Әжемнің сырмағы Зат есім

Сабақтың тақырыбы: Әжемнің сырмағы Зат есім

Сабақ мақсаты: Оқушылар сөз таптары туралы ұғымдарын тиянақтау.

Білімділік: Алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылығы: Сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, зат есім сөздерін сұрақ қоя отырып анықтауда ой шапшаңдығын арттыру.

Тәрбиелік: Ұлттық ұғымдарды меңгерту арқылы эстетикалық танымға тәрбиелеу.

Сабақ типі: іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабақ мазмұны

І Ұйымдастыру бөлімі.

 

 

 

Жіп иіріп бояуға сап

Ою қиып өрнектеп

Тікті әжей сырмағын

Алтын жіппен өрнектеп.

Әжем қонақ келгенде

Сырмақ төсеп қояды.

Сондай әдемі сырмақта

Сан алуан бейне бар

Кім зейінді, кім жылдам

Сол бейнені табыңдар?

 

Экранға сырмақ көрсетіледі.

Сұрақ: Сырмақ не? Ол – зат. Қай сөз табы? Сырмақ – бетіне ою-өрнек салынған, жүннен сырып тігілген, жерге төселетін зат.

Сырмақ бетіндегі бейнелерді жауып жазу.

  1. ГүлТиін
  2. Күн
  3. Көйлек
  4. Қоңыз
  5. Ат
  6. Торсық

Сөздерге сұрақ қою. Бұл заттар қайда кездеседі? Бейнелерге ат қою.

 

«Табиғат»

Демек, сырмақ суреттері бірігіп үйлесім беруде, бізде ұйымшыл болуымыз керек.

 

«Өзге затты ата»

Торсық – деген не?

Теріні илеп жібітіп,

Шебер торсық тігеді.

Батыр, аңшы, малшылар,

Сусын құйып торсыққа

Белдеріне іледі.

Торсықтағы сусындар,

Сақталады бұзылмай.

Қымыз, айран, қымыран

Шұбат, саумал құятын,

Міне, торсық осындай.

Тапсырма: терме диктанты. Не? Нелер? Кім? Кімдер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жазу.

 

Проблемалық тапсырма:

Әр оқушыға сызба таратылады. Сол сызбада төрт бейне бар. сол бейнені тауып, сөйлем құрастыру.

 

«Торсықтағы бейнелер»

Қайық, қалпақ, кесе, етік.

 

Әже сырмағы сыры арқылы зат есім туралы толық білім алыңдар.

 

Бекіту.

  • 4-6
  • 4-2

 

Сабақ қорытындылау.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: «Менің әжем» шығарма жазу.