Септіктерді қайталау.
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Септіктерді қайталау.
Сабақтың мақсаты: 1. Септіктер туралы алған білімдерін жинақтау,
тұрақтандыру, сауатты жазу дағдысын
жетілдіру.
2.Тілдік қорларын байыту, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
3.Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа баули
отырып жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: жетондар, әріптер, шифрограмма, тірек-сызда.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: Өлеңмен ашу.
Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашығым, бақытым, дара тілім.
-Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі- туған тіліміз қазақ тілі сабағы.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1.Жетонмен таныстыру.
— Балалар, бүгінгі сабағымыздағы біліміміздің нәтижесін мына жетондар саны арқылы анықтаймыз. Мен қолымдағы жетондарды дұрыс жауап беріп отырған баланың алдына қоя беремін. Сабақ соңында жетон саналады. Көп жетонды бала жақсы бағаға ие болады.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Мәтіндегі көмектес септігінде тұған сөздерді тапқызу, мәтінге ат қойғызу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Шифрограмма шешкізу арқылы бүгінгі сабақтың мақсаты хабарланды.
Шарты: — Мына жақша ішіндегі амалды орындаймыз.Сонда шыққан нәтиже сан сөзінің керекті әрпін, төмендегі сан арқылы анықтаймыз
Шифрограмма
С е п т і к т е р
5*6+50
| 120:4+20 | 180:2-20 | 600:10-30 | 200:5+30 | 400:200 | 100:10-9 | 42:7+2 | 25:5*8 | |
1әріп | 1-әріп | 4-әріп | 2-әріп | 5-әріп | 2-әріп | 1-әріп | 2-әріп | 3-әріп |
-Қандай сөз шықты?(септіктер)
— Бүгінгі сабағымызда кешегі өткен көмектес септік және барлық септіктер туралы білімдерімізді жинақтаймыз, тиянақтаймыз.
2.Тірек-сызбамен жұмыс.
-Мына тірек –сызбадан септіктеріміз туралы не білетіндерімізді көре аламыз.
(Тақтада сызбаны көрсету)
С е п т і к т е р
Атау Ілік Барыс Табыс Жатыс Шығыс Көмектес
Кім? Кімнің? Кімге? Кімді? Кімде? Кімнен? Кіммен?
Не? Ненің? Неге? Нені? Неде? Неден? Немен?
3.Сыныпты топқа бөлу.
А — әрпі берілген балалар А-тобы Ә — әрпі берілген балалар Ә-тобы
Б — әпрі берілген балалар Б-тобы
4.Дәптермен жұмыс
Көркем жазу — Жеті ата, қазына, шелпек, күн, септік
- Оқулықпен жұмыс.
-Балалар, бүгінгі жүргізілетін жұмыстарымыз осы 7 санына байланысты жүргізілді.
А) «Жеті ата» тапсырмасы.
— Жеті атаныкім атайды?(ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, туажат)
-«Жеті ата» тапсырмасы 348-ж.
(Топпен жұмыс ретінде ұйымдастырылады)
Б) «Жеті қазына» тапсырмасы.
-«Жеті қазына» қалай аталады?
-350-ж. Өлең тақырыбы туралы не айта аламыз?
Сөздік: Қансонар- тұңғыш жауған қардағы аңшылық.
А-тобы: өлеңмен танысып, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талау.
Ә-тобы: «Қобыз» сөзін септеп, сөйлем құрап жазу.
Б-тобы: «Әнші»сөзін септеп, сөйлем құрап жазу.
В) Шығармашылық тапсырма.
Жеті септікке байланысты ертегі құрастыру.
Г) «Жеті нота» тапсырмасы.
-Балалар, әнші, қобыз сөздерін қай пәннен кездетіреміз?(музыка)
-Ендеше, «жеті нота» ойын түрінде өтеді. Менде ноталар жазылған тапсырмалар бар, сол тапсырмаларды орындай отырып ноталарды өз орындарына тұрғызамыз.
ДО- атау септік сұрағын ата РЕ- ілік септік сұрағы мен жалғауын ата
МИ- барыс септік сұрағы мен жалғауын ата ФА- табыс септік сұрағы мен жалғауын ата
СОЛЬ- жатыс септік сұрағы мен жалғауын ата ЛЯ- шығыс септік сұрағы мен жалғауын ата СИ- көмектес септік сұрағы мен жалғауын ата.
Д) Өзіндік жұмыс 352-ж
Мақалды оқып, мағынасын ашу.Жатқа жазып, көмектес септік сөздерін сөз құрамына талдап, не байқағанын айту.
Ж) Сергіту сәті. «Жеті күн» тапсырмасы.
— Балалар, «Дода» ойынын ойнап,сергіп алайық..
Шарты: Мына жерде екі сан бар.10 және 20. Осы сандардағы тапсырмаларды орындау керек.
Тапсырмалар.
А-тобы
1.10-Тұрлаулы және тұрлаусыз мүше қай ұғымда қарастырылады?
а ) сөз құрамы
ә ) сөйлем мүшесі
б ) сөз таптары
2.20-Үндестік заңына сәйкес жалғанатын септіктерді ата?
Жауап: ілік , шығыс
Ә-тобы
- 10-Сөйлемде атау септік қандай мүше болады?
Жауап: бастауыш
- 20-Табыс септігінде тұрған сөзді тап
а ) жазушыға
ә ) жазушымен
б ) жазушыны
Б-тобы
- 10-Атау септігінде тұрған сөзді тап
а ) мұғалімге
ә ) мұғалімде
б ) мұғалім
- 20-Ережені жалғастыр
Зат есім дегеніміз…………
З) «Жеті қайқы» тапсырмасы
-Балалар, біздің облысымыз қалай аталады?(маңғыстау)
-Осы Маңғыстаудағы «Жеті қайқы» туралы не айта аламыз?
«Жеті қайқы» деген ΧΧ ғасырдың бас кезінде Маңғыстау түбегінде өткен халық өнерпаздары, сал-серілер, күйші-домбырашы, әнші, жыршылар.
Олар:
1-Жаңай Өскенбай Қалманбетұлы-күйші-домбырашы, әнші, жыршы
2-Майлан Шолтаман-әнші.
3-Кенже Әділ Өтеғұлұлы-әнші, жыршы.
4-Медет Жылкелді-әнші.
5-Қаржау Тұрсын-әнші, күйші-домбырашы.
6-Мая Досат-әнші.
7-Сүйіндік Тастемір Шыршығұлұлы-әнші.
«Жеті қайқы» тапсырмасы.353-ж
А-тобы-«желім» сөзін көмектес септігіне қойып, сөйлем құрап жаз, № 2 сұрақпен жұмыс.
Ә-тобы-«қағаз» сөзін көмектес септігіне қойып, сөйлем құрап жаз, № 3 сұрақпен жұмыс
Б-тобы-«қауға» сөзін көмектес септігінеқойып, сөйлем құрап жаз. № 1 сұрақпен жұмыс.
ІV.Сабақты қорытындылау.
Балалар, мына Венн диаграммасын толтыра отырып бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз.
ВЕНН ДИАГРАММАСЫ
Айырмашылығы Ұқсастығы Айырмашылығы
Атау(бастауыш) Барлығы да септік ілік, шығыс,көмектес
(үндестік заң.сәйкес)
Барыс(етістікпен
тіркеседі)
- Бағалау
Жетондарды санап бағалау
- Үйге тапсырма.
351-ж. Тапсырманы түсіндіру.