Денсаулық – біздің болашағымыз
Денсаулық – біздің болашағымыз
Мазмұны
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Денсаулық – біздің болашағымыз
- Біздің сүйікті тағамдар
- Зерттеу бөлімі
III. Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер тізімі
Аннотация
Бұл жұмыста оқушы қазіргі таңдағы ең өзекті тақырыпты қозғап отыр, нақтырақ айтқанда, дұрыс тамақтану, оның адамның денсаулығына әсері жөнінде. Ең маңыздысы – жылтырақ қағазға оралған немесе теледидардан көрсетіліп жатқан жарнаманы көріп өз жасына, өмірлік тәжірибесінің жоқтығына қарамастан,сол өнімдерді пайдалы деп санайтын балалар мен оқушылардың денсаулығы. Олар өз жұмысында балалар түгілі ересектер де назар аудара бермейтін немесе жай ғана не жазылғанын түсінбейтін өнімнің сыртқы бетінде көрсетілетін зиянды қоспаларға жеке тоқталып өтеді.
Сауатты тұтынушыны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселе. Не жеп жатқанымызға назар аудару. Бұл қызықты да мазмұнды жұмыс осы басты тақырыптарға арналған.
Аннотация
В данной работе ученицы поднимает очень актуальную тему на сегодняшний день, а именно правильное питание, его влияние на здоровье человека. Что особенно важно – здоровье детей, школьников, которые видя блестящую обёртку или яркие рекламные ролики по телевизору, считают эти продукты полезными, в силу своего возраста и отсутствия жизненного опыта. В своей работе они подробно останавливается на вредных добавках, которые, если и указываются на этикетках, то так, что не только дети, но и взрослые не обращают на них внимания или просто не понимают, что там написано.
Воспитание грамотного потребителя – главная задача на сегодняшний день. Обращать внимание на то, что мы едим. Вот эти главные темы, которым посвящена эта интересная, содержательная работа.
І. Кіріспе
Әрбір адам ағзаның дұрыс әрекет етуі үшін тағамның маңызды екенін біледі. Адам ағзасында өмір бойы үздіксіз зат айналысы мен қуат айналысы жүреді. Ағзаға қажетті құрылыс материалдары мен қуат көзі болып сыртқы ортадан негізінен тағам түрінде келіп түсетін нәрлі заттар табылады. Егер ағзаға тағам түспесе, адамның қарны ашады. Өкінішке орай аштық адамға қандай және қанша көлемде нәрлі заттар қажет екендігін білдіре алмайды. Біз көбінесе тәтті, тез дайындауға болатын тағамдарды пайдаланамыз да, сол пайдаланып жатқан азық-түліктің пайдалылығы мен сапалылығына мән бере бермейміз. Дәрігерлердің айтуынша, дұрыс сапалы тамақтану – ересек ағзаның денсаулығы мен жоғары жұмысқабілеттігін сақтауға мүмкіндік берсе, балалардың өсуі мен дамуына ықпал етеді.Ағзаның дұрыс өсуі, дамуы мен өмір сүруі үшін белгілі мөлшерде ақуыз, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен минералды тұздар қажет. Дұрыс тамақтанбау жүрек, ас қорыту органдарының, зат айналысының бұзылуымен байланысты аурулардың пайда болуының басты себепшісі болып табылады.
- Негізгі бөлім
- Денсаулық – біздің болашағымыз
Қазіргі таңда басты назарды өзіннің тамақтануына аудару қажет, себебі ол салауатты өмір салтының басты шарты болып табылады. Нарықта жасөспірімнің денсаулығына зиян келтіретін көптеген азық-түліктер толып жатыр, әсіресе оқушылардың ағзасына салмақ түскен уақытта. Сондықтан мектеп өмірінің осы кезеңінде өз тамақтануынды дұрыс ұйымдастыру қажет.
Тамақтану маңызды рөл атқарады:
Адамның физикалық және психологиялық денсаулығын қолдауда;
Дұрыс эмоциялық жағдайды қамтамасыз етуде.
Тамаққа қатысты жағдайда біз үшін маңыздырағы:
Дәмді — дәмсіз
Әрлі — әрсіз
Пайдалы – зиян
Дұрыс тамақтану мыналарды қамтамасыз етуге қажет:
Қалыпты қан айналысын
Ағзаның ауруларға қарсы тұруын
Жоғары жұмысқабілеттілікті
Қалыпты көру қызметін
Қалыпты жыныстық дамуын
Тері бетінің қалыпты жағдайын.
Тамақтанудың денсаулыққа әсері.
Тамақтану режімінің бұзылуы ағзаның көптеген органдары мен жүйесіне кері әсерін тигізеді.
Сирек тамақтану: тәбет қоздырады; қалқанша безінің функцияларын қанайды; возбуждают аппетит; угнетают функцию щитовидной железы; өттің қабынуын тудырады.
Майдың артықшылығы: зиянды аурулардың пайда болуына; артериалды қысымның жоғарылауына; атеросклероздың туындауына; өт жолдарының ауруына алып келеді.
Ас тұзының артықшылығы: асқазан тамырлары мен қабыршағын бұзады; гипертония ауруларының дамуына алып келеді..
Тағамның құрамында дәрумендер мен микроэлементтердің жетіспеушілігі зат айналысының бұзылуына алып келеді.
- Біздің сүйікті тағамдар
Біз не жейміз.
Чипсылар мен қытырлақ нандарға дәмдік қасиет беру үшін әртүрлі хош иістендіргіштер қолданылады. Сондықтан да тұтынушының таңдауына қарай чипсылар мен қытырлақ нандардың түр-түрі жетіп жатыр.
Ешқандай қоспасыз табиғи чипсылар да болады, бірақ статистика бойынша көбі қоспасы барын: ірімшік, бекон, саңырауқұлақ, уылдырық қосылғанын таңдайды. Қазіргі таңда чипсыда расында ешқандай уылдырық жоқ, оның дәмі мен иісіне хош иістендіргіштер арқылы қол жеткізгенін айтудың да қажеті жоқ шығар. Көбінесе чипсылардың дәмі жасанды болып келеді. Бұған көз жеткізу үшін чипсылар мен қытырлақ нандардың құрамында кездесетін өзіңізге таныс «Е» әрпінен байқауға болады. Ал егер де чипсыды өртеп көрсеңіз, оның құрамында көп мөлшерде май болатынына көз жеткізесіз.
Бір пакет чипсыдың энергетикалық құндылығы шамамен – 550 ккал болса, бұған ол құрамындағы майдың есебінен қол жеткізеді. Чипсыдың құрамында дәрумендер мен минералды заттар мүлдем болмайды. Чипсы қатты шөлдетіп, ісіндіреді және қалыпты рациондағы калорияңызды жояды.
Чипсыларға қосылатын зиянды дәмдеуіш қоспалар.
Мұндай чипсылардың дәмі картоп дәміне мүлдем ұқсамайды, оған көмекке дәмқосарлар мен дәмдеуіш қоспалар, негізінен – натрий глутаматы келеді. Натрий глутаматтың ең дәмсіз деген тағамды оның нақты құндылығын ұмытып тағы да жегіңіз келтіретіндей қасиеті бар. Чипсы дайындау үшін кәдімгі картопты пайдаланатын да өндірушілер бар. Алайда көбінесе генды өзгеріске ұшыраған картопты таңдайды, себебі оның түйнегі ірі, тегіс, әрі бұзылмаған болады – оған зиянкестер тиіспейді. Мұндай картопты да сол арзан майға қуырады.
Акриламид – ең қауіпті канцероген, егер де майды дұрыс таңдамай, табаны қатты қыздырып жіберсе үй жағдайында да пайда болады. Бірнеше жыл бұрын чипсыдың құрамында акриламидтың туысы глицедамид табылған болатын, ол ісіктің пайда болуына әсер етіп қоймай, ДНҚ да өзгеріске ұшыратады.
Түрлі түсті попкорн
Бір қарағанда, жүгері қауіпсіз әрі пайдалы, себебі оның құрамында В тобының дәрумендері бар. Тек оның құрамында әртүрлі жасанды қоспалар мен әрлегіштер болмаса. 6 жастағы балаға анда-санда дәмдік қоспасыз попкорн сатып алып беруге болады. Оған дейінгі жастағы балаларға беруге тиым салынады, себебі оның құрамындағы клетчатканың есебінен бүлдіршіннің асқазаны қорытпайды.
Зиянды тағам қоспасының кодтары:
- Тиым салынғандар-Е103,Е105,Е111,Е121,Е123,Е125,Е126,Е130,Е152.
- Қауіптілер-Е102,Е110,Е120,Е124,Е127.
- Күмәнділер-Е104,Е122,Е141,Е150,Е171,Е173,
- Е180,Е241,Е477.
- Ісік тудыратындар- Е131,Е210-217,Е240,Е330.
- Ішек ауруларын тудыратындар -Е221-226.
- Теріге зияндылар -Е230-232,Е239
- Қысымның өзгерісін тудыратындар -Е250,Е251.
- Бөртпенің пайда болуына әсер ететіндер -Е311,Е312.
- Холестеринді жоғарылататындар -Е320,Е321.
- Асқазан ауруын тудыратындар -Е338- 341,Е407,Е450,Е461-466
Сіз әлі де арзан гидрогенизирленген майға пісірілген, «тағамдық қоспалар» деп аталатын көп мөлшердегі химикаттар қосылған және де канцероген мен акриламидтен тұратын чипсы мен кептірілген нанды жегіңіз келеді ме.
3.Зерттеу бөлімі
Майға қуырылған картоп өз бетінше пайдалы тағам емес. Чипстерде табиғи ештеңе қалмайды: тек канцерогендер, май, ароматизаторлар мен дәмдеуіштер. Чипстерді күнделікті тұтыну онкологиялық аурулардың пайда болуына, сонымен қатар салмақ қосуына әкеледі.
Майға қуырылған картопты жағып қараған кезде майдың сапасының төмен болуына байланысты жанып, қара болып күйді. Сонымен қатар құрамындағы крахмалдың бар екенін дәлелдеу мақсатында оны йодпен тексердік. Сол кезде майға қуырылған картоп көк түске боялды.
ІІІ. Қорытынды
Қазіргі таңда балалардың денсаулығының жағдайы 20-30 жыл бұрынғымен салыстырғанда тым шамалы. Ата-аналар болса бұны байқамайды, олар да 20 жыл бұрын бала болатын. 30 жыл бұрын балаларда диатез, аллергия, нейродермит сияқты аурулар мүлдем кездеспейтін. Созылмалы ауруға шалдыққан балалар өте аз болатын: балалар ауырып, түгел сауығып шығатын. Қазір болса мүлдем басқаша. 1-і сыныпқа барған балалардың 15-20 % ауруға шалдыққан болса, 11 сыныпты бітірген кезде 94% созылмалы аурумен ауыратын болып шығады. Аурудың тууы мен қалыптасуы дәл осы мектеп кезінде пайда болады. Оқушылардың 60 % –лямблиилер.
80%-ның қан құрамы шамалы: гемоглобины төмен.
50 % балаларда жәй қабынулар — гастрит, пиелонефрит және т.б.
40 % -да тағамға аллергиясы бар.
40 % балаларда бронх-өкпе жүйесі төмендеген.
90 % балалар эндемикалық зобқа шалдыққан – қалқанша безінің дұрыс жасамауынан.
Орташа есептегі мектеп оқушысының денсаулығын елестетсек. Қоректі заттарды сіңірместен, дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігіне ұшыраған бала ата-анасына қарағанда 3-4 есе токсиндермен уланған, сондай-ақ мембралды-ұлпалы деңгейдегі әлсіздігі бар. Нәтижесінде, күрделі иммундық дефицитке шалдыққан бала әртүрлі инфекциялық ауруларға ұшырағыш болып келеді.
Өз денсаулығына қандай қарым—қатынас жасау керек деген сұрақ туындайды?
Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау дегеніміз:
- денсаулыққа бағалы нәрсе ретінде қарау;
- өз-өзіне дені сау адам ретінде қарау;
- денсаулықтан айырылып қалу мүмкіндігіне алаңдау;
- денсаулықты сақтау мен нығайтуға көмектесетін мәліметтерді пайдалану
- салауатты өмір салтын жүргізетін нақты әдеттерді қалыптастыру
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Валеология: Денсаулық және өмірлік дағдылар. Алматы; 2004.
- Айболит газеті, Москва. 2010. №5, 6.
- Биология в школе: журн. (Текст) 2004. — №2, 7.
- Интернет-ресурс. – Режим доступа: festival@1september.ru
- Аргументы и факты: газет №12, 25 2009.