Пейзаж жанрының өркендеуіндегі импрессионист – суретшілердің рөлі
Сабақтың тақырыбы: Пейзаж жанрының өркендеуіндегі импрессионист – суретшілердің рөлі
Сабақтың мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау, өсімдіктер дүниесі мен табиғат сұлулығын сезіну, табиғат әсемдігін тамашалау, бейнелеу. Табиғатқа шығып сурет салуды үйрету. Импрессионист – суретшілер жайлы оқушыларға түсіндіру.
Көрнекілігі: Түрлі – түсті борлар, табиғат көріністері,пейзаж өнеріне үлес қосқан ақынның және суретшілердің портреттері.
Әдіс – тәсілі: Ауызша баяндау,тақтамен жұмыс, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу, бүгінгі сабаққа дайындығын тексеру
Ә) Үй тапсырмасын тексеру
Б) Өткен тақырыпқа шолу
1 . Пейзаж дегеніміз не?
- Пейзаж бейнелеу өнерінің қандай түрлерінде кездеседі?
- Пейзажшы – суретшілерден кімдерді атай аласың?
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі
Кіп – кішкентай ағаштар,
Үп – үлкен болып өседі
Жаңа сабақ:
Егер сен өз суретіңде табиғатты, даланы, өзенді, тау мен теңізді, орманды, алыстағы елдерді бейнелеген болсаң, онда сені пейзажшы – суретші деп атауға болады. Ал сенің шығармаң пейзаж деп аталады. Пейзажды салып үйрену үшін табиғат аясында жиі болған дұрыс. Жан – жағыңда болып жатқан өзгерістерге назар аударып, көңілге тоқи білу керек. Суретші басқалар көңіл аудара бермитін дүниелерді көретіндей сезімтал, байқағыш болуы керек.
Енді оқулыққа назар аударайық!
19 ғасырдың аяғында француз суретшілері ашық табиғат аясында отырып пейзаж жаза бастады. Бұл табиғат көрінісін ұзақ бақылап, жер бетіндегі әр алуан құбылыстарды талдаудың нәтижесі. Жарық және кескіндеме өнерінің негізгі элементіне айналды.Табиғатты тікелей тамашалап,түстердің өзгеше тұстарын көрсете отырып,суретшілер өз жұмыстарында ерекше әсерлілікке, жаңашылдыққа қол жеткізді. Оқулықта көрсетілген суреттің авторы Клод Моненің «Күннің шығуы. Әсер» картинасының атауына байланысты суретшілерге импрессионистер деп ат қойды. (Французша импрессион «әсер» деген мағынаны білдіреді) содан бастап бейнелеу өнеріндегі жаңа тәсілді ұстанған суретшілердің бәрі осылай аталатын болған.
К.Моне «Күннің шығуы.Әсер»
Ой шақыру стратегиясы.
1.Қазір жылдың қай мезгілі?
2.Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
КҮЗ
|
1 күн суытады 2 егін жинаймыз
3 ағаш жапырақтары
сарғаяды 4 жауын жауады
5 құстар жылы жақа ұшады 6 айналаның бәрі сары түске боялады
ФОТО
- Әбілхан Қастеев 1904 – 1973
- Айша Ғалымбаева 1917
- Абай Құнанбаев 1845 – 1904
Жаз, Күз, Көктем, Қыс
ЖҰМБАҚТАР
Енді сурет саламыз!
Сабақты қорытындылау:
- Бейнелеу өнеріндегі жаңа тәсілді ұстанған, әсерлі сурет салған адамды кім деп атаған?
- Қазақстанның әйгілі кескіндемешісі, график – суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі?
- Қазақ қыздарының ішінен суретшілік мамандықты тұңғыш игерген және халық суретшісі атағын да бірінші болып алған кескіндемеші – суретші кім?
- Егер сен өз суретіңде табиғатты,даланы,өзенді
Тау мен теңізді,орманды,алыстағы елдерді бейнелеген болсаң,онда сені кім дейді?
- Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең шығарған қазақтың ұлы ақынын ата?
Бағалау:
Үйге тапсырма: «Менің ауламдағы пейзаж көрінісі» атты тақырыпта бейнелеу жұмысын жүргізу