Көрсеткіштік теңдеу. Теңдеу түрлері
Жамбыл облысы.
Қордай ауданы.
Қайнар ауылы.
№32 В.В.Маяковский атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Отеубаева Жанар Абдибаевна
11-алгебра және анализ бастамалары
Сабақ №57-1
Күні: 28.01.2015 ж
Тақырыбы | §11. Көрсеткіштік теңдеу. Теңдеу түрлері
| ||
Сілтеме | Алгебра 11- сынып, слайд «көрсеткіштік теңдеу»,электронды оқулық | ||
Жалпы мақсаты | 1.Оқушыларға көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйесімен танысып, көрсеткіштік теңдеулерді шешудің тәсілдерімен таныстыру 2.Көрсеткіштік теңдеулерді шешу тәсілдерін меңгерту 3.Көрсеткіштік теңдеулерді шешу арқылы түбірін,бөгде түбірін таба білуге тәрбиелеу.
| ||
Міндеттер
| Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету. Күнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырата білу | ||
Мұғалім үшін оқу нәтижелері | Оқуға бағыт-бағдар беру; Топта жұмыс істеу арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу; Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау | ||
Әдіс- тәсілдер | Жұпта жұмыс істеу, сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі бағалау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, қорыту, деңгейлеп саралап оқыту | ||
Сабақтың түрі | Аралас сабақ | ||
Сабақтың көрнекілігі | тақырыпқа сай слайдтар, видеокамера, үлестірме парақтар, бағалау парағы, Е-кітапхана №1015, электрондық оқулық | ||
Күтілетін нәтиже | Формулаларды есептеу жұмыстарында пайдалануды үйренеді; Күнделікті қоршаған ортадан мысалдар келтіреді және мәндерін ажырата білуге дағдыланады | ||
Дарынды,үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс | Дарынды оқушымен жұмыс. Ашықбаева Г,Жұмахан Н Есептеңдер. 5х+1 =625 Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс:Досымова Р,Айтжан Ж,Орынтаева Ж Есептеңдер 5х =625
| ||
Сабақ кезеңдері Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | бағалау |
Сабақтың басталуын ұйымдастыру 5 мин | Психологиялық көңіл-күйді реттеу. Мақсаты: жағымды эмоция орнату. Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар. Оқушыларды ң сабақққа қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.
| Оқушылар сәлемдеседі Оқушылар тақтада орындайды | Жақсы, жарайсыңдар |
БІЛУ Қажетті өткен тақырыпты қайталау
5 мин | §14.Логарифмдік, оның қасиеттері және графигі .№224-4 №225-4
| Үй тапсырмасына берілген тапсырманы айтады. Топтағы оқушылар бір-бірінің дәптерлеріндегі үй жұмысын тексеріп бір-бірлеріне баға қояды Үй-жұмысын тексеру. §14.Логарифмдік, оның қасиеттері және графигі .№224-4 №225-4 Оқушылар мұғалімнің қойылған сұрақтарына жауап беріп сабақ тақырыбын,мақсатын ашады. | |
Түсіну. 10 мин | Анықтама: Айнымалысы дәреженің көрсеткішінде болатын теңдеуді көрсеткіштік теңдеу деп аталады. Көрсеткіштік теңдеу екі тәсілмен шығарылады: 1) Бірдей негізге келтіру; 2) Жаңа айнымалы енгізу тәсілі. Бірдей негізге келтіру тәсілімен көрсеткіштік теңдеулерді шығару үшін келесі алгоритам қолданылады: теңдеудің екі жақ бөлігін де бірдей негізгі келтіру; теңдеудің сол жақ бөлігіндегі дәреженің көрсеткішін оң жақ бөлігіндегі дәреже көрстекішіне теңестіріп, алгебралық теңдеу алу; шыққан теңдеуді шешу; табылған түбірлерді берілген теңдеуге қойып, тексеру; Берілген теңдеудің шешімін жазу, Жаңа айнымалы енгізу тәсілімен көрсеткіштік теңдеулерді шығару үшін келесі алгоритмі қолданылады: Айнымалыларды жаңа айнымалымен ауыстыру арқылы алгебралық теңдеу алу; шыққан теңдеуді шешу; алгебралық теңдеудің табылған түбірлерін алмастырылған теңдікке қойып, алғашқы айнымалының мәндерін анықтау;; табылған мәндердің берілген теңдеуді қанағаттандыратынын тексеру Берілген теңдеудің шешімін жазу,
| Оқушылар түсінбеген сұрақтары болса қояды. | Бесбұрыш,төртбұрыш,үшбұрышпен бағалау |
Қолдану Есептер шығару 10 мин | №165 5х =625 3) 3х =729 5х =54 3х =35 Х=4 Х=5 жауабы: 4 жауабы: 5
| Әр топтан жауап береді.Топпен бірігіп жұмыс жасайды.топтар бір-біріне көмектеседі.Тақатаға оқушы шығып есепті орындайды.
| Жарайсыңдар! Смайликтермен,бесбұрышш төртбұрышш үшбұрышпен бағалау |
Талдау 5 мин | №166 1)2х+3=64 2х+3=24 X+3=4 X=4-3 X=1 жауабы:X=1 | Оқушылар мәтінмен танысып теңдеу құру арқылы тақтада орындайды
| Жарайсыңдар! Смайликтермен,бесбұрышш төртбұрышш үшбұрышпен бағаау |
Жинақтау E-Learning. Е-кітапхана №1015 5 мин | Оқушы компьютерде E-Learning кітапханасынан. Е-кітапхана №1015есепті компьютерде орындайды | Жарайсыңдар! Смайликтермен қошеметтеу | |
Бағалау 3 мин Рефлексия 2 мин | Оқушылардың жауап беру бойынша білімдерін бағалау.Үйге§11. Көрсеткіштік теңдеу. Теңдеу түрлері.№165-2.4 №166-2 №169-2
|