген эстетикалық қызығушылығын арттыру,қиялын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: топтау,салыстыру,көрнекілік.
Көрнекілік: Суреттер,техникалық құрал,мақал-мәтелдер жазылған плакат.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
2.Үй тапсырмасын тексеру. Жаяу Мұсаның «Ақ сиса»әнін орындау.
1.Мұстафа кім?
2.Мұса неліктен «жаяу»атанды?т.б сұрақтар.
Үнтаспадан күй тыңдалады.(жана тақырыпты ашу мақсатында қолдандым.)
-Күй қандай аспаппен орындалады(домбыра)
-Қандай күйшілерді білесіңдер?
(Оқушылардың жауабы тыңдалады)
-Халық кегінің күйшісі деп кімді айтамыз?
-Құрманғазы домбырама иелік ет,мұрагерім бол!-деп кімге айтты ?
Бүгінгі сабағымыз күйші әжеміз Динаға арналады.
3.Жаңа сабақ
1.Д.Нұрпейісова,Қ.Сағырбаевтың өмірбаянымен таныстыру.
2.Күйлердің шығу тарихымен таныстыру.
«Қайран шешем»күйінің шығу тарихын айтып,үнтаспадан тыңдату.
Топтық жұмыс.
1 қатар Құрманғазы.
2 қатар Дина
3 қатар Ұқсастығы(екі өнер адамының ұқсастығы)
Кесте толтыру
Жағымды кейіпкер | Жағымсыз кейіпкер |
Бекіту сұрақтары.Қорытындылау.
Үй тапсырмасы мен жаңа тақырыпты байланыстыра отырып «Т»кестесін толтыру.
Тақырыбы |
Жаяу Мұса Дина
Авторы |
Зейтін Ақышев Сәуірбек Бақбергенов
Кейіпкерлері |
Шоқан, Тәттімбет, Құрманғазы,Дина, анасы,
Мұса, Мұстафа. Кенже
Қандай жағымсыз қасиеттер туралы білдік? |
Қызғаншақтық Әділетсіздік
Жағымды кейіпкерлерді ата |
Шоқан, Тәттімбет, Құрманғазы,Дина, анасы, Жаяу Мұса. Кенже.
Қандай қасиеттерімен ұнайды? |
Өнерімен,қамқоршылдығымен, Зеректігімен, зиялылығымен.
Білімділігімен.
Қалай аяқталды? |
Мұса еңбегін халық бағалады. Ұлы күйшінің Динаға сенім артуымен
Қандай қорытынды жасауға болады? |
Өнер адамдарын құрметтеу керек.Өнерді сүйе білу керек.Сезіне түсіне білу керек.
Үйге тапсырма
Дина,Құрманғазы туралы деректер жинау.