Астана
Ана тілі
Тақырыбы: Астана
Мақсаты: Астана тарихын, орналасу ретін, Астана туралы деректер
мен қызықты мәліметтер бере отырып, әңгіме мазмұнын ашу
Балаларды интелектуалдық ойындар мен тапсырмалар арқылы
ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жасауға машықтандырып ,
дүниетанымын кеңейту.
Туған жерін, елін сүюге ,оған құрметпен қарауға , елінің
көркеюіне өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.
Түрі : саяхат сабақ
Әдісі:Сұрақ- жауап, ой- толғаныс, топтастыру
Көрнекілігі: бейнеүзіктер,презентация «Астана- бас қала»
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Топқа бөлу ( Саяхат сабағы болғандықтан көлік түрлерін таңдай отырып, топқа бөліну)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
-Балалар, біз қандай тарауды аяқтадық?
-«Маужырап барқыт күз» тарауын.
Қызылорда , Алматы, Астана аялдамалары бойынша блиц сұрақтар арқылы таруды қайталау(тапсырма 4 топқа беріледі).
Қызылорда аялдамасы:
1 сұрақ: Күз мезгіліне қандай түстер тән, неліктен?
2- сұрақ: «Кемедей кешіп комбайн
Алтын дария егінді
Сүзіп жүр маржан бидайын
Күзіміз неткен көңілді» деген жолдар қай өлеңнен алынған және авторы кім?.
3- сұрақ: «Жеміс бағында» әңгімесінде қандай жеміс туралы айтылған
және оны қалай сипаттаған?
4 сұрақ: « Ас атасы- нан» деген мақалға сәйкес келетін мәтіндерді тап.
Алматы аялдамасы:
1- сұрақ : Абайдың орыс тілінен аударған мысалы қалай аталады, және
оның авторы кім?
2- сұрақ: И. Крыловтың « Шегірке мен құмырсқа» мысалын есіңе түсір.
«Қарағым ,жылыт, тамақ бер» деген ненің сөзі? Оған сәйкес қандай
мақал айтуға болады?
3- сұрақ:Құмырсқа мен шегірткені салыстыр.
4- сұрақ:Құрт, ірімшік кептірілетін орын қалай аталады, ол неден
жасалады?
Астана аялдамасы:
1- сұрақ:Күз дегеніміз- байлық дегенді қалай түсінесің?
2- сұрақ: «Күздің бір күні –қыстың бір айын асырайды» -дегенді қалай түсінесің?
3-сұрақ: Омар атай балаларға күздің қандай кереметтерін көрсетті?
4-сұрақ: Түйін байлап көктемде
Қызарар жаз жеткенде
Күзде уылжып ,иісі аңқып
Бақ қасынан өткенде
Шай кеседей әрқайсысы,
Бұған жеміс жеткен бе? Жұмбақтың шешуін тауып, «уылжып» сөзінің мағынасын түсіндір.
ІІІ.Жаңа сабақ:
Ой-қозғау:
-Біздің соңғы аялдамамыз қалай аталады?
-Астана.
-Ал Қызылорда, Алматы қалалары туралы не айтар едіңдер?
— Қызылорда, Алматы қалалары –Қазақстанның бұрынғы астаналары.
Мағынаны ашу.
Астана кеше ғана басқа қала,
Айналды бәйтеректі астанаға
(Н. Айтов)
- Астана дегенде көз алдарыңа не келеді?
- -Астанаға барып көргендерің бар ма?
Бейнеүзік « Астана- әлем қаласы» көрсетіледі.
-Олай болса саяхатымызды одан әрі жалғастырамыз.
-Астанаға барған адам ең бірінші қайда барады деп ойлайсыңдар?
Бәйтерек- астана символы . Бәйтеректің негізгі идеясы – Бейбітшілік ағашы.
Оқулықпен жұмыс: І топ- Астанадағы әсем ғимараттар.
ІІ- топ- Астана — әлем қаласы
ІІІ- топ- Астананың болашағы
ІV- топ- Мазмұнын қорытындылау
Сөздік жұмысы-ЮНЕСКО-Білім , ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы
ІV.Сергіту сәті:
Океанорум бейнеүзігін тамашалау.
- Жаңа сабақты бекіту. Жинақтау
Пирамида «Бейбітшілік және келісім сарайы»
Тұжырымдамалық карта « Кешегі, бүгінгі, болашақтағы Астана»
Астана
Кешегі | бүгінгі | болашақтағы |
«Ханшатыры» демалыс орталығы:
«Астанаға тілек» постер арқылы қорғау(тілектерді суреттер арқылы білдіру)
VІ.Сабақты қортындылау:
Астана теміржол вокзалы: Сабақты қортындылау:
Не білемін? | Не білдім? | Не білгім келеді? |
VІІ.Бағалау
Кері байланыс:
Өзін — өзі бағалау
Топбасшының топты бағалауы
VІІІ.Үйге тапсырма : Мәтінді мәнерлеп оқу. «Астана- әлем қаласы» тақырыбына эссе жазу