Бір немесе екі амалмен шығарылатын есептер
Сабақтың тақырыбы: Өтілген материалды бекіту. Есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Мазмұнды есептерді өз бетінше талдауға және
бір немесе екі амалмен шығарылатын есептерді
меңгеру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін
одан әрі дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды тез есептеуге, жылдамдыққа,
сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, Парламент Үйі, Бәйтерек, Хан
Шатыр, Бейбітшілік және келісім сарайы, Ақ Орда,
дидантикалық ойын «Бәйге» т.б.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі:
- Амандасу.
- Класс оқушыларын түгелдеу.
- Сабақты хабарлау.
- Психологиялық дайындық.
Қайырлы таң, достым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәті,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
(оқушылар орындарынан тұрып, қол ұстасып, көздерін жұмып, іштерінен тілек тілеу, бір-біріне әдемі күлкі сыйлау)
- Карточкалармен жұмыс.
273+428 609-495 780-65
369-121 850-61 974-401
760-346 98+329 300-150
- Есептер шығару. Жаңа сабақ.
-Балалар, алдымызда қандай мереке келе жатыр?
-Тәуелсіздік күні.
-Міне, бүгінгі сабағымызда осы мерекеге орай Астанаға саяхат сабағын өткіземіз, біздерде кішкене бүлдіршіндер бұл мерекеге өзіміздің кішкене бір үлесімізді қосайық.
Есеп 6 (ауызша)
-Есеп не жайында? Сөренің ұзындығы-2м
-Шырын туралы. 1 қораптың ұзындығы-10см
1 қатар – қорап
2 қатар- қорап (жалауша тігу «Бәйтерек»)
«Бәйтерек» — Елорданың ең көрнекті орындарының бірі. Биктігі – 105 метр, салмағы- 1000 тонна.
Шырмауда жатқан еліңді шыңға сүйредің,
Отқа да түстің халқын үшін де күймедің.
23 жыл болды көш бастап бүгін келеміз,
Ішінде жүріп еркіндік деген күйменің.
Есеп 7 (жазбаша) талдау.
Келесі, аялдамамыз «Хан шатыры»
Хан Шатыр – Бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын- сауық және
сауда –саттық орталығы. Салмағы 2300 тонна. Көлемі 110 мың
шаршы метр.
-Есеп не жайында?
-Есепте не белгілі?
-Есеп не сұрайды?
А) бума дәптер – 24 Шешуі:
бума қалам- ? 3 есе кем 24:3=8
бума қарындаш-6 (24+6)+8=38 (о.қ)
барлығы-? Жауабы: Дүкенге барлығы 38 оқу құралы әкелінді.
23 жыл өтті алпауыт елміз азатты,
Күндерің өтті бодандақтарсың азапсың.
Ақ күнің туып, алдыңда шуақ шашуда,
Тіліміз қазақ Инша Аллах сол бір қазақпыз.
Ә) Жеңіл машина- 72 Шешуі:
Жүк машинасы- ? 9 есе кем. (72: 9)+72=80(м)
Барлығы- ? Жауабы: Гаражда барлығы 80 машина тұр.
Тәуелсіздігім таңым боп атқан жарық күн,
8 жастамын аласа демен алыппын.
Нұр үстіне нұр боп туған Нұр ағам,
Патшасы боп тұр қазақтай қайсар қазақтың.
«Ақ Орда» — резиденциясы- Қ.Р. президнтінің Резиденциясы 2001 ж. қыркүйекте
салына бастады.Көлемі 36.720 м2. Биіктігі 80 метр. Ғимарат жер
бетінде 5 және жер астында 2 қабаттан тұрады.
Б) Көйлек-48 Шешуі:
Шалбар-?6 есе кем 48:6=8(ш)
Белдемше -? 8*3=24(б) Жауабы: 24 белдемше тігілді.
Тәуелсіз елміз жеткіздік баба арманың,
Шырағы сөнбей көрдің ғой міне жанғанын.
Бодандықтардың қараңғы көлеңкелерін,
Жаншалап тастап тәуелсіздіктің таңбасы.
Бейбітшілік және келісім сарайы- пирамида іспетті етіп тұрғызылған. 2006 ж
2 қыркүйекте ашылды. Табан қабырғасының
Ұзындығы 62 метр, ауданы 25,5 мың м2
I-қатар II-қатар III-қатар
604-297=307 192+478=670 1000-86=914
800-561=239 756+97=853 459-171=288
405-39=366 551+89=640 891-698=193
Егемендігім еркінсіп айтар ұлы әнім,
Қалықта көкте талмасын қанат қыраным.
Желтоқсандағы мұздаған қатқан денені,
Жылытсын енді еркіндік сенің шуағың.
Үкімет Үйі- 2002 жылдың наурызында басталып, 2005 жылы аяқталды. Жалпы
Ауданы 33,752м2 . 21 қабаттан тұрады. Жиын өткізетін 13 залы бар.
Есеп 9. (жазбаша, талдау)
Бер: Тік төртбұрыш Шешуі:
Ені-4 м S=5 м * 4 м= 20 м2
Ұзындығы-5 м P=(5 м + 4 м)*2=18 м
S-? P-? Жауабы: S=20 м2, P=18 м.
- Сабақты қорытындылау.
-Бүгінгі сабағымызда нелермен таныстық?
-Қандай есептер шығарып үйрендік?
-Сонымен қандай мерекені атап өткелі жатырмыз?
(Слайд арқылы Астана қаласының көркті жерлерін көрсету)
- Үйге тапсырма:
№10. (137 бет) түсіндіру.
- Бағалау. Мадақтау.
Сабақтың соңы.