Жазғытұрым. І.Жансүгіров
Сабақтың тақырыбы : Жазғытұрым. І.Жансүгіров
Мақсаты: Білімділік:Оқушылардың төрт мезгіл қыс, көктем, жаз, күз туралы түсініктерін кеңейте отырып, әр жыл мезгілінің маусымдық өзгерістері жайлы әңгімелеп айтуға үйрету. Дамытушылық: Жаңа сабақ арқылы өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге,байланыстырып сөйлеуін,ойлауын дамыту.Ізденуге ықпал ету. Тәрбиелік :Өлең арқылы еңбексүйгіштікке баулу,табиғатты қорғауға,сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі : аралас сабақ. Сабақтың әдісі:ой -тастау,түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қорыту,эссе. Сабақтың көрнекілігі:жұмбақтар,суреттер,гүлдер,сөзжұмбақ,интерактивті тақта.
Сабақтың барысы :
І . Ұйымдастыру бөлімі.2-слайд.Психологиялық дайындық. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық достарым, Арайлап атқан әр күнге! 3-слайд.Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу:1-топ:Қыс,2-топ:Жаз,3-топ:Күз.
б) топ басшысын сайлау
в) әр топ жыл мезгілдері туралы тақпақтар айтады.Жыл мезгілдеріндегі өзгерістерді әңгімелейді.(Оқушыларды жұлдызшамен бағаладым)
ІІ.Өткен сабақты пысықтау:4-слайд. «Мұстафа Шоқай кім еді?» мәтінін сұрау.Сұрақтар беріп, жауап алу.
ІІІ.Жаңа сабақ:5-слайд.Мұғалімнің кіріспе сөзі.а)хабарлау.ә)түсіндіру. Жұмбақ шешу: Қар кетіп,қыр көгерді, Құс қиқуы көбейді. Жерге диқан дән сеуіп, Қорадан жас төл өрді. Бұл қай кезде болады?(көктем)
Көктем |
ІV. Топтастыру әдісі.6-слайд.
7-слайд.І.Жансүгіров-ақын,сөз зергері.Ол жас күнінен ән мен күйге,өлең мен жырға құмар болып өседі.Ақын Талдықорған обл,Ақсу ауданында дүниеге келген.
8-слайд.Мағынаны тану:Жазғытұры-көктем кезі,сондықтан да көктемді жазғытұры деп атайды. ІV.Оқулықпен жұмыс:9-слайд.Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды. Сұрақ:Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? а) Іштей оқыту. ә)Мәнерлеп оқыту. V.Топтық жұмыс:10-слайд. 1-топ:Өлең мазмұнына сәйкес сурет сал. 2-топ: «Көктем» тақырыбына эссе жаз. 3-топ: «Шатасқан шумақтар»ойыны арқылы төрт жол өлең құрастыр. Тырна келді тыраулап, Тіліп өтті аспанды. Қаздар келді жүр ойнап, Көктем айы басталды.
VІ.Сөзжұмбақ шешу:11-слайд. «Жазғытұры»
VІІ.Сабақты бекіту: 12-слайд.« Қызғалдақтар теру»ойыны:Оқушылар қызғалдақтар артындағы сұрақтарға жауап береді. Жұлдызшаларды санап,қай топ жеңіске жеткенін хабарлау.
VІІ.Үйге тапсырма.13-слайд.Өлеңді жаттап ал.
ІХ.Бағалау.14-слайд.