Бастауыш қызметін ұғындыру

Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмыстары.

Білімділік мақсаты:  Өткен сабақты пысықтау барысында бастауыш  қызметін ұғындыру, бастауыш мүшесіне жаттығу жұмыстарын орындату.

Тәрбиелік мақсаты:  Адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, алғырлыққа, шапшаңдыққа баулу.

Дамытушылық мақсаты: Өз бетімен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру, ақылын, ойын дамыту, зейінін тұрақтату.

Сабақтың түрі: сайыс-сабақ.

Сабақтың типі: қайталау сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, еңбекке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, жетондар.

Сабақтың жүрісі:

                                       1.Ұйымдастыру бөлімі

-Құрметті қонақтар, сайыс мүшелері!

Кең байтақ Қазақстан жерінің бір түкпірінде орналасқан берекелі Бейнеудің  Бейнеу гимазиясында өткелі отырған «Намыс дода-2007» сайыс сабағына қош келдіңіздер! Алдарыңызда «Намыс дода»  сайыс-сабағына қатысушы  жеңістен үміткерлер – ел болашағы деп таныңыздар.

Сайысты жүргізуші мен Тастайбекова Гүлназ Самиголлақызы. Көпшілігіңізге мәлім бүгінгі сайыс – сабағымыз ерекше болмақ. Олай дейтінім, осы жарыстың өтуіне ат салысып, алыстан ат терлетіп  келген қонақтарымыз да арамызда.

Сондықтан да: Намысы қозбайтұғын қазақ бар ма,

Әділдік пен ақиқат тұрған шақта,

-дей отырып, сайыс сабағымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін:

 1- бөлім Үй жұмысын тексеру. (154)

 2- бөлім Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу(155)

 3- бөлім Кітаппен жұмыс. Бастауыш мүшесін табу.(156)

4- бөлім « Кім шапшаң» ойыны(158)

5-бөлім «Шабытты шәкірт» шығармашылық жұмыстар байқауы.(159)

6-бөлім  Қорыту

7-бөлім Бағалау

Сайысымызды бастамас бұрын әріпті жұмбақты шешу арқылы топ аттарын тауып алайық:

Ана да  жоқ.

Әке де  бар.

Әже де жоқ

Көкеде бар.

(К)

Жүз де бар,

Мың да жоқ.

Түз де бар,

Сыртта жоқ.

(Ү)

Қазы да бар

                                   Қарта да жоқ.

Жаз да бар,

Жал да жоқ.

(З)

К – дегенім                       күштілер      ғой     керекті,

Ү – дегенім                       үздіктер       ғой      үлгілі,

З – дегенім                        зерделілер       зеректі.

Әр жұмысты орындап болған оқушыға тур соңында топқа ортақ жетон беріліп отырылады. «Бірлік болмай, тірлік болмас» , « Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деп намысқа тырысып жұмыстанайық.

                           1 бөлім. Үй жұмысын тексеру.

Үйге тапсырма 154-жаттығу. Бастауышты табу

1ші сөйлемнен 1 топ (үй)

2ші сөйлемнен  2 топ (жұрт)

3ші сөйлемнен  3  топ ( ерулік).

Әр сөз айтқанға жетон беремін.

Толықтыруға бастауыш ережесін қосып айту.

                              2 бөлім.    Негізгі  бөлім.

Жаңа сабақ    2 бөлімді бастамас бұрын.

Дәптермен жұмыс жасаймыз.

Дәптер жинау, тарату.

     Мақсатымыз жаңа сабақпен танысамыз. Бастауыш мүшесіне  жаттығу жұмыстарын жүргіземіз.  Кітаппен жұмыс жасаймыз.  Ойындар ойнаймыз.

Күннің жадын  жазамыз.

Тақтада                        Қарашаның жиырма бірі.

Көркем жазу.

Намыс,  қамыс,  тығыз,  қымыз,   тығыз

Ерді намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?

-Не айтасындар?

Кітаппен жұмыс. 155.  Жұмбақты шешуін табайық.

Дала тегіс сарғайды.

Шаруа қысқа қамданды,

Күн қысқара бастады.

Тауға  тұңғыш қар жауды.

1 топ. Бірінші сөйлемнен  бастауышты табу.(дала)

2 топ. Екінші сөйлемнен бастауышты табу. (шаруа)

-Шаруа дегеніміз кім болуы мүмкін?  -Кім қалай түсінеді?

3 топ. Үшінші сөйлемнен  бастауышты табу.(күн)

Төртінші сөйлемнен бастауышты табу.(қар)

-Балалар , осы күзде біздің Бейнеуде тұңғыш қар қашан жауған еді?

-Кім айтады?

-Балалар, күз мезгілі Елордамыз  Астанада   қандай   екен? Қарайықшы.

-Қандай  табиғат құбылысы болып тұр екен?  Интернет  арқылы   (интерактивті тақтадан  көрсету)

(Астананың  салқын күні)

(Астанада жиналып  жатқан  астықты  алқап)

3 бөлім бастамас бұрын  үй жұмысын  жазып  алайық.

Үйге  157-жаттығу

-Сұрақтарға  бағанның оң   жағындағы  сөздерді   пайдаланып  жауап беру.

— Комбайн, соқа, дән сепкіш сөздерді  пайдаланып жауап беру.

Ал енді 3 бөлім бастайық.

                                        3-бөлім   Кітаппен  жұмыс. 

1 топ 1 сөйлемді дәптерге орындайды. Топтың бір мүшесі келіп тақтаға шығып жазады.

Слайд.                   1 топ                      … үйді тазалады.

2 топ.                    Үйдің …. тазарды.

3 топ                      Содан соң ….  далаға шықтық.

Керекті сөздер: ауасы терең, Тоғжан, екеуміз.

-Әр қатар өздерінің сөйлемін тақтаға орындайды.

-Дұрыс орындаған оқушыға жетон беріледі.

4 бөлім.    «Кім  шапшаң» ойыны.

-Берілген суреттің егізін тез тауып астындағы жасырын сөзді табамыз.

Слайд.

-Кім тез табады екен?

-Әр топтан қолын көтеріп 1 мүшесі шығып   кезек бойынша тез табу керек.  Тұрып   қалған   болса, ол топтан  өтіп кетеміз де,  жауап берген топқа жетонын береміз.

-Жасырын сөз мақал екен.

-Кім қалай түсінеді?

-Өте жақсы. Тез жаттап аламыз.

-Енді жатқа жазамыз.

1- топ – оқиды.

2- топ-бастауыш табады..

3-топ- сұрағын қойсын.

5 бөлімге кезек келді.

5 бөлім.  «ШАБЫТТЫ ШӘКІРТ»

Шығармашылық жұмыс байқауы.

  • Балалар, 5 бөлімнің тапсырмасы:

1-топ.  Суретке қарап  отырып 3-4 сөйлемнен  тұратын  әңгіме  құрау.

2-топ.  Суреттің  мазмұнына  орай  5  жол стратегиясы  бойынша  бір  өлең

құрау.

3- топ. Суреттің  мазмұнына  қатысты   мақалдар   айту.

Сайысымыз өз мәресіне жетіп қалды.

                                      6-бөлім.   Қорыту

-Бүгінгі сайысымызда қандай жұмыстар жүргіздік?

-Не істедік?

-Өте жақсы. Жетонымызды санайық.

                                   7-бөлім.       Бағалау.

-Сайыста ………………. топ   орын   алды.

Құттықтаймыз!

Сонымен «қыстың қамын жаз ойла»  дегендей  ертеңгі күні  үшін тірлік   етіп  үлкен де,   кіші де   еңбек етеді.  Сабағымыздың қорытынды сы ретінде мына өлең жолдарымен  аяқтайық:

Өрнек өрсең терлеп.

Мұның аты  …………

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты ………….

Қиындықтың бәрін

…. ……… қана жеңбек.

Көп-көп рахмет!

Білім мен еңбекті   жолдас  етер  намысты   ұл-қыздарымыз  көбейсін!

Сабағымыз аяқталды

  Сау болыныздар!