Түбірлес сөздер 52-58 жаттығу
Қазақ тілі | 3 «ә» сынып Күні: | |
Сабақтың тақырыбы | Түбірлес сөздер 52-58 жаттығу | |
Сілтеме | Жоспар. Қазақ тілі оқулығы. «Атамұра». Қазақ тілі оқыту әдістемесі. Интернет желісі | |
Жалпы мақсаты | Оқушылар түбірлес сөздер жайында берілген түсінікті кеңейтеді, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауға, сөйлеу тілін дамытуға; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді. | |
Күтілетін нәтиже | Жаттығу жұмысын орындау барысында түбірлес сөздерді ажырата алады. | |
Негізгі идеялар | Түбір сөздерден түбірлес сөздер жасауға машықтанады. | |
Тапсырмалар | «Ережелер алаңы» сұрақ – жауап, «Мағынаны тану», «Ой қозғау», «Тездет, бірақ қателеспе», «Ауызша» болжау әдісі, «Анықтама» әдісі, Венн диаграммасы, «Кубизм» әдісі. | |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды 3топқа бөлу. Ітоп «Түбір», ІІ топ «Жалғау», ІІІ топ «Жұрнақ» . «Ережелер алаңы»сұрақ-жауап әдісі ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру 51-жаттығу. Түбірлес сөздерді теріп жазу, мағынасын түсіндіру: өнер, өнерпаз, өнерлі. Неліктен бұл сөздерді түбірлес сөздер деп атаймыз? Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 52-жаттығу. Нұрхан Жанаевтың өлеңін оқу, жаттау, жазу, түбірлес сөздердің астын сызу. Тасты жонып қашаған, Әсем мүсін жасаған. Мүсінші аға өнерін Өте жақсы көремін. 53-жаттығу. Әңгімені түсініп оқу, мазмұнын айту. Түбірлес сөздерді табу, басқа түбірлес сөздермен толықтыру: ән, әнші. 54-жаттығу.Жұппен жұмыс. Оқушылар бір-бірімен түбірлес сөздер айта отырып жарысады.Мысалы: білім, білімді, білгіш; сый, сыйлы, сыйлық; сән, сәнгер, сәйқой. 55-жаттығу. Артық сөзді табу: 1. Еңбек, еңбекқор, бейнетқор, еңбекші, еңбектен. 2.Тәрбие, тәрбиеші, тәлімгер, тәрбиелі, тәрбиеле. Неліктен сол сөздерді артық деп есептейсің? Ол сөздердің мағыналары бір-біріне жақын ба? Білгішбектің айтқанын оқу, түсіну, есте сақтау. ҮІ.Бекіту:57-жаттығу. Сызбамен жұмыс. Сызбаға сүйене отырып, шаңғышы сөзінің қалай жасалғандығын түсіндіру. Шаңғы – түбір, шы – жұрнақ.
а) оқулықпен жұмыс. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.
Тірек сызба бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтай түсу. VІІ. Рефлексия. Кері байланыс Не ұнады? Не қиын болды? Ұсыныс, тілегің? Оқушыларды бағалау. Топ жетекшісінің бағалауы, «Мен түйген ой» өзін – өзі бағалау, авторды бағалау, «Бағдаршам» арқылы бағалау | ||
Кейінгі тапсырмалар | 58-жаттығу. Ереже жаттау | |